400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конспект: Табиғи аумақтық кешен

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

табиғи аумақтық кешен- табиғат компоненттерінің белгілі бір заңды байланыстары тән болып келетін аумақ.

Физикалық - географиялық аудандастыру - ландшафтарды жүйелеудегі әдістердің бірі, ландшафтардан неғұрлым жоғары дәрежедегі ірілендірілген аумақтық жүйелерге өтуге саяды

Қазақстан жері қарлы биік шыңдарымен, жазиралы далаларымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен ерекшеленетін 9 табиғи ауданға бөлінеді. Олар: Шығыс Еуропа жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран жазығы, Орал, Сарыарқа, Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай, Тянь-Шань.

 Шығыс Еуропа жазығы – Жер шарындағы ең ірі төбелі жазық. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Шығыс Еуропа жазығының құрамына еліміздің аумағындағы Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт қыраты, Жем үстірті кіреді.

Қазақстанға Тұран жазығының солтүстік бөлігі кіреді. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейінгі кең алқапты алып жатыр. Жазықтың аумағына Маңғыстау, Үстірт, Арал маңы, Сырдария, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы кіреді.

Солтүстік Қазақ жазығы Қазақстанның солтүстігін алып жатыр. Солтүстік Қазақ жазығы Орал тауынан Алтай тауларына дейінгі 200-250 шақырымдық аумақты алып жатыр.

Сарыарқа тауы – Қазақстанның орталығын алып жатқан аласа таулы өлке. Сарыарқа тауы Баянауыл, Кент, Қарқаралы, Қызыларай сияқты таулардан тұрады. Олардың ең биігі Қызыларай тауы, себебі онда Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң орналасқан.

Алтай тауы Жайсаң көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян тау жүйесінің бір бөлігі. Алтай тауының ең биік шыңы Ресей жеріндегі – Мұзтау, оның биіктігі 4506 м, ол Қатын жотасының шығысында, Қазақстан мен Алтай өлкесінің шекарасында орналасқан.

Жетісу Алатауы еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан таулы өлке. Жетісу Алатауы Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғары аралығында орналасқан.

Сауыр жотасы Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік бөлігі болып саналады. Бұл жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 шақырым. Ең биік нүктесі – Мұзтау, оның биіктігі 3816 м.

Тянь-Шань тауы Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатыр. Тянь-Шань сөзі қытай тілінен аударғанда "Тәңір шыңы, Аспан тау" деген мағына береді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
1292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі