жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» (тренинг)
«Талды негізгі мектеп»КММ
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»
(тренинг)
Дайындаған:Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Омарбаева Арайлым Аманжоловна
2020жыл
Тренинг тақырыбы:
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»
Мақсаты:Ұстаздардың позитивті көңіл күйін көтеру,жүйке жүйесін демалдыру,бір біріне деген адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру,ситуациядан шыға білуге және өзін өзі танып әрдайым көтеріңкі көңіл күйде жүруге баулу.
Тренинг сабақ құрылымы:
Психологиялық ахуал
Топқа бөліну (Абай әндері бойынша)
«Мен қандай адаммын?»Күнтізбе бойынша «келісемін,келіспеймін»әдісі
«Ой мен ойын» жаттығуы
«Сурет таңдау»Психологиялық мінездеме
«Білімділік, тапқырлық» жаттығуы
«Жалғасын тап» жаттығуы мағынасын түсіндіру
Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы
Тренинг барысы:
Сәлеметсіздер ме әріптестер!Бүгінгі өткізілетін «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбында өтетін тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!Бүгін сіздердің психикалық көңіл күйлеріңізді көтеруге, бір біріңізді бағалай білуге, өз өзіңізге құрметпен қарауға,бір бірімізді сыйластық қарым қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын
Топтағы қағида
Белсенділікті арттыру
Бірігіп жұмыс істеу
Бірбіріне кедергі келтірмеу
Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
Өзіңе пайдалы нәрсені алу
Әріптестермен жақсы қарым қатынаста болу
Өзін еркін ұстауға үйрену
1.Психологиялық ахуал
Ұстаздарға стикер қағаз таратылып беріледі.Аудиторияда отырған өзіне жақын жақсы көретін бір адмның есімін жазады.Келесі бетіне сол адамның жақсы қасиеттерін немесе жасаған жақсылығын жазады.
2.Топқа бөліну (Абай әндері бойынша)
Жиналған ұстаздар Абай Құнанбаев әні жазылған парақшаларды таңдап алу арқылы топқа бөлінеді.Әр топ өздеріне берілген әнді орындайды.Әкімшілік мүшелері қай топ белсенді қатысып отырғанын бағалайды.
3.«Мен қандай адаммын?»Күнтізбе бойынша «келісемін,келіспеймін»әдісі
Адамда туа бітті болатын тума мінез және жүре келе қалыптасатын жұқпа мінез болады. Аптаның қай күні туғанына байланысты баланың мінезі деәртүрлі қалыптасады.
Қаншалықты шындыққа жанасады ұстаздар өз ойларымен бөліседі.
4.«Ой мен ойын» жаттығуы
Екі топ әріпті таңдайды «Ә», «Т»
Әдемі Әшекей Әліппе Әткеншек Әжім
|
Тарақ Тауық Телефон Торт теледидар |
Топтан төрт қатысушы шығады, бір қатысушы экранда берілген сөзді айтпай бейнелеу арқылы түсіндіреді.кезекпен кезек айтылған сөзді тізіп айтып шығады.қатысушыларға 2минут уақыт беріледі.
Әкімшілік мүшелері қай топ белсенді қатысып отырғанын бағалайды.
5.«Сурет таңдау»Психологиялық мінездеме қаншалықты шындыққа жанасады.
Қыздар «үйдің»суретін таңдайды
|
|
6.«Білімділік, тапқырлық» жаттығуы
«Абай Құнанбаевтың 175жылдық мерей тойына» байланысты (Абай өлеңдерінің тақырыбын қазақша жазып отырмын ба десем ағылшынша әріптер басылып кетіпті)
Vty34 cshsv6 ;3u3nnth6 tvtc j4fq (Меніңсырым,жігіттер,емес оңай)
Rt4 ;fqkfe - ;fk5sp ,tc3r ;fc ,fkf5f (Кең жайлау-жалғыз бесік жас балаға)
)shfy ,8hr3n yt fkvfqls6 cfkcf ,fgnfg (Қыран бүркіт не алмайды,салса баптап)
0fhnfqls06 0fqhfn 0fqnns6 9k5fqls fhvfy(Қартайдық, қайрат қайтты,ұлғайды арман)
Y9hks fcgfy5f nshscsg –crtyc34 cty (Нұрлы аспанға тырысып өскансің сен)
Fcfe njq6 ntyntr ;bsy6jgsh-njgsh (Асау той,тентек жиын,опыр топыр)
;3u3nnth6jqsy fhpfy6r8kr3 0sv,fn (Жігіттер,ойын арзан,күлкі қымбат)
0f0nf5fy f0 r8v3cntq rt4 vf4lfqks (Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы)
2etklt ,3h ces0 v9p-f0sk pthtr (Әуелде бір суық мұз ақыл зерек)
;8htrnt r-g 0fpsyf ,fh6 ,2h3 ;f0cs (Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы)
,jksc ,jklsv v3ytrtq (Болыс болдым,мінекей)
Әр топтан бір қатысушы жауабын жазып әкімшілік мүшелерінің алдына әкеліп қояды.
Әкімшілік мүшелері қай топ белсенді қатысып отырғанын бағалайды.
7.«Жалғасын тап» әр топқа он мақалдың басы жазылған парақша таратылады,жалғасын тауып,мағынасын түсіндіруі керек
топқа
Мақалдың басы: |
жалғасы |
Сөйлей білмеген кісіден |
Үре білген ит артық |
Адамның құлқы түзелмей |
Өмірдің құлпы түзелмейді |
Наданмен дос болғанша |
Кітаппен дос бол |
Айырылмас досыңа |
Қайырылмас сөз айтпа |
Ат жақсысын мақта |
Адам жақсысын жақта |
Біреу жаныңа жолдас |
Біреу малыңа жолдас |
Темір сырын отта танытады |
Адам сырын жоқта танытады |
Ақылсыз атқа мінсе |
Атасын басып кете жаздайды |
Жаман болса алғаның |
Шын досың да шеттейді |
Жақсы тауып айтар |
Жаман қауып айтар |
топқа
Мақалдың басы: |
жалғасы |
Қазақтың ақылы көзінде |
Қасиеті сөзінде |
Екпей егін шықпас |
Үйренбей білім жұқпас |
Ғылыммен жақын болсаң қолың жетер |
Залыммен жақын болсаң,басың кетер |
Келіннің сөзі кетпендей |
Баланың сөзі батпандай |
Ақыл тозбайтын тон |
Білім таусылмайтын кен |
Ақыл дария |
Ой теңіз |
Киіміңе қарап қарсы алады |
Біліміңе қарап шығарып салады |
Әліппенің ар жағы |
Білім бағы |
Ұлттың жауы диуана |
Келіннің жауы кейуана |
Келіні жақсы үйдің |
Керегесі алтын |
8.Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы
«
Бүгінгі
_______________________________ұнады Мен
_________________________________түсіндім
Маған
_________________________қызықты немесе қызықсыз
болды.
топқа
Мақалдың басы: |
Жалғасын тап |
Сөйлей білмеген кісіден |
|
Адамның құлқы түзелмей |
|
Наданмен дос болғанша |
|
Айырылмас досыңа |
|
Ат жақсысын мақта |
|
Біреу жаныңа жолдас |
|
Темір сырын отта танытады |
|
Ақылсыз атқа мінсе |
|
Жаман болса алғаның |
|
Жақсы тауып айтар |
|
топқа
Мақалдың басы: |
Жалғасын тап |
Қазақтың ақылы көзінде |
|
Екпей егін шықпас |
|
Ғылыммен жақын болсаң қолың жетер |
|
Келіннің сөзі кетпендей |
|
Ақыл тозбайтын тон |
|
Ақыл дария |
|
Киіміңе қарап қарсы алады |
|
Әліппенің ар жағы |
|
Ұлттың жауы диуана |
|
Келіні жақсы үйдің |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген