400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көңілі көтеріңкі ұстаздың,еңбегі де жемісті"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қостомар ауылының ОМ»ММ








Мұғалімдерге арналған тренинг



Тақырыбы:


«Көңілі көтеріңкі ұстаздың,еңбегі де жемісті»






Өткізген:педагог-психолог

Сұлтанова Ә.Ш.







2019-2020 оқу жылы



«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»


Мақсаты: Мұғалімдердің мінез-құлқын анықтау, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Тренинг сабақ құрылымы:
1
. «Таныс болайық»жаттығуы
2.
«Менің мінезім»әдістеме
3.
«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы
4.
«Қызықты оқиға» жаттығуы
5.
«Өзіңді білгің келсе»  жобалық тест
6.
«Жүректен жүрекке» жаттығуы

7. Рефлексия


Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.


Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену


  1. «Таныс болайық!» жаттығуы
    Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.Әркім өз атының бас әрпіне байланысты таныстыру.


  1. «Менің мінезім» әдістеме
    Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
    Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
    Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
    Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
    Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
    Жылан, Балық.
    Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.




Жауабы:
1. Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3.
Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- биөрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?


3. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: Мұғалімдерге қағаз  таратылады. Мұғалімдер әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында  өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

1.Мені жұрт .... деп ойлайды.

2.Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.

3.Дәл өзім  .....

4.Мен жұмыста.....

5.Жолдасыңыздың алдында.....

6.Негізі........


4. «Қызықты оқиға»
Мақсаты
:эмпатияны дамыту.
Нұсқаулық:«Сіздердің алдарыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет алуларыңыз қажет. Ол билеттерде «Жастық шақтан қызықты оқиға», «Балалық шақтан қызықты оқиға», «Ұстаздық кездегі қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.Талдау: Өздеріңізді қалай сезінудесіз?


5.«Өзіңді білгің келсе»  жобалық тест.

Мақсаты: мұғалімдер жобалық тест арқылы өздерінің  мінез- құлықтары мен  жекелік қасиеттерін біле алады.

Нұсқау:  А4  форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.

Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.

Сурет салу: тау, үй, ағаш, жол,сақина

Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.


Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.


Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа  соншалықты құмар.


Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.


Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Егер неке жүзігі болса мықты отбасыны білдіреді.


6.«Жүректен жүрекке» жаттығуы
Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату.
Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған стикерлер беріледі қатысушылар бір біріне өз тілектерін жазады.


Рефлексия

-Бүгінгі психологиялық тренингтен өзіңізге жақсы әсер алды деген сенімдемін!



Тренингке қатысқандарыңызға рахмет!


Сау болыңыздар!


 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі