400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Көңілі көтеріңкі ұстаздың өмірі мәнді

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне арналған психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, өмірі мәнді»
Мақсаты: Педагогтердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Тренинг сабақ құрылымы:
1. «Сәлем сөздің анасы»
2.«Менің мінезім» сурет әлемі.
3.«Қаламмен билейік» ойыны
4. «Іргеміз берік болсын» жаттығуы
5. «Допты тосып ал» тренинг-ойыны.
6. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу

  1. «Сәлем сөздің анасы»
    Мақсаты: Өзін еркін ұстау, ұжымға бейімделу,

айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

Шарты: Тренингке деген, көңіл-күйлерін көрсету. Есімдерінің бас әріпінен тұратын жақсы тілек айту арқылы . Бір-бірлерімен сәлемдесе отырып, ыстық ниеттерін көркем мінездерімен, сөздерімен жеткізу.

2. «Менің мінезім» сурет әлемі.
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
Жылан, Балық.

Жауабы:
1. Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3. Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- биөрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?

3. «Қаламмен билейік» ойыны
Шарты: Шеңбер болып, қаламды бір-бірлерінің саусақ ұшына қыстыра отырып, музыка әуеніне билеп, қаламды түсіріп алған педагог ойыннан шектетіледі. Ойын осылай жалғаса береді.

Талқылау:
3.Осы ойыннан алған әсерлері туралы қорытынды жасаңыз.

4. «Іргеміз берік болсын» жаттығуы


Мақсаты: Қатысушылардың көңіл күйін көтеру.Сенімділіктерін арттыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Шарты: Бір қатарға тұру, ақ қағазды бір бірлерімен біріктіре отырып, допты сырғыту. Допты түсірмей, бір-бірлеріне деген сенімдерінің берік болуын қалыптастыру.

5.«Допты тосып ал» ойыны.
Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне қалыптастыру.

Шарты:
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.Допты бастаушы лақтырады, допты тосып алған педагогтің екі жағындағы қатысушы бірдей отырып қалуы тиіс. Ойын осылай жалғаса береді. Дұрыс орындамаған қатысушы ойыннан шығады.

6. Қорытынды

«Күн шуағы» жаттығуы
Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату.
Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған күннің шуағы дайындалған. Күннің әр шуағында тапсырма бар.

1.Бүгінгі тренингтен алған әсерінен 2 шумақ өлең шығару.

2.Бүгінгі тренингтен алған әсерінен мақал -мәтел шығару.

3.Бүгінгі тренингтен алған әсерінен сурет салу.

4.Бүгінгі тренингтен алған әсерінен тілек айту

5.Бүгінгі тренингтен алған әсерінен қай ойын жаттығу ұнағанын айту. Әсерімен бөлісу.
 Бүгінгі «
Көңіл күйі көтеріңкі ұстаздың-өмірі мәнді» атты психологиялық тренинге қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 сәуір
138
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі