400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Конспект Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:Әжемде қонақта Әже туралы түсінік беру, әженің еңбегі жайында әңгімелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстыну

Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан!»

Тақырыбы:Әжемде қонақта

Мақсаты:

Тәрбиелік: Әже туралы түсінік беру, әженің еңбегі жайында әңгімелеу.

Дамытушылық: отбасы мүшелерін сүюге тәрбиелеу.

Оқыту: үлкендкрді сыйлау.

Билингвалдық компонент: Әже-бабушка, Отбасы-семья.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Күлімде, күн, күлімде,

Табиғат-біздің анамыз!

Біз – бақытты баламыз,

Достығымыз жарасқан.

Біз әдепті боламыз.

Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Күз

Күз айларын атаңдаршы? Қыркүйек, қазан, қараша.

Балалар қазір қандай ай? Қазан айы

Жарайсыңдар,балалар!

Біздің өтпелі тақырып: «Ас атасы нан!»

Нан неден жасалады? Қамырдан

Қамырдан тағы не жасауға болады ? Нан,бауырсақ,тәтті тоқаштар т.б

Ал осы тәтті тоқаштарды бауырсақтарды кім пісіріп береді үйде? Әже, Ана.

Дұрыс айтасыңдар!

2.Негізгі бөлім:

Балалар біз бүгін Әжеге қонаққа барамыз. Әжеге немен барамыз? Қандай көлікпен барамыз? Поездбен

Ендеше бір біріміздің артымызға вагондар секілді тұрып, Әжеге барайық.

Міне келдік. Әжемен Амандасамыз? Салеметсіз бе, Әже?

– Сәлеметсіздер ме,балалар!Қалдарың қалай?. Балалар  сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Мен бүгін бауырсақ пісіремін. Ол үшін ұн, су, ашытқы, май, тұз, қант, жұмыртқа керек. Барлығын жақсылап араластырып, жылы жерге қоямыз. Одан кейін ыстық майға пісіріп аламыз.

Билингвалдық компонент: Әже-бабушка, Отбасы-семья.

Сергіту сәті:

Жел улейді: у- у,

Құйын келіп билейді: зу- зу,

Қатты - қатты жел соқты: гу- гу,

Жапырақтар қол соқты: ду- ду.

Балалар сергіп қалдыңдар ма? Жарайсыңдар балалар! 

Әже:

Нан ең үлкен ас саналады. Нан туралы көптеген мақал – мәтелдер бар. Соның бірін біз жаттап алайық:

Ас атасы –нан. Нан туралы қазақтың тыйым сөздері бар.(Сурет көрсету арқылы түсіндіру.)

Тыйым салған сөздер:

*Балалар нанды басуға болмайды.

*Лақтыруға болмайды.

*Бір қолмен нанды үзуге болмайды

*Нанды тәтті, ащы деп айыруға болмайды

Бұл сөздерді балалар әркез есте сақтауымыз керек.  

Сендер нан туралы тақпақ білесіңдер ме? Иа.

Әжеге тақпақ айтып бересіңдер ме? Иа

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Әже біздің отбасымыздың мүшесі. Әже бізді қте қатты жақсы көреді. Әжемен қоштасып топқа барайық.

-Әже, сау болыңыз! Біз тағы сізге қонаққа келеміз!

Әже:Сау болыңдар балалар!

3.Қорытынды:

Бізге қонаққа кімге бардық?

Біз қандай көлікпен бардық?

Әже бізге не дайындап берді?

Не туралы әңгімелестік Әжемен?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі