400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Көңіліді қыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс ерекшеліктері (суық, аяз, қар жауу, жылы киіну) туралы білімдерін бекіту, нығайту. • Сақтық ережелерін орындап, ұқыпты болуға тәрбиелеу. • Қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы екінші сәбилер тобы үшін


Білім беру саласы:

Бөлімі: Қоршаған ортамане таныстыру.

Тақырыбы: «Көңіліді қыс»

Мақсаты: Қыс ерекшеліктері (суық, аяз, қар жауу, жылы киіну) туралы білімдерін бекіту, нығайту.

  • Сақтық ережелерін орындап, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.

Билингвальды компонент: қыс-зима, қар-снег, киім-одежда, жыл мезгілі-время года.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы, жылуымызды жан-жаққа беріп, жылулық шеңберінқұрып, келген қонақтарымызбен амандсайық.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң менің достым

Сәлем күн,

Сәлем аспан

Сәлем мейірімді қонақтар.




Сәлеметсіздер ме?







Жұмбақ жасыру.

Шанамен зырғып желетін

Коньки, жаңғы тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Ал енді осы жұмбақтың шешуін табыңдар.

Қыс мезгілі екенін қалай білдіңдер дәлелдеп беріңдер.

Жарайсыңдар дұрыс жауап бердіңдер.

Қыс мезгілінің белгілерін білесіңдер ме?

Осы белгілерді іс-қимылмен көрсетейікші.

Тамаша балалар.

Ал енді балалар қыс мезгілдерін атайықшы, қыс мезгілінде неше ай бар?

Дұрыс айтасыңдар хормен бірге айтамыз.

Желтоқсан – жылдың аяғы, қыстың басы ол суық ызғарлы.

Тоңбау үшін қыс мезгілінде қандай киім киеміз?

Ол қандай жылы киімдер?

Осы киімдерді іс-қимылмен көрсетеміз.

Дидактикалық ойын «не артық?»

Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер?

Жақсы, қыста ауа таза, сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнайсыңдар, денелерің шынығады.







Қыс мезгілі.

Шанамен ойнайды, шаңғы, коньки тебеді.


Күн суық болады, боран соғады. Қимылмен көрсетеді.

Үш ай желтоқсан, қаңтар, ақпан.




Жылы.

Құлақшын, тон, етік, қолғап.

Қимылмен көрсетіп киеді.


Қар лақтыру, шана, шаңғы тебу.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар ойын ойнағанда сақтық ережелерін ұмытпауларың керек. Ойын ойнағанда бір-біріне қарды бетке лақтыруға болмайды.

Сергіту сәті.

Аппақ қылып өңірді

Қар жауды, қар жауды.

Көңілді балалар

Қызығып секірді, секірді.

Орнымызға отырамыз.

Балалар қараңдаршы мына суретке ненің суреті бейнеленген?

Аққала неше бөліктен тұрады?

Бөліктерін атаңдаршы. Бөліктері бірдей ме? Әр түрлі ме?

Аққаланың бөліктері қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Аққала неден жасалған?

Қардың түсі қандай?

Қар сияқты не ақ болады?

Дұрыс айтасыңдар?

Қарды қолмызға ұстағанда қар не болып кетеді?

Қар суық па, жылы ма?

Қар сияқты не суық болды?

Қарды жеуге бола ма?

Бүгінгі сабағымызда аққаланы қағаздан жасап, оның бөліктерін дұрыс орналастырамыз.

Дайын аққаланың бейнесін жасаймыз.

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар.

Аққаламызға көп достар пайда болды. Ол енді күлімсіреп, көңілденіп тұр.

Тақпақ.





Тәрбиешімен бірге қайталайды.





Аққаланың суреті


Үш әр үрлі бөліктен: үлкен, орташа, кішкентай.


Дөңгелекке ұқсайды.


Қардан.

Ақ.

Сүт, айран, қаймақ, қымыз


Еріп кетеді.


Суық

Балмұздақ, мұз.

Болмайды.

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қандай жыл мезгілі туралы өттік?

Ауа-райы қандай болады?

Не жауады?

Қардың түсі қандай?

Сабақ аяқталды. Қонақтармен қоштасу.

Қыс мезгілі туралы.

Суық.

Қар жауады.

Ақ.


Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: қыс қызығы туралы әңгімелеуді.

Түсінеді: қыстың ерекшелігін.

Қолданады: табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық жасауды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі