400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конспект "Әмір Темір жорықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихынан Әмір Темір жорықтары конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әмір Темір жорықтары

1. XIVғ. Темір империясы - Қазақстан мен Орта Азиадағы ірі мемлекет.

2. Темір-барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы (1336-1405ж).1370ж. Мәуереннахрдағы билікке ие болып, елді 35 жыл бойы басқарды. Астанасы-Самарқан қаласы. Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылды. XIVғ 70-90жылдары ШДҚ-қа, Жетісуға он рет жорық жасады. Ақ Ордаға Тоқтамысты қаруландырып жібергендегі мақсаты:

-Түркістанды өзіне қосып алу

-Ақ Орда мен Алтын Ордаға жол ашу

3. Әмір Темір варвалық әдістермен жүргізген жорықтарын Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттерінен бастады. Темірдің мақсаты: Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде, бір орталыққа бағынған мемлекет құру мақсатына кедергі болатын моғол билеушілерін әлсірету.

4. Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372ж. басталды. Кейін тағы да бірнеше рет шабуыл жасады: 1375-1377, 1383ж-Темір Иранға жасалған жорығынан оралып бүлік шығарған Хорезм халқын қырғынға ұшыратты. Астанасы Үргенішті тонады. 1389-1390ж. (120 мың әскерімен), Моғолстанды қайтара шабуылдап, нәтижесінде Жетісу жері қаңырап бос қалды. Алтын Ордаға қарсы бірнеше жорықтар жасады(1389,1391,1395ж) Әмір Темір XIVғ. 90жыл. Иран,Ирак,Ауғанстан,Үндістан,Кіші Азия,Еділ бойы,Кавказ,Қазақстан,Орта Азияны қамтитын империя құрды (барлығы 27 мемлекетті жаулады)

5. Әмір Темір өз үкіметінің тірегі ретінде ислам дінін барынша қолдап, мешіт пен медреселер, Йассыда Ахмет Йассауи кесенесін салғызды(1397). 1404 жылы Қытайға жорыққа дайындалды.

6. 1405ж-Темір жолда ауырып, Отырарда қайтыс болды.

7. Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары ШДҚ-тың, әсіресе Оңтүстік -Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайын құлдыратты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.12.2018
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі