Екінші кіші
«Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі
тақырып: «Қош келдің, Алтын
күз!»
Тақырыбы: Үйдегі және
балабақшадағы қауіпсіздік
Мақсаты:
Тәрбиелік: балаларға үйдегі және
балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін
түсіндіру.
Дамытушылық: үйде, көшеде,
балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін
дамыту.
Оқыту:өмір қауіпсіздігі
ережелерін сақтауға тәрбиелеу..
Билингвальдық
компонент: қауіпсіздік ережелері –правила
безопасности, жүгіруге болмайды- нельзя бегать.
Педагогикалық
технологиялар/пед.технологии:, ойын әдісі, сұрақ –
жауап, әңгімелесу.
Ресурстармен
қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: түрлі қауіпсіздік
жағдаяттарының суреттері, құрал жабдықтар (балға,
шеге,қайшы,т.б).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
барысы:
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Балалармен
амандасу.Сәлеметсіздер ме, балалар?
Шаттық
шеңбері: (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
2.Негізгі
бөлім:
Тосын сәт
:
Қонаққа «Айдос» келеді.
Қолын таңып алған.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің
атым- Айдос.
Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.
- Балалар, біз Айдосқа
қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме,
қауіпсіздік деген не?
- Иә, балалар, сендер әр уақытта әртүрлі
жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай
жағдайларға ұшырамасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды
қарастырамыз.
- Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы
мүмкін?
Демонстрациялық материалдармен
жұмыс.
- Мына суреттерден көріп тұрғандарыңдай,
барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Балалар
суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.
Тәрбиеші үстел үстіне
құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, қайшы, сіріңке
қояды.
«Жақсы-жаман»
ойыны.
Шарты: құрал-саймандардың
қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін
айту.
- Бұл затардан зардап шекпес үшін не істеу
керек?
Балалар құрал- саймандардың не үшін, қалай
пайдаланылатынын түсіндіреді. Құрал- саймандардың пайдалы жағын
және қауіпті жағын айтады.
- Балға жақсы. Онымен шеге қағады. Қолды
ұрып алғанда жаман.
- Балта жақсы, онымен отын жарады. Балта
жаман, оқыста қолыңды шауып алуың мүмкін.
- Шеге жақсы, онымен екі затты
біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң, денені
жарақаттайды.
- Қайшы жақсы, керек бұйымды қияды, қайшы
жаман, дұрыс пайдаланбасаң, қолыңды , көзіңді жарақаттауың
мүмкін.
- Сіріңке жақсы, онымен от тұтатамыз,
жаман- өрт шығуы мүмкін.
- Құрал- саймандарды ұқыпты пайдалану
керек.
Тәрбиеші:
- Ал Сақтаныш, сен қалай қолыңды
жараладың?
- Не үшін жүгірдің?
- Мен апайды тыңдамай, жүгіремін деп
құладым.
- Асықтым.
- Дене шынықтыру сабағында, серуенге
шыққанда, ойнағанда жүгіруге болады.
Балалар ережелерді естеріне
түсіріп, Айдосқа айтып береді.
- Қол жуатын жерде ойнап, бір-бірін
итеруге болмайды, себебі тайып құлауың мүмкін.
- Апайдың
рұқсатынсыз жүгіруге болмайды, жарақаттанасың.
- Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды, қақалып
қалуың мүмкін.
- Биік орындыққа, шкафқа терезенің
ернеуіне шығуға болмайды.
- Есікпен ойнауға болмайды; қолыңды қысып
қалуы мүмкін.
- Бұл ережелерді үйдеде сақтау
қажет.
Сәргіту сәтін өткізу.
Аяқпенен топ,топ,
топ,
Қолымызбен хоп,
хоп,хоп,
Бір оңға, бір
солға,
Ойнайықшы кел
мында.
Айдос балалармен бірге
сергіту сәтін жасайды.
Айдос:
- Балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден
көп нәрсені үйрендім, енді апайды, үлкендерді тыңдап, жақсы бала
боламын деп деп уәде беремін. Сау болыңдар!
- Асығу қауіпті. Біз баратын жерімізге
жүгірмей, жай жүрсек те жетеміз.
- Ал, Сақтаныш, балабақшада қай уақытта
жүгіруге болады?
- Балалар, мүмкін сендер
білесіңдер?
- Сендер балабақшадағы қауіпсіздік
ережелерін білесіңдер. Тәрбиеші апайларың күнде қайталайды, әрбір
уақытта естеріңе салып отырады.
Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер,
ол да біліп жүрсін.
- Балалар, бұл ережелерді тек балабақшада
сақтау керек пе?
3.Қорытынды:
Балалар бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметі қандай тақырыпта
болды?
Бізге қонаққа кім
келді?
Қандай қауіпсіздік
ережелерін сақтауымыз керек?
Қандай ойын
ойнадық?