400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көнілді тапқырлар" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру.Бастауыш сынып мұғалімдеріне семинар,апталықта өткізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Көңілді тапқырлар.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, қызықты есептер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер бастауыш сыныптар арасында өтетін «Көңілді тапқырлар» атты сайысына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
Бүгінгі сайыс
әр сыныптан 1 оқушы (мысылы: 1-2-3-4сынып оқушылары 1 топ) сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1-топ: «Алғырлар» 2-топ «Білгірлер»
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар»
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер»
Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық.
1-тапсырма
«Алғырлар»
1. Ең кіші сан.
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш.( Шаршы)
3. Қосу амалындағы сандардың атаулары
4. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті


«Білгірлер»
1. Бір таңбалы сандарды ата
2. Геометриялық фигура.( Төртбұрыш)
3. Азайту амалындағы сандардың атаулары
4. 1аптада неше күн бар?
2-тапсырма

«Баспалдақ» ойыны
«Алғырлар»
1+9 =
2+5 =
2-0 =
9-7 =
«Білгірлер»
0+5 =
7+2 =
9-5 =
8-3 =
3-тапсырма
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
Үйрек Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр)
4-тапсырма
. «Сан ретін тап»
«Алғырлар»
2 10 9 3 8 1 6 5
«Білгірлер»
5 9 7 4 0 1 10 8
Оқушы сандарды ретімен орнына қояды.
5-тапсырма Ертегі есеп
«Алғырлар»

«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:


Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.

«Білгірлер»
Тапсырма: Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?


6-тапсырма Математикалық санамақ айтып жарысу.


7-тапсырма Математикалық өлең есеп
«Алғырлар» тапсырмасы
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
«Білгірлер»
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

7-тапсырмаҚызықты тапсырмалар.
«Алғырлар»
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
«Білгірлер»
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?


8-тапсырма «Кім көп біледі? »
Үш санның қосындысы 3 ке тең. Қосылғыштар қандай сандар?
Үш топтан 3 оқушы шығып , тапсырсаны орындайды. 6 балл
Бұл тапсырманың 3 түрлі жолы бар.
1. 1+1+1=3
2. 1+2+0=3
3.3+0+0=3
Сандар орнын ауыстырып тағы да бірнеше жолын шығаруға болады.
9-тапсырма
1.«Мен қандай сан ойладым?»
1-топ «Алғырлар»
?+2-5=10
2-топ «Білгірлер»
?-2+1=7
- Осымен, балалар «Көңілді тапқырлар» атты сайыс сағаты аяқтаймыз. Жеңімпаз топты анықтап марапаттау.

Кері қайту

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі