Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Конспект: Саралау әдісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп
КОНСПЕКТ
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасының
"САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ"
Мұғалім: Азбергенова Т.Т.
бастауыш сынып мұғалімі
Семей қ.
2018-2019 оқу жылы
Мұғалімнің аты-жөні: Азбергенова Толкын Токталгановна
Жұмыс орны: Т.Аманови атындағы №16 ЖОББМ
Қызметі : бастауыш сынып мұғалімі.
Санаты : педогог-модератор
КОНСПЕКТ
Біліп қана қойған аз, оны
пайдалана білу қажет.
қалап қана қойған аз, оны жасау қажет.
ТАҚЫРЫП: Жаңартылған білім беру бағдарламасының
"САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ"
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:
-
Шеберлік сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.
-
Саралау тәсілдерін тиімді меңгерту.
-
Педагог қызметкерлермен тәжірибе алмасу.
-
Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.
-
Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Қатысушылар саралау тәсілдерін өз сабақтарында тиімді қолдана алады, білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады.
САРАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті-білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.
Өркениетті елдермен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе.
Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде карастырылады. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау; оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата - аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақта сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал улгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады.
Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үшке бөлуге болады, Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан, сабақ кезінде әрқайсының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы. Біз өз іс - тәжірибемізге осыларды енгізіп, жұмыс жасап келеміз. Біздің басты мақсатымыз - сынып оқушыларының ерекшелігін анықтау.
Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп окытқан жөн.
Саралап оқытудың дефинициясына келетін болсақ:
-
Балалардың мүмкіндіктері мен тілектерін барынша ескеру (И.П.Подласый)
-
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың формасы(Г.К.Селевко)
-
Жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне, стильдеріне және қызығушылықтарына жауап ретінде ұсынатын нұсқаулардың қарқынын, деңгейін және түрлерін өзгерту (Хикокс )
-
Дифференциацияланған оқу мұғалімдер оқуды оқушылардың ерекшеліктеріне бейімдеулері қажет деген алғышартқа негізделген оқытудың философиясы болып табылады. (С.Виллис)
Сонымен,
-
саралап оқыту дегеніміз не?
-
Саралап оқыту неге маңызды?
-
Оқыту үдерісінде оқушыларды саралап қалай оқытуға болады?
Олай болса оқыту саралау дегеніміз:
-
оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес тапсырмаларды орындату арқылы түрлі деңгейдегі оқушыларды оқу мақсатына жеткізу
-
Мұғалім оқу үрдісі барысында бірыңғай сапалық қасиеттері бойынша қалыптастырылған оқушылар тобымен жұмыс істеуді ұйымдастыру
Саралап оқыту неге маңызды? Михай Чиксентмихайдың «Талап ету және оқу» сызбасы бойынша оқушылардың оқу үдерісінде өте қатты қобалжу мен зерігу сәттері кездеседі.Қобалжу мұғалім оқушыдан тым көп нәрсені күткенде, ал зерігу оқушыға өте аз тапсырма ұсынылғанда пайда болады.
Оқыту үдерісінде оқушыларды саралап қалай оқытуға болады?
Саралаудың екі түрі бар:
-
Сыртқы саралау(Білім беру мекемелерінің түрлеріне қатысты болады.Мысалы: гимназия,лицей т.б)
-
Ішкі саралау(Оқушылардың қабілеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып оқу процесін ұйымдастырудың формасы)
Ішкі саралаудың бірнеше түрі болады:
САРАЛАУ
ТƏСІЛДЕРІ
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ
қабылданған жеті тəсілі бар:
Тапсырма
- Мұның құрамына білім деңгейі əртүрлі
оқушыларға арналған тапсырмалар
кіреді.
- Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек
керек пе, əлде күрделі тапсырмалар беру керек
пе)
түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен
тапсырмаларды жасау.
- Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын
тапсырмалары бар карточкаларды
пайдаланыңыз.
Дереккөздер
- Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына
қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен
жұмыс
істей
алады.
- Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз
болатын мəтіндерден бастап, анағұрлым қиын
сөздерді
жəне күрделі идеяларды түсіндіретін
мəтіндерге дейін ауытқып
отырады.
- Баспадан шыққан жəне электронды дереккөздер
де пайдалануы мүмкін.
- Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым
ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын
- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда
жылдам жұмыс істейді.
- Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды
талап ететін оқушылар үшін қолдануға
болады.
- Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек
қажет ететін оқушыларға біршама уақыт
беріледі.
Қорытынды
- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да
олардың нəтижелері əртүрлі
болады.
- Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз
«дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден
гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына
қарай жауап береді.
- Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере
отырып, олардың əрқайсысының өздерінен
не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу
керек.
Диалог жəне қолдау
көрсету
- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау
барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет
болады.
- Мұғалім оқушыларды ойланту үшін жəне
бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала
дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл əдісті қолдану
барысында сөзбен қолдау көрсету жəне
ынталандыру да маңызды рөл
атқарады.
Бағалау
- Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша
педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа
да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай
үнемі түзетіліп отырылуы
мүмкін.
- Педагогикалық қызмет табыстылықты,
жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды
анықтайтын əмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз
пəнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай
жылжи аламыз.
Жіктеу
Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда
пайдалы көптеген тəсілдер
бар:
- мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық
деңгейі немесе қолдау
деңгейі)
- талаптары əртүрлі
оқушылар
- джигсо
топтары
- кəсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар
немесе сарапшы топ
- гендерлік
топ
- аралас гендерлік
топ
- ұйымшыл
топ.__
Бұл аталған саралау түрлерін біз күнделікті сабақта пайдаланып келеміз. Бірақ оны өзіміз аңғармаймыз.
Саралап оқытудың тиімді жақтары:
-
Мұғалімдерге әлсіз оқушыларға көмек беруге және қабілеті жоғары оқушыларға қолдау көрсетуге мән беруге мүмкіндік туады
-
Сыныпта қалыс қалған оқушыларды болдырмайды
-
Қоғамдық нормаларға қиын бейімделетін оқушылармен әлдеқайда тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді
-
Қабілеті жоғары оқушылардың терең білім алуына мүмкіндік береді
-
«Мен» тұжырымдамасы деңгейі артады
-
Мықты топта жұмыс жасау мотивациялары артады
-
Өзімен қабілеттері тең топтарда жұмыс жасау оқушыларға оң ықпал етеді
Саралау тәсілдері оқушы үшін де, мұғалім үшін де мынандай мүмкіндіктер береді:
-
Әрбір тұлғаның шығармашылық, креативті әрі мақсатқа ұмтылғыштық мүмкіндіктері дамиды
-
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің деңгейі жоғарылайды
-
Қабілетсіз оқушы туралы пікір орын алмайды
-
Көптеген оқушылардың қолайлы ортада білім алуға мүмкіндігі пайда болады
-
Басқаларды оқып-үйрету арқылы өздері үйренеді
Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әртүрлі оқитынын түсінеді .