400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КОНСИЛИУМ – ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МАМАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беру мен оның негізгі қағидалары, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтарының мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік, физикалық, эмоционалдық және зерде дамуын тәуелсіз қабылдап, оларға қажетті жағдай жасауды талап етеді. Сондықтанда мектеп мұғалімдері, оқушылар инклюзивті білім беру туралы толық ақпарат білуі қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Тыныстан Толғанай Қанатқызы

Жұмыс орны: Жамбыл облысы Қордай ауданына қарастыр Психологиялық-педагогикалық түзету мекемесі

КОНСИЛИУМ – ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МАМАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты инклюзивті білім беру принципіне незігделеді.

Шетелдерде мүмкіншілігі шектелі тұлғалардың білім алуын кеңейтуге арналған номативтік актілер 1970 жылдардан бастап жүзеге асырыла бастады. Заманауи білім беру саясатында АҚШ және Европа елдері білім алуға мүмкіндікті кеңейту (widening participation), мэйнстриминг (mainstreaming), интеграция (integration), инклюзия (inclusion) сынды процесс түрлерін қолданды.

Инклюзивті білім беру дегеніміз (фр.inclusif – өзіне қосу, лат.include – қосамын, біріктіремін) – мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың білім алуын жолға қоя отырып, жалпыға білім беру процесін дамытуды көздейтін білім беру жүйесі.

Инклюзивті білім беру жүйесін әлем елдері өз тәжірбиелерінен өткізіп, қолданып келеді. Біздің еліміз үшін де жаңа, әрі тиімді жолдардың бірі болып есептеледі. Инклюзивті білім беруді біз – заманымыздың тек сәнді бағыты емес, ол жалпы білім беру жүйесінің шынайы заңды кезеңі деп есептейміз. Инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім беру процесінің дамуы. Ол барлық балалардың білім алуына қолжетімді және мүмкіншілігі шектеулі балалады білім алуына жол ашу.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі–еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Статистикаға сүйенсек, мүмкіндігі шектеулі балаларды және мүгедек балаларды жалпы білім беру ортасына «кедергісіз аймақпен» қамтамасыз ету 217 жалпы орта білім беретін мектепте құрылды, бұл барлық санның 54,6 %-ын және былтырғы жылдың қазіргі уақытымен салыстырғанда 24 бірлікке артық (2013 жылы-193).

2013 жылы жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 63 бірлікке артып, 218 мектепті құрады, бұл барлық мектеп санының 54,9 % - ын құрайды (2014 жылы - 155). Ал ПМПК мәләметтері бойынша 2012 жылы жалпы елімізде 151 216 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. 111 405 мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беру мекемелерінде (жалпы білім беретін мектептер, колледждер мен кәсіби мектептер) инклюзивті білім беру жүйесі бойынша кіріктірілген. Инклюзивті білім беру мекемесінде білім алып отырған есту қабілеті зақымдалған балалар саны 30% құрайды. Ол орта есеппен 33 421 бала көрсеткіші.

Арнайы сынып немесе логопедиялық бөлімше ашуға мүмкіндік жоқ, алайда 10 немесе одан да көп даму мүмкіндігі бала оқитын жалпы білім беретін мектепте 96 дефектолог және 14 логопед бірлігі енгізілген. Мектеп жасындағы даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 39,2%-ы инклюзивті білім берумен қамтылған.

Сатистикалық мәліметтерге сүйене отырып, елімізде инклюзивті білім берудегі мамандардың жеткіліксіздігін байқамуымызға болады. Білім беру мекемелерінде инклюзивті практиканы жүзеге асыру үшін арнайы психолого-педагогика бағытында мамандар қызмет атқарады: педагог-психолог, дефектолг, логопед, тьютор, инклюзивті білім беруді үйлестіруші (координатор), психолог, әлеуметтік педагог және т.б.

Инклюзивті білім беру мен оның негізгі қағидалары, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтарының мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік, физикалық, эмоционалдық және зерде дамуын тәуелсіз қабылдап, оларға қажетті жағдай жасауды талап етеді. Дегенмен, мектеп әкімшілігі мен педагогтар алдында мынандай мәселелер туындайды: мамандар мен педагогтардың ауыртпалықты үлестірудегі таңдау; білім беру кеңістігін ұйымдастыру; сыныпта психологиялық ахуалды ұйымдастыру; сыныпта ықпалдастық пен әрекеттестікті ұйымдастыру; ата-анамен жүргізілетін жұмыс; мүмкіншілігі шектеулі балалардың жұмысын бағалау, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін арттыру үшін қолданылатын әдістер және т.б.

Жоғарда аталған мәселеледі шешу үшін алдымен инклюзивті білім берудегі әр маманның атқаратын қызметі нақтылануы қажет. Сонымен қатар, инклюзивті білім бір ғана тарапты көздемейді, ол өзіне бірнеше тарапты қосатынын ескеру қажет. Яғни, инклюзивті білім беру жүйесін өзіне, мүмкіншілігі шектеулі баланы, қалыпты бланы және ата-аналарды, инкюзивті білім беру жүйесінде қызмет атқаратын барлық мамандар мен жалпы қоғамды қосады. Кез-келген инклюзивті білім беру аймағындағы мамандар тек өз қызметі шегінде шектеліп қалмайды, ол өз қызметін инклюзивті білім беру жүйесіне сай үздіксіз қызмет атқарады. Және «маман-бала» тұрғысында жұмыс атқармай, басқа да инклюзивті білім аймағына қатысушылармен бірлестік қызметінде жұмыс жасайды. Бұл өз алдына күрделі жүйе. Осы жүйеден біз мамандардың қызметінің ауқымдала түсетінін көреміз. Бұл жүйені біз «макро жүйе» тұрғысында қарастырдық. (1-сурет)

1-сурет

Бұл жүйеден мамандардың қызмет атқару шегін көруімізге болады. Жүйе алты фазадан тұрады:

1-Мүмкіндігі шектеулі балалар;

2-Қалыпты балалар;

3-Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы;

4-Қалыпты баланың ата-анасы;

5-Педагог және инклюзивті білім беру жүйесіндегі басқа да мамандар;

6-Макрожүйе (баланың достары, туыс-туғандары және жалпы қоғам кіреді).

Бұл жүйеде әр маманның өзінің атқаратын негізгі қызметімен қоса арнайы мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіншіліктерін есекере отырып, арнайы қызметі қосылады. Арнайы қызметін инклюзивті білім беру стандартына сәйкестендіріп, спецификалық инклюзивті білім беру жүйесіндегі қызметі айқындалады.

Инклюзивті білі берудегі кадрлардың бірлесіп қызмет атқаруы

(1 сызба)

1-сызба

Мектеп педагогикалық коллективтің жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • Инклюзивті білім беру жүйесінде, білім берудегі педагогтардың қажеттілігі мониторингі;

  • Сынып және педагогтардың біліктілігін ескере отырып кадрларды орнықтыру;

  • Арнайы коррекциялық мекемелермен/ арнайы кескінді психолого-педагогикалық орталықтармен әрекеттестік;

  • Біліктілікті арттыру және кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастыру;

  • Есту қабілеті зақымдалған бала оқитын сыныпғы педагогтың оқыту деңгейіне анализ жасау.

Педагогикалық калективтің жұмысында мүмкіндігі шектеулі балалар туралы педагогтарға информациянны арттыру ұсынылады; педагогикалық позицияларды калыптастыру; педагогтарды арнайы коррекциялық жұмыстың әдістер мен тәсілдеріне консультативтік және арнайы біліктілігін артыру жүйесі арқылы оқыту. Маниторингтер ұйымдастыру.

Осы жүйеде мамандардың жұмысы маңызды орынға ие. Әр маманның атқаратын қызметі жағынан әртүрлі тағайындалған, барлығының мақсаты ортақ. Ал ортақ мақсатқа жету үшін инклюзивті білім беру жүйесінде мамандар қызметтік байланыста жұмыс жасайды. Оның жүзеге асу жолында әртүрлі формалар қолданылады. Біз осы формаларды қарастыра келе, консулиумды (кеңес) тиімді деп есептейміз.

Консилиум (кеңес) – әр балаға жеке ұйымдастырылатын кеңес. Кеңес белгілі бір баланың оқу үлгерімі нашарлаған немесе басқада оқу процессінде, жеке дамыуындағы мәселелерге байланысты ұйымдастырылады. Консилиумға қатысатын мамандар төмендегідей:

Директор – координатормен кеңесіп, кеңеске мамандарды жинайды. Кеңесте оның қатысуы міндетті емес, бірақ міндетті түрде кеңестің шығарған қорытындысы мен нәтижесінен хабардар болуы қажет.

Координатор – кеңесті ұйымдастырады, кеңеске қажетті мамандарды таңдайды, баланың ата-анасына кеңес туралы ақпаратты жеткізеді.

Инклюзивті білім берудегі мамандар – дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог және қажет болған жағдайда қосымша мамандар (медбике және т.б.). Бұл мамандардың барлығы бірдей қатысуы міндетті емес, тек жиналып отырған кеңестегі мәселеге қатысы бар мамандар атсалысады.

Сынып жетекші немесе тьютер – міндетті түрде кеңеске қатысатын маман. Баладағы кездесетін мәселелер мен қиындықтар туралы толық ақпарат береді.

Мұғалімдер - балаға сабақ беретін пән мұғалімдері. Кеңесте баланың қай пәннен қиындықтар туындады, сол пән мұғалімі қатысады. Баладағы пәнді меңгерудегі кездесетін қиындықтардың түрлерімен, себептерін, меңгеру деңгейі туралы ақпарат береді, талқылайды.

Консилиумның құрылымы мен ж.ргізілуін 2-сурет бойынша қарастырып көрсетсек:


2-сурет

Кеңесте мамандар мәселені толықтай талқылайды, пікір алмасады, ортақ шешімге келіп, аталмыш мәселегелі түзету жұмыстарына мамандарды тағайындайды.

Нәтижесінде:

  • Кеңесте мамандар мәселені толықтай талқылайды, пікір алмасады, ортақ шешімге келіп, аталмыш мәселер түзету жұмыстарына мамандарды тағайындайды.

  • Әрбір баланың мәселелерімен жұмыс жасалады.

  • Бала қиындықтары жүйелі шешіледі.

  • Мамандардың қызметтік әрекеттестігі артады.

  • Мамандар арасындағы байланысып әрекет ету жүзеге асады.

  • Мамандар арасында пікір алмаса отырып, мүмкіндігі шектеулі балалар туралы толық мағлұмат алады.

  • Инклюзивті білім беру жүйесіндегі мамандар қызметінің дәрежесі артады.

Инклюзивті білім беру жүйесіндегі мамандардың әрекеттестік қызметін арттыра отырып олардың жеке қызметтеріне де қойылатын талаптардың маңызы зор. Инклюзивті білім беруде кәсіби дефектолгтың (сурдопедагогтың) мазмұмнының қажеттілігі маңызды болып табылады. Себебі инклюзивті білім беруге кіріктірілген балалардың 30% астамы есту қабілеті зақымдалған балалар болып келеді. Ол дегеніміз орта есеппен 33 421 бала көрсеткіші. Сондықтанда инклюзивті білім беру жүйесінде дефектолог-сурдопедагогтың орны мен қызметін анықтау қажет. Есту қабілетінде бұзылысы бар баланы қалыпты балалармен бірге оқуы үшін, оның жеке ерекшеліктері мен бұзылысын есепке ала отыры, оны дамыту мен коррекциялық түзету жұмыстарын жүргізудің маңызды екені мәлім. Осы қызметті атақаруда инклюзивті білім беру жүйесінде дефектолог-сурдопедагогтың қызметтері өзгереді және жаңа қызметтерді өзіне қосады. Оның қызметтерін анықтау үшін біз атқаратын қызметтерін жіктеп алуымыз шарт.

Сурдопедагог-дефектологтың инклюзивті білім беру жүйесіндегі қызметін анықтау үшін, оның негізгі қызметтері мен арнайы қызметтерін анықтап алуымыз шарт. (2-сызба)

Shape1

Инклюзивті білім беберудегі

Shape2

Негізгі қызметі

Shape3

Арнайы қызметі



Shape4 Shape5 Shape6

Shape7



?





Shape8

1.Ұйымдастырушылық-әдістемелік 2.Диагностикалық

3.Коррекциялық-дамтушылық

4.Аналитикалық

5.Консультативті -ағартушылық

6.Профилактикалық

7.Ұйымдастырушылық-әдістемелік

Shape9

1.диагностикалық қызметі ,

2.бағдар беру – болжам жасау қызметі ,

3.жобалау қызметі,

4.ұйымдастырушылық қызметі ,

5.ақпараттық-түсіндірме қызметі,

6.ұжымдықызметі ,

7.мұғалімнің зерттеушілік-8.шығармашылық қызметі







Shape10 Shape11







Shape12 Shape13 Shape14

Shape15 Shape16


Shape17

Инклюзивті білім берудегі жүйеге сәйкес – қалыпты балалармен жұмыс жасау, есту қабілеті зақымдалған балалармен, ата-аналармен, инклюзивті білім беру жүйесінде қызмет атқаратын мамандармен қызметтік байланыс ортану процессі арқылы сурдопедагогтың қызмет әрекеті өзгереді және күрделенеді






Ұйымдастырушылық қызметі

Бұл қызмет шеңберінде сурдопедагог есту қабілеті зақымдалған оқушылардың сабағын ұйымдастырады: құжаттарды дайындайды, сабақ кестесін құрастырады.(1фактор)

Диагностикалық қызмет

Диагностикалық қызмет. Диагностика өзіне келесідей параметрлерді қосады: есту апарраттарын/ кохлеарлы имплант бағдарламалаудағы баламалылық; естімейтін және нашар еститін оқушылардың естіп және естіп-көріп қабылдауының мүмкіндіктері; сөйлеу тілінің дамуының деңгейі.

Диагностика екі апта көлемінде, оқу жылының басы мен аяғында дәрстүрлі әдістемеге сәйкес, қолданылған сөздер, фразалар, мәтіндер тізімі бойынша жүргізіледі. Тексеру тек жеке формада өткізіледі. Тексеру қаттамасы әр балаға жеке толтырылады. (1 фактор)

Коррекциялық қызмет

Сурдопедагог мүмкіндігі шектеулі баламен (естімейтін/нашар еститін/кохлеарлы импалнатталған баламен) коррекциялық түзету жұмысын атқарады. Естімейтін және нашар еститін балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыс есту бұзлысына байланысты құрылады. Есту қабілеті зақымдалған балалар қалыпты балалармен бірге білім алуы үшін, олармен жүргізілетін коррекциялық және компенсаторлық бағыттағы жұмыс жүргізу әдісі психолого-педагогикалық байланыста жүргізілуі қажет.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың жеке ерекшеліктері мен жүргізілетін коррекциялық жұмысты терең және толық меңгергендіктен, түзету жұмыстарын ұйымдастырушы және жүргізуші негізгі маман сурдопедагог болып саналады.

Жалпы білім беретін мекемелердегі сурдопедагогтың коррекцялық қызметінің негізгі мақсаты - естімейтін және нашар еститін балалардың сөйлеу тілін естіп-көру арқылы қабылдауын, сабақта және қалыпты еститін құрдастарымен толық қарым-қатынасқа түсуде ақпарат алуына жағдай жасау.

Осылайша, жоғарыда аталған факторларды саралай келе, сурдопедагогтың коррекциялық жұмысының ерекшеліктері мен тілдік материалдарды таңдау ықпалын анықтадық.

Жалпы білім беру мекемелерінде есту жұмыстары тек есту қабілеті зақымдалған балалар сапалы сандық, адекватты бағдарланған есту аппараттарын/ кохлеарлы имплант таққан жағдайда жүргізген тиімді.

Сурдопедагогикалық жетекшіліктің негізгі бағыты болып табылады:

Естіп қабылдауын арнайы ұйымдастырылған жеке және топпен жүргізілетін сабақтарда дамыту.

Естіп қабылдауын отбасында дамытуды ұйымдастыру.

Естіп қабылдауын арнайы ұйымдастырылған жеке және топпен жүргізілетін сабақтарда дамыту.

Сурдопедагог жұмыстың, жеке және топттық формаларын қолданады. Жеке және топпен жүргізілетін сабақтарда әртүрлі тілдік материалдарды (дыбыстар, буын, сөздер, сөйлем, мәтіндер) естіп және естіп-көру арқылы ажырату, тану және айқындау ептілігі туындайды. Осыдан әртүрлі жағдайда мынандай жұмыстар жүргізіледі:

Жайлы акустикалық және позициялық жағдайда, естуді дамыту жаттығулары тыныш жерде жүргізіліп, ал педагог тілдік материалды балаға қарама-қарсы отырып , «бетпе-беп» берген жағдайда;

Арнайы күрделендірілген, әртүрлі позициядағы сөйлеушілердің және максималды шулы орта (баланың артында, бөлмеге кіру кезінде) жағдайда;

Жайлы акустикалық жағдайда, бірақ бірнеше кезектілікпен сөйлесіп тұрған адамдар қатысқан жағдайда.

Бұндай жаттығулар ақпаратты қабылдау және оны анализдеу мүмкіндіктерін бекемдетеді; тілдік материалдарды толық емес есту жағдайында, болжау арқылы түсіну және тану; диалогтық және полилогтық жағдайда, тақырыпты талқылау барысында адекватты және жылдам жауап беруге дағдыландырады.

Айта кету керек, есту арқылы қабылданатын тілдік материалдар, баланың сөйлеу тілі мен ойлау операциясын дамытуға бағытталған. Мысалы, тілдік материалға синоним, антоним, морфологиялық талдау, түсініктерді анықтау, мәтіндегі таныс емес сөздерді түсіндіру және т.б. тапсырмаларды қосуға болады.

Есту қабілеті зақымдалған баланың жалпы білім беру мекемесінде сәтті оқуы тек «білім қоры» байланысты емес, сонымен қатар қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне де байланысты: тілді түсінуі мен естуі, коммуникативті жағдайларды белгілі бір мақсат пен міндеттерге сәкес моделдеу, өзін-өзі ойын кезектілікпен жеткізу. Сурдопедагогтың жеке және топпен жүргізілетін сабағындағы тағы бір міндеті, естімейтін, нашар еститін және оқушылардың байланыс дағдыларын қалыптастыру және жүзеге асыру. Диологтық, мини-диалогтық, рөлдік ойындарды қолдану арқылы жүргізілетін жаттығулар процесінде, тұлға аралық байланыстың моделі, ережелері, әдістері мен тәсілдері құрылады. Жаттығу барысында сурдопедагог оқушылардың өзін-өзі бақылау және жолдастарының сөйлеу тілі бақылау дағдыларын қалыптастырады.

Баланың жеке ерекшеліктерін, тілдік материалдарды ескере отырып, жеке бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама дамыту және озық сипаттамада болады. Яғни, жалпы білім беру пәндерінің материалын меңгеруге бағытталған.

Топтық сабық – естіп және естіп-көру арқылы ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру, диалог құру және оны баяндауын дамыту. Топтық сабақтың маңыздылығы, оқушылар әртүрлі дауыстарды естіп, сөйлеушінің сөйлеу мәнерін қабылдайды. Айта кету керек, топтық сабақтарға қалыпты еститін құрдастарымен бірге жүргізу жоғары нәтижелі болып келеді. Бірлесіп жүргізілетін дидактикалық тапсырмалар, жаттығулар толеранттылыққа тәрбиелейді.

2)естіп қабылдауын отбасында дамытуды ұйымдастыру

Естіп қабылдауын дамыту тек мектепте ғана шектеліп қалмайды. Бұл жұмыс үйде және отбасы арасында жүргізіледі. Естіп қабылдауын отбасында дамыту екі жолмен жүргізіледі. (А.Лева, 1992 бойынша): (1,3 фактор)

Бірлесіп жүзеге асыру. Бұл жұмыс арнайы ұйымдастырылуды талап етпейді, себебі ол күнделікті жағдай шеңберінде жүргізіледі. Қарым-қатынас қоршаған орта дыбыстарын меңгеру тұрғысында жүргізіледі. Бұның барлығы балоаның қоршаған орта дыбыстарына үйрену мен есту қабылетін табиғи жағдайда дамыту болып табылады.

Жоспарланып жүзеге асыру. Бұл арнайы ұйымдастырылған, белгілі бір уақытты қамтитын жұмыс түрі болып табылады. Сурдопедагог оқу материялын алдын ала әзірлеп береді. Ата-аналар өздерінің сөйлеу тілі арқылы қоршаған орта мен тұрмыстық жағдайда толықтырады. Ал жұмыс тұрлері әртүрлі: ойын, үй жұмысын орындау, теле бағдарламаларды көру, ертегілерді аудобаспа арқылы тыңдау, әңгімелерді тыңдау және т.б.


Консультативті-ағарту қызметі

(3,4 фактор) Бұл қызмет түрі сурдопедагогтың ата-аналармен тығыз байланыста жүзеге асырылып, мынаналды қарастырады:

Есту қабілетін дамыту мақсатында жеке және топтық ашық сабақтарды ата-аналары мен мұғалімдердің қатысуымен өткізу;

Жеке/топпен жүргізілеті жұмыс, мазмұны мен коррекциялық процесстің қорытындасын, мектептен тыс жүргізілетін жұмытар туралы консултация жүргізу;

Есту қабілеті зақымдалған балардың ерекшеліктері туралы қалыпты еститін балалардың ата-аналарының пікірін білу мақсатында ата-аналар жиналысына қатысу.

Суродпедагог мүмкіндігі шектеулі баланы коррекциялау мен дамыту үшін, жалпы бейімделуі үшін қоғамның алатын орны ерекше. Сондықтанда сурдопедагог үздіксіз ата-аналар мен қоғамға м.мкіншілігі шектеулі балаларға көмек көрсету мен оларды қоғамдастыру туралы ақпарат көздерін ұсынуы керек. Ол қалыпт/мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына, мамандарға және т.б тұлғаларға олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы, инклюзивті білім берудегі олардың қиындықтарын жеңу жолдары туралы бейне-роликтер, ақпараттық баяндамаларды ұсыну қажет. Семинардар ұйымдастырып, әлеуметтік педагогпен бірлесе мектеп ғаламтор сайтының беттеріне, газеттер мен журналдарға мақала ұмынуы қажет.

Методикалық қызмет.

Бұл қызмет инклюзивті білім беру жүйесі бойынша жұмыс жасайтын мамандардың, педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейлерін арттыруға бағытталған.

Бұл бағытта сурдопедагог мұғалімдермен жеке/топпен консультациялар мен семинарлар жүргізеді. Бұндағы негізгі мақсат оларды есту қабілеті зақымдалған балалардың ерекшеліктерімен таныстыра отырып, оларды оқытудың нәтижелі болуы үшін арнайы әдістер мен тәсілдерді ұсыну.

Жайлы оқу сферасын қалыптастыруды ұйымдастыру үшін, сурдопедагог мұғалімдерге, нашар еститін балалардың ерекшеліктері, естіп-көріп қабылдауы және сөйлеу тілін түсінуі туралы жадынама құрастырады. Жадынамалар аталған балалармен жұмыс жасайтын әрбір педагогқа беріледі. Сурдопедагогтың қажетті және міндетті жұмыс нәтижесі жағдайы жеке жабдықталған кабинетінің болуымен көрініс табады.

Дефектолог-сурдопедагогтың инклюзивті білім беру жүйесіндегі қызметін анықтай отырып, қызметтің бір ғана бағытта емес екенін байқауға болады. Ол оқушылармен/тәрбиеленушілермен, мамандармен бірлесе қызмет атқарады. Бұл қызмет түрі инклюзивті білім берудің сапалы дамуына негіз болады. Инклюзивті білім берудің бағдарламасына сәйкес әрбір маманның атқаратын қызметі сол саладағы басқа мамандармен тығыз қарым қатынаста жүзеге асады.

Педагогикалық калективтің жұмысында есту қабілеті зақымдалған балалар туралы педагогтарға информациянны арттыру ұсынылады; педагогикалық позицияларды калыптастыру; педагогтарды арнайы коррекциялық жұмыстың әдістер мен тәсілдеріне консультативтік және арнайы біліктілігін артыру жүйесі арқылы оқыту.

Сонымен қатар инклюзивті сыныпта оқыту мен сабақтарға анализ жасау деңгейіне жүйелі маниторинг ұйымдастыру.

Әрбір мұғалім есту қабілеті зақымдалған баламен жұмыс жүргізуде бір жылға интегривті іс-шараны басқа педагогтармен және мамандармен жоспарлайды; әртүрлі оқу технологияларын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарды және коррекциялық жоспарды педагогтар мен мамандар талқылайды.



Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2010.

  2. ПМПК бойынша 2012 жылғы статистикалық мәліметтер http://edu-bko.gov.kz/

  3. Л.В.Голубева Управление современной школы. Инклюзивное оброзование идеи/перспективы/опыт // Волгоград: Учитель, 2011.

  4. Poradnik dla nauczycieli i specjalistów edukacji włączającej oraz rodziców dzieci i młodzieży z niepełnosprawności opracowany w ramach projektu pomocy dla Gruzji

Opracowanie: Danuta Al-Khamisy, Joanna Kosmala, Radosław Piotrowicz 2012

  1. Вильшанская А.Д. Взаимодействие специалистов школьного ПМПк впроцессе сопровождения детей с ограниченными возможностями здоровья в общеобразовательной школе // Воспитание и обучение детей с нарушениями развития. - 2010. - № 6. - с. 32-41.

  2. Вильшанская А.Д. Содержание и методы работы учителя-дефектолога в общеобразовательной школе. – М.: Школьная Пресса, 2008.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
5635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі