жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Конгнитивті лингвистика
<question>Тілді қоғаммен, мәдениетпен, саясатпен, әдебиетпен, ойлау жүйесімен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің саласын Ф.де Соссюр қалай атады?
<variant> сыртқы лингвистика
<variant> ішкі лингвистика
<variant> паралингвистика
<variant> фразеология
<variant> лексикология
<question>ХХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің қайсысы тілдік элементтердің өзара байланысу амалдарын анықтады?
<variant> структуралық
<variant> социологиялық
<variant> психологиялық
<variant> универсалды
<variant> эстетикалық
<question>Америкалық этнолингвистиканың негізін қалаушылар
<variant> Э.Сепир, Б.Уроф
<variant> Ф.де Сосюр, В.фон Гумбольдт
<variant> Г.Шухардт, Г.Штейнталь
<variant> К.Фосслер, Б.Кроче
<variant> Л.Щерба, Е.Поливанов
<question>Тіл білімінде этнолингвистика негізін қалыптастырған теория қалай аталады?
<variant> Сепир-Уорф теориясы
<variant> антрополингвистика
<variant> этносемантика
<variant> этнопсихология негіздері
<variant> гумбольдшылдық
<question>Алғаш рет қазақ тілінің төл терминдер жүйесін жасап шыққан ғалым:
<variant> А.Байтұрсынұлы
<variant> С.Аманжолов
<variant> І.Кеңесбаев
<variant> Қ.Жұбанов
<variant> М.Балақаев
<question>«Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы» деген тұжырымның авторы:
<variant> Р.Сыздықова
<variant> І.Кеңесбаев
<variant> М.Балақаев
<variant> А.Ысқақов
<variant> Н.Сауранбаев
<question>А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» қай жылдары және неше рет қайта басылды?
<variant> 1912-1925жж.7 рет
<variant> 1900-1905жж.3 рет
<variant> 1907-1910жж. 2 рет
<variant> 1910-1920жж.4 рет
<variant> 1915-1930жж.5 рет
<question>Тіл мен мәдениеттің байланысына негізделген лингвистикалық сала:
<variant> лингвистикалық мәдениеттану
<variant> сипаттама лингвистика
<variant> психолингвистика
<variant> когнетивті лингвистика
<variant> прагматикалық лингвистика
<question>Тілдің таңбалық сипатын қарастыратын ғылым саласы қалай аталады?
<variant> лингвосемиотика
<variant> сигнал таңба
<variant> стилистика
<variant> семантика
<variant> синтагма
<question> Тіл дыбыстарының құрамын, даму заңдылықтарын, өзгеру немесе ауысу прцестерін, тілдің дыбысталу түрін зерттейтін лингвистика саласы қалай аталады?
<variant> фонетика
<variant> лексика
<variant> морфология
<variant> синтаксис
<variant> грамматика
<question> Тіл дыбыстарының тарихи қалыптасуын, дамуын, өзгеруін зерттейтін фонетика саласы:
<variant> тарихи фонетика
<variant> жеке фонетика
<variant> жалпы фонетика
<variant> сипаттама фонетика
<variant> салыстырмалы фонетика
<question> Өзара туыс емес тілдердің дыбыстық құрамдарын айқындап зерттейтін фонетика саласы қалай аталады?
<variant> салғастырмалы фонетика
<variant> прагматикалық фонетика
<variant> фонология
<variant> жалпы фонетика
<variant> тарихи фонетика
<question>Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы қалай аталады?
<variant> сөйлеу аппараты
<variant> амплитуда
<variant> акустика
<variant> дыбыс созылыңқылығы
<variant> резонанс
<question>Дауыссыз дыбыстар жүйесін айқындайтын термин:
<variant> консонантизм
<variant> вокализм
<variant> фрикатив
<variant> денталь
<variant> концептуализм
<question>Дауысты дыбыстар жүйесі қалай аталады?
<variant> вокализм
<variant> билабиаль
<variant> эксплозив
<variant> консонантизм
<variant> фонетика
<question>Тіл білімі қандай ғылымдар саласына жатады:
<variant> Қоғамдық ғылымдар;
<variant> Дәл ғылымдар;
<variant> Ғылымдардың түйіскен саласы;
<variant> Жаратылыстану ғылымдары;
<variant> «Өзін және өзі үшін зерттелетін» сала.
<question>Тіл білімінде ХХ ғасырда пайда болған ғылым салалары:
<variant> Психолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану,т.б.;
<variant> Тарих, археология, этнография;
<variant> Философия, саяси экономика;
<variant> Педагогика, психология;
<variant> Палеонтология.
<question>Этнос дегеніміз:
<variant> Тайпа , халық;
<variant> Әлеуметтік институт;
<variant> Әлеуметтік топ;
<variant> Әлеуметтік ұйым;
<variant> Әлеуметтік бірлестік.
<question>Семиотика:
<variant> Жалпы таңбалар жүйесі туралы ғылым.
<variant> Акустикалық таңбалар жүйесі;
<variant> Тілдік таңбалар жүйесі;
<variant> Ымдау, нұсқау таңбалары;
<variant> Сигналдық таңбалар жүйесі;
<question>Грамматикалық категориялар:
<variant> Грамматикалық формалар мен мағыналардың бірлігі;
<variant> Грамматикалық мағыналардың жиынтығы;
<variant> Грамматикалық формалардың жиынтығы;
<variant> Грамматикалық деңгейлер;
<variant> Лексикалық тұлғалардың грамматикалануы.
<question>Грамматикалық категориялардағы мағына мен форманың ара салмағы:
<variant> Грамматикалық форма мен мағынаның бірлігі маңызды;
<variant> Грамматикалық форма маңызды;
<variant> Грамматикалық мағына маңызды,
<variant> Екеуінің ара салмағы тең дәрежеде;
<variant> Грамматикалық формаларды жасаушы дыбыстар мен морфемалар маңызды.
<question>Грамматикалық категориялардың тіл деңгейлеріне қатысы:
<variant> Морфологиялық, синтаксистік деңгейлерге қатысты;
<variant> Морфологиялық деңгейге ғана қатысты;
<variant> Синтаксистік деңгейге ғана қатысты;
<variant> Тіл деңгейлерінің бәріне де қатысты;
<variant> Фонетика мен лексиколог ияға қатысты.
<question>Тілдің функциялық негізгі қызметі:
<variant> Тілдің қарым-қатынастық қызметі;
<variant> Тілдің танымдық, экспрессивтік қызметі;
<variant> Тілдің эмоционалдық қызметі,
<variant> Тілдің метатілдік қызметі;
<variant> Тілдің таңбалық қызметі.
<question>Қостілділік дегеніміз:
<variant> Екі тілдің бір территорияда, бір әлеуметтік ортада қызмет етуі;
<variant> Аралас тіл;
<variant> Бір тілдің екінші тілге ықпал етуі;
<variant> Шетел тілінің жергілікті тілге ықпал етуі,
<variant> Әдеби тіл мен жергілікті ерекшеліктерді араластырып сөйлеу.
<question> Тіл дамуының негізгі көрсеткіші:
<variant> Тілдің функциялық қызметінің дамуы;
<variant> Тілдің мағыналық дамуы;
<variant> Грамматикалық категориялардың дамуы;
<variant> Тілдің формалары мен варианттарының дамуы;
<variant> Тілдің таңбалық қызметінің дамуы.
<question> Классикалық тіл білімдері:
<variant> Ежелгі Грек, Рим, Үнді, Қытай, Араб тіл білімдері;
<variant> Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі;
<variant> Салыстырмалы-тарихи тіл білімі;
<variant> Неолингвизм;
<variant> Структуралық тіл білімі.
<question>Конценпт терминіне байланысты тіл ғылымында неше бағыт қалыптасты?
<variant> 3
<variant> 2
<variant> 4
<variant> 5
<variant> 6
<question>Концепт ұғымын анықтауда ең алдымен мәдениет-танымдық аспектіге ерекше мән беретін қандай бағыт, оны кімдер басшылыққа алды?
<variant> Ю.С.Степанов
<variant> Н.Ю. Артюнова, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелов.
<variant> З.Д.Попова
<variant> З.Д.попова, и.А.Стернин
<variant> В.И.Карасик, С.Х. Ляпин
<question> Концептіні тілдік таңбаның сематикасы ретінде қарастыратын мектеп өкілдері кімдер?
<variant> Н.Ю.Aртуюнова, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев.
<variant> З.Д.Попова, и.А.Стернин
<variant> В.И.Красик, С.Х. Ляпин
<variant> Д.Лихачев, Е.С.Кубрякова
<variant> Ю.С.Степанов
<question> Концепт өз мағынасынан туындамайды, адамның өмірлік, халықтық тәжиірибесінің сөз мағынасында тоғвысуы нәтижесінен келіп шығады,- дейтін мекиеп өкілдері кімдер?
<variant> Д.Лихачев, Е.С.Кубрякова
<variant> З.Д.Попова, и.А.Стернин
<variant> В.И.Красик, С.Х. Ляпин
<variant> Н.Ю.артуюнова, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев.
<variant> Ю.С.Степанов
<question>Когнитивтик ғылым термині қашан пайдаланыла бастады?
<variant> 70 жылдардың ортасында
<variant> 90 жылдардың ортасында
<variant> 80 жылдардың ортасында
<variant> 60 жылдардың ортасында
<variant> 95 жылдарда
<question> Когнитивтік лингвистика Ресейде қашан дами бастады?
<variant> XX ғасырдың 1980 жылдарында
<variant> XX ғасырдың аяғында
<variant> XX ғасырдың 1970 жылдары
<variant> XX ғасырдың 1960 жылдары
<variant> XX ғасырдың 1990 жылдары
<question>Когнитивтік лингвистиканың алғашқы оқулықтары қашан шыға бастады?
<variant> 1990 жылдардың соңында
<variant> 1980 жылдардың ортасында
<variant> 1970 жылдарды
<variant> 2000 жылдардан бастап
<variant> 1995 жылдары
<question>Тілдің ұлттық болмысты танытатын басты нышан-белгі екендігі неден
көрінеді?
<variant> Салт-дәстүрге т.б. қатысты лексикадан
<variant> Сөйлеу мәнерінен
<variant> Сауаттылық деңгейінен
<variant> Сөздік қорынан
<variant> Аялық білім қорынан
<question>Тілдің ұлттық болмысының, тіл мен ұлт сабақтастығының генетикалық
негіздері қайда көрінеді?
<variant> Этномәдени атауларда
<variant> Терминологияда
<variant> Дыбыстық жүйеде
<variant> Ауызекі сөйлеу тілінде
<variant> Диалектілік сипаттағы сөздерде
<question> Төмендегі әтномәдени қауымдастыққа қатысты лексиканың қайсысында ұлттұтастырушылық (әлеуметтік) қызметі басым?
<variant> Би-шешендер сөзі
<variant> Қолөнер
<variant> Аңшылық
<variant> Зергерлік
<variant> Саятшылық
<question>Тілдің қай деңгейінде халық, этнос, ұлт ұғымдарының айқынырақ мәні ашылады?
<variant> Лексикалық
<variant> Морфологиялық
<variant> Фонетикалық
<variant> Синтаксистік
<variant> Морфонологиялық
<question>Тілдік тұлғаның иесі кім?
<variant> Тіл тұтынушы
<variant> Тілдік қауымдастық
<variant> Тілдік ұжым
<variant> Ғалым
<variant> Оқушы
<question>Концеп сөзі қай тілден шыққан?
<variant> латын
<variant> француз
<variant> орыс
<variant> грек
<variant> қазақ
<question>Мына концептілердің қайсысы қазақ халқына ғана тән?
<variant> Киіз үй, қамшы
<variant> Саңырауқұлақ
<variant> Махаббат
<variant> Арақ-шарап
<variant> Ұрыс
<question>Өріс термині ең алғаш қай салада қолданылды?
<variant> лексикологияда
<variant> грамматикада
<variant> философияда
<variant> физикада
<variant> педагогикада
<question> «Өлім-Өмір» концептісінің лингвокогнитивтік сипаты жағынан зерттеген кім?
<variant> C.Жиренов
<variant> А.Ислам
<variant> І.Кеңесбаев
<variant> Г.Спансапова
<variant> Н.Оралбаева
<question>Концептің ұғымнан басты айырмашылығы қандай?
<variant> Концеп ұғымдық ақпараттан басқа рухани-психологиялық, этимологиялық, мәдени ақпаратты да қамтиды
<variant> Ұғымда ақпарат қана беріледі
<variant> Екеуінің ешқандай айырмашылығы жоқ
<variant> Концептіде психология басым келеді
<variant> Ұғым мен концеп бір
<question>Ежелгі Қазақстанның діни-философиялық аспектідегі концепцияларын көрсетіңіз
<variant> Тәңірі, жер-су, Ұмай
<variant> Ата-ана
<variant> Бақсылық
<variant> Махаббат
<variant> Өмір-өлім
<question> «Тіл арқылы ұсынылған көркем бейнелердің баға жетпес қоймасы сол халықтың этикалық талғамын танытатын айнасы, әсемдік қиял дүниесіне деген құштарлықтың көрсеткіші» деген пікірдің авторы кім?
<variant> Р.Сыздықова
<variant> Ж.Манкеева
<variant> В.Н.Маслова
<variant> Г.Сағидолла
<variant> Ә.Қайдар
<question>Өмірлік мәні бар адамзатқа ортақ концептілердің бірі
<variant> Әйел
<variant> Моншақ
<variant> Сұлулық
<variant> Мінез
<variant> Кітап
<question> «Көру» концептісіндегі қараның басты мағынасы
<variant> сұлулық
<variant> қап-қара
<variant> түпсіз тұңғиық
<variant> өткір
<variant> жек көру
<question>Қазақ тіліндегі көру концептісіндегі басты түс
<variant> қара
<variant> ақ
<variant> көк
<variant> қоңыр
<variant> сары
<question>Фразеологиялық тіркестердің құрамына енген кинемаларды көрсетіңіз
<variant> қол қусыру
<variant> қолын алу
<variant> қолын берді
<variant> қол қою
<variant> қолдау
<question> «Ай» қай елдерге концепт бола алады?
<variant> ежелгі грек,орыс, қазақ, корей
<variant> түрік, парсы, украин, қытай
<variant> жапон, ағылшын, француз
<variant> ұйғыр, тува
<variant> осы аталғандардың барлығына
<question> «Тағдыр» концептісін ұлттық-мәдени тұрғыда қарастырған зерттеуші кім?
<variant> А.Ислам
<variant> А.Қ.Сейілхан
<variant> Б.Тілеубердиев
<variant> Ж.Манкеева
<variant> А.Өмірбек
<question>Тіл қызметінің танымдық (когнитивтік) негізін айқындаудың үш принципін айқындап берген ғалым
<variant> Ж.Манкеева
<variant> Е.С.Кубрякова
<variant> Д.С.Лихачев
<variant> Ю.А.Степанова
<variant> Р.Сыздық
<question> « Қазақ әйелі» концептісіне енетін кинеманы көрсетіңіз
<variant> бетін шымшу
<variant> алақанын шапалақтау
<variant> жұдырығын түйу
<variant> көзін қысу
<variant> төс соғыстыру
<question> «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны атты зерттеу жұмысының авторы кім?
<variant> М.Күштаева
<variant> Г.Сағидолда
<variant> Г.Зайсанбаева
<variant> С.Жапақов
<variant> А.Ислам
<question> «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты мақаланың авторы кім?
<variant> Ж.Манкеева
<variant> М.Күштаева
<variant> Г.Зайсанбаева
<variant> Г.Сағидолда
<variant> А.Ислам
<question> «Сұлулық» концептісін білдіретін тіркес
<variant> тарыдай мең
<variant> тарыдай түйін
<variant> тауықтың түсіне тары кіреді
<variant> шымшықтан қорыққан тары шашпас
<variant> тары баққа шықпайды,бапқа шығады
<question> «Шеберлік» концептісін көрсететін тіркес
<variant> тасқа тары, мұзға бидай еккен
<variant> түбектен тары өткізу
<variant> тары жеген - тарықпас
<variant> тарының қауызындай жарылу
<variant> тары баққа шықпайды, бапқа шығады
<question> «Жинақылық» концептісін білдіретін тіркес
<variant> тарының қауызына сиғандай
<variant> тарыдай боп кіресің
<variant> тары көже таң атқанша
<variant> түбектен тары өткізу
<variant> шымшықтан қорққан тары екпес
<question> «Сараңдық» концептісі
<variant> тарының қауызындай тарылу
<variant> тарыдай қуырды
<variant> тары көрген тауықтай
<variant> соқыр тауыққа бәрі тары
<variant> кімнің тарысы піссе, соның тауығы
<question>Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны
<variant> адамзаттық когниция
<variant> тіл құбылысы
<variant> тіл мәдениеті
<variant> грамматикалық көрініс
<variant> стильдік берілім
<question> «Ұғым» термині классикалық мәнде қалай аталады?
<variant> концепт
<variant> түсінік
<variant> қабылдау
<variant> жинақтау
<variant> түйіндеу
<question> «Өлім» концептісінің фреймдік құрылымы
<variant> демі үзілу, бақыл болу
<variant> құлағы түрік, құлағы шалу
<variant> сауға сұрау, шалыс басу
<variant> шабына шоқ түсу, ыршып кету
<variant> бас қосу, бас салу
<question> «Махаббат» концептісінің фреймдік құрылымы
<variant> жүрегіне гүл егу
<variant> өз қотырын өзі қасу
<variant> шалыс басу
<variant> шайқап ішіп, ұрттап төгу
<variant> иттей ыза болу
<question>Жағымсыз коннотацияға ие жалқы есімдер
<variant> Барсакелмес, Итжеккен
<variant> Байырқұм, Бадам
<variant> Шымкент, Орал
<variant> Ойыл, Ойтерек
<variant> Талды, Талғар
<question>Ана ұғымына берілген стереотипті анықта
<variant> ақ сүтімен асыраған
<variant> тынысын тарылтқан
<variant> әудем жерге апарған
<variant> жер соқтырып кеткен
<variant> бұлақтың көзін ашқан
<question>Соғыс символын анықта
<variant> қанмен жеңген бостандық
<variant> күнмен күлімдеп кіру
<variant> нәзік сезімге толы көңіл
<variant> жүрегі жылап шығу, күліп кіру
<variant> аспаны шайдай ашылу
<question>Заттық бейнені анықта
<variant> орамал, хат, қару
<variant> даңғой, елірме, әңгүдік
<variant> ашығу, бұрлығу, бұралу
<variant> аяз, аяғын құшу, ызғырық
<variant> суық, кебін кию, үскірік
<question>Дыбыстық бейнелерді анықта
<variant> құстың үні, адам даусы
<variant> жайдақ құс, жай табу
<variant> жарау ат, жайсыз адам
<variant> жарық сәуле, су жаңа
<variant> су жұқпас, салауат өмір
<question> «Тәуекелшілдік» концептісін анықта
<variant> шешінген судан тайынбас
<variant> көңілдің құсы ұшты
<variant> ексең егін, ішерсің тегін
<variant> бақайшығына дейін шағу
<variant> тарының қауызындай ашылу
<question> «Сырласу» концептісін анықта
<variant> ағынан жарылу
<variant> тәуекел ет те тас жұт
<variant> белді бекем буу
<variant> еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді
<variant> еңбек етсең емерсің
<question> «Алдау» концептісін анықта
<variant> тақырға отырғызып кету
<variant> бақайшығына дейін шағу
<variant> темірден түйін түйген
<variant> теріден пішіп алғандай
<variant> он саусағынан өнер тамған
<question> «Шеберлік»» концептісі
<variant> он саусағынан өнер тамған
<variant> мұрнынан есек құрт түсу
<variant> көзінің еті өсу
<variant> қайырсыз байдан қанатқан су артық
<variant> аузын қу шөппен сүрту
<question> «Тойымсыздық» концептісі
<variant> дүниеге көзі тоймаған
<variant> қайғысыз қара суға семіру
<variant> құс тамағы үшін ұшады
<variant> егінді бапта білген алады
<variant> түбектен тары өткізу
<question> «Шашылу» концептісі қай қатарда?
<variant> балапан басымен, тұрымтай тұсымен
<variant> піскен асқа тік қасық
<variant> қойын құрттап, айранын ұрттау
<variant> көңілде көлеңке қалмады
<variant> кәсібі бардың – несібі бар
<question> «Мұң» деген күйдің ішкі бөлшектеріне қай сегменттер кіреді?
<variant> өлім
<variant> бақыт
<variant> қуаныш
<variant> өмір
<variant> босаға
<question> «Бақыт» деген күйдің ішкі бөлшектеріне қай сегменттер кіреді?
<variant> шаттық
<variant> уайым
<variant> торығу
<variant> аласұру
<variant> түңілу
<question>Жеке лексемалардың концепт арқылы берілуін зерттеген ғалым
<variant> М.Күштаева
<variant> Э.Д.Сүлейменова
<variant> Г.Жарқынбекова
<variant> Б.Тілеубердиев
<variant> С.Сүгірбекова
<question>Қазақ ономастикасын когнитивтік тұрғыдан зерттеген ғалым
<variant> Б.Тілеубердиев
<variant> Ж.Манкеева
<variant> Қ.Ә.Жаманбаева
<variant> Г.Мадиева
<variant> С.Иманбердиева
<question> «Табу» қандай мағынаны білдіреді?
<variant> тиым салу
<variant> ойға жетелеу
<variant> әрекет ету
<variant> болжам жасау
<variant> оймен оқыту
<question> «Қорытынды» концептісін анықта
<variant> ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру
<variant> шешінген судан тайынбас
<variant> ноқталы басқа бір өлім
<variant> пұшық мұрнын жасырмайды
<variant> сыпайының сырын біл де қой
<question> «Еңбекқор» концептісін анықта
<variant> құлдай істеп, бидей іш
<variant> білмеске берме, сенбеске айтпа
<variant> сыпайының сырын біл де қой
<variant> он саусағынан өнер тамған
<variant> бит қабағынан биялай тоқу
<question> «Жинақылық» концептісі
<variant> тары қауызына сыйғызу
<variant> балапан басына, тұрымтай тұсына
<variant> басы бірікпеу
<variant> аштан өліп, көштен қалу
<variant> қазанға түскен қапқа түспейді
<question> «Күнкөріс» концептісі
<variant> кімнің тарысы піссе, соның тауығы
<variant> ала тауық сабан шашар
<variant> көңілде көлеңке қалмады
<variant> жан жүйесін босатты
<variant> көңілден кір арылды
<question>Адам бойындағы мойымастық, иілместік ұғымы
<variant> Буырқану, бұрсану, мұздай темір құрсану
<variant> Сойып қаптап қойғандай
<variant> Сең соққан балықтай
<variant> Ұлық болсаң, кішік бол
<variant> Ескі жараның аузын ашу
<question> «Тілдегі ұлттық дүниетаным көрінісі» атты мақаланың авторы
<variant> Ұ.Ержанова
<variant> Е.Әжіғалиев
<variant> З.Әділова
<variant> М.Балақаев
<variant> М.Малбақов
<question>Когнитивтік лингвистикадағы басты терминнің бірі
<variant> ғалам бейнесі
<variant> адам бейнесі
<variant> оқиға бейнесі
<variant> тұрмыс бейнесі
<variant> қоғам бейнесі
<question>“Бiрiн-бiрi бетпе-бет көрiп отырған екi не одан да көп адамдардың өзара пiкiр алысуы, түсiнiсу құралы” қандай тiлдiң өзiндiк ерекшелiгi болып табылады.
<variant> ауызекi сөйлеу тiлi
<variant> жазушы тiлi
<variant> ғылым мен техника тiлi
<variant> жазу тiлi
<variant> барлық жауабы дұрыс
<question>Сөйлеу тiлiнiң фразеологиясын тап:
<variant> сауда сақалын сипағанша, соқырға таяқ ұстатқандай
<variant> ит арба, көз әйнек
<variant> соқыр iшек, қызыл алаң
<variant> жарлы баласы, жаз басы, ауызы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесiн
<variant> арқасы қозу, ит өлген жер
<question>Кiтаби сипаттағы фразеологизмдер.
<variant> қызыл алаң, көгiлдiр отын, шексiз бөлшек
<variant> отқа май құю, шашу шашу
<variant> сымсыз телефон, жыланы қайту
<variant> ит үредi, керуен көшедi
<variant> миын ашыту, тайып отыру
<question> Берiлген фразеологизмдердiң iшiнде эмоционалды-экспрессивтi қатар
<variant> жүрек жұтқан
<variant> көздi ашып-жұмғанша
<variant> шашбауын көтеру
<variant> тiзе бүкпеу
<variant> көп тыңда, аз сөйле
<question> Тiлдiк ауысуға қайсысы жатады.
<variant> суық сөз, жел сөз, қызыл тiл
<variant> киiк аулау, құлан аулау, соғым сою
<variant> көкке қарап, келе жатыр
<variant> дұрыс жауабы жоқ
<variant> барлығы дұрыс
<question> Тілдік норма дегеніміз...
<variant> қоғамда байланыс жасау барысында іріктеліп тұрақталған тілдік жүйе
<variant> жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған жүйелі түрі
<variant> қоғамда, мемлекетте тіл мәселелерін шешуде қолданылатын идеологиялық принциптер жиынтығы
<variant> ғылым атауы, тіл білімі
<variant> адам өміріндегі тілдің ролі мен сөйлеу мәдениетінің маңызы
<question> Діни нанымға, ескі әдет-ғұрыпқа байланысты айтуға болмайтын, сондай-ақ цензуралық ретпен қолдануға тыйым салынған сөздер
<variant> Табу
<variant> Кәсіби сөздер.
<variant> Диалект
<variant> Дублет сөздер
<variant> Диалог
<question> Ауыспалы мағына қандай тәсiлдер арқылы жасалады?
<variant> метономия, метафора, синекдоха
<variant> кiрме және неологизмдер
<variant> қосымшалар арқылы
<variant> қосарлану, бiрiгу арқылы
<variant> туынды түбiр арқылы
<question> Эвфемизм дегеніміз не?
<variant> айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айту
<variant> айтуға сыпайы, қолайлы сөзді дөрекі, қолайсыз сөзбен ауыстырып айту
<variant> айтуға қиын сөзді жалпылама түрде айту
<variant> ұқсас сөздерді ажыратып айту
<variant> белгісіз сөздер
<question> Эвфемизм болатын сөзді табыңыз
<variant> дүние салды
<variant> өтірік айтты
<variant> мылжың
<variant> рак
<variant> зат ұрланды
14

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген