Тақырыбы:
Мен жаяу
жүргінші
Мақсаты: оқушыларға көше
қатынасы ережелерін меңгерту;
Білімділік міндеті:жолда жүру
ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты
дағдыға айналдыру;
Түзету-дамытушылық міндеті:
есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті:оқушыларды
жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол
белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың
салған суреттері.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,
түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың
барысы.
Шаттық
шеңбері
– Балалар, сендермен кезекті
сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізге қарайық.
Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп
тұрмын.
Сендерді «Шаттық шеңберіне»
шақырамын.
Кәнеки, бір-бірімізбен
амандасайық!
Армысың,
Әлем!
Армысың, Жарық
күн! (Қолдарын жайып, көкке
көтереді.)
Армысың, абзал
Адам! (Қолдарын алға
созады.)
Армысың, менің
досым!
Тәрбиеші: Құрметті балалар!
Бүгінгі Мен жаяу жүргінші «Жол ережесі қалай пайда болды.» атты
сабағымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Тәрбиеші:Шуақты өміріміз күндей
күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді
үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
,
Жол журу ережесін білмей
тұрып.
Тәрбиеші:Қай көше, қай қалаға
барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз
да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
—
Ол
ортақ
Үлкен кіші
баршамызға!
Тәрбиеші:Жалғайтын
достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады гой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Жиынымыз басталсын сәлемменен.
Тәрбиеші:Бүгін бізге қонаққа жол полициясынан ағай келіп
отыр, сөз кезегін берейік.
Тәрбиеші:: Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында
көп мағлұмат бердіңіз. Сізге көп рахмет айтамыз!
(Бағдаршамның шығу тарихы
жәйлы баяндайды.)
Балалар, бағдаршамды кім ойлап
тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам
теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі
тарихта сакталмаған.
Оны көше қиылысына ыңғайлап,
кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868
жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам
орнатты.
Алдымен түрлі түсті сигнал
қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат
ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай бірде газ
жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр
бойы ұмыт болады.
Тек
1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б.
қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек
екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс
қолданыла бастады. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924
жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің
қиылысында орын алды.
«Жол
белгілері»
Сергіту
сәті:
Тәрбиеші: енді сергіп алайық. Барлығымыз
бірге қайталайық.
Ду, ду, ду, дук,
дук,
Поезд келеді.
Ду,
ду, дук, дук,
Бәрі жол береді.
Ду,
ду, дук, дук, дук,
Жүгіріп өтпе.
Ду,
ду, дук, дук, дук,
Тұра тұр шетте.
Ду,
ду, дук, дук.
Поезды өткіз,
Қол
бұлғап қалайық:
Жол
болсын – деп біз.
1-бала: Үйрен таппай тыным
бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.
2-бала:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға
жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу
да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да
қалмаған.
3-бала:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір
адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып
бітемін,
Осы
жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
1-бала: Жол ережесін білу
өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.
2-бала: Оның сырын біліп, жол
ережесін орындау баршамызға қажет.
3-бала: Есігінен артқы
Көлікке сен
мінгін.
Дәл осы бір сәттен
Құлағыңды
тіккін.
4-бала. Кезекте сен әлгі
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен алғы
Түсеріңді
білгің.
IV
«Қиылыстар»
Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа
оны.
2-бала. Бос болмаса алайда
Сақтық жаса
абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос
тұрып.
3-бала. Ирек-ирек
көшелер.
Көше деген мың
ирек.
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің
біртіндеп.
(«Бағдаршам» ойынына барлық балалар
қатысады.)
Тәрбиеші: Ойын жүргізушісі
алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, балалардың қаншалықты
жинақы екенін байқайды.
Ойын шарты
1) Бағдаршамның жасыл көзін
көрсеткенде
балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын
қозғалысқа келтіреді.
2) Сары
көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін
көрсеткенде бір орында
қозғалмай тұрып қалады.
жүргізуші: Қызыл көзін
ашқанда,
Сынық сүйем баспа
алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма
аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін,
жасқанба!
Тәрбиеші:
Балаларға жолда жүру
ережесімен таныстырылды. Мен жаяу жүргінші «Жол ережесі қалай пайда
болды.» атты сабағымызды өтті. Балаларға айтарым, жолда жүру
ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер
демекпін.