«Балапан»
ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу
күні: 14.02.19ж
Тәрбиеші:
Сатымбаева А.К.
Білім
беру саласы: «Қатынас»
Пән:
Тіл
дамыту
Өтпелі
тақырып:
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Тақырыбы:
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:
Өз ойларын толық жеткізе білуге, еңбекке
құштарлығын оятып, үлкендердің еңбегін
бағалай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық:
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта
отырып, болашақ мамандықтарына байланысты
ұғымын терендетіп, қызығушылықтарын
арттыру, сөздік қорларын дамыту.
3.Оқыту:
Мамандық түрлері туралы түсініктерін
кеңейту.
Педагогикалық
технологиялар: Ойын
технологиясы
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
Мамандық иелерінің суреттері.
Сөздік
жұмыс:аспазшы,ұста,
етікші,мұғалім.
Үш
тілділік компонент: маман-специалист-specialist,
тігінші-швея-seamstress, дәрігер-врач-doktor.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі
Жылулық
шеңбері.
Балалар
бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып,
бір – бірімізге қуаныш сыйлайықшы.
Үлкенге
де Сіз
Кішіге
де Сіз
Құрметпенен
сіздерге
Бас
иеміз біз.(Бас иеді).
Қуанамын
мен де,
Қуанасың
сен де .
Қуанайық
достарым ,
Арайлап
атқан күнге.
ІІ.
Негізгі бөлімі.
1,2,3
Топтың
іші тып – тыныш,
Жалқаулықты
тастаймыз .
Сабақты
біз бастаймыз, -
деп
бүгінгі сабағымызды бастайық. Балалар
бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз
саяхатшы Дарамен бірге саяхат сабағын
өткіземіз. Жолымызда кездескен
тапсырмаларды орындап, Дараға көмектесуге
дайынсыңдар ма? Барлық кедергілерден
өтсек Дараның сендерге дайындаған
«тосын сыйы» бар.
Дараның
1 тапсырмасы: жұмбақтар шешу.
Мектептің
жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)
Сауықтырар
сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
Тікті
әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. (
Тігінші)
Зымыранды
ерттеген, ай жұлдызды зерттеген.
(Ғарышкер)
Өскен
шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын.
(Шаштараз)
Дабылға
тез жететін, жалынға сүнгіп кететін.
(Өрт сөндіруші)
Бал
татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы)
Жалтылдап
қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)
Тұрады
әркез сауда сатып, таразы, шотпен
достасып.(Сатушы)
Ол
көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қасынан
жолаушы бір үзілмейді. (Шофер)
Сөздік
жұмыс:аспазшы,ұста,
етікші,мұғалім.
Үш
тілділік компонент: маман-специалист-specialist,
тігінші-швея-seamstress, дәрігер-врач-doktor.
-Иә,
біз бүгін сендермен мамандықтар жайында
әңгімелесеміз. Сендер «мамандық» деген
сөзді қалай түсінесіңдер?
-Балалар
сендер мына күнделікті келіп жүрген
мектептерің , өздерің тұрып жатқан
үйлерді салатын адамдарды, ауырып қалсақ
емдейтін адамдар, киімдерімізді тігіп
беретін адамдар , бізге білім беретін
адамдар, шашымызды әдемілеп қиып беретін
және тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл
адамдарды бір сөзбен айтқанда мамандық
иелері дейміз.
Дараның
2 тапсырмасы: Мамандық туралы тақпақтар.
Мен
дәрігер боламын,
Үлкеннің
де, баланың.
Қиналғанда
қасына
Бірінші
боп барамын.
Жақсы
оқып сабақты,
Білім
алып толамын.
Бөбектерді
оқытар,
Мен
мұғалім боламын.
Ар
намысын сақтаған,
Жүректе
сыр жақтаған.
Жан
тәнімен сақтаған,
Ұшқыш
болғым келеді.
Өте
жақсы балалар .
Дараның
3 тапсырмасы: ойын
-Балалар
қазір біз сендермен «Кім
жылдам?» ойынын
ойнаймыз.
Ойынның
шарты: Бөлменің
ішінде хат жасырылған. Сол хатты тез,
жылдам іздеп табамыз.
Осы
сәтте бөлмеге алаяқ түлкі кіріп балалардың
хаттарын ұрламақшы болады. Балалар
қараңдаршы алаяқ түлкі сендердің
хаттарыңды ұрламақшы түлкіні қалай
тоқтатамыз. «Алааяқ ұрлама,алааяқ
ұрлама» деп балалар түлкіні тоқтатады.
Түлкі «қап бәлем» деп қатып қалады.
Балалар түлкіге біздің сабағымызда
қалуға рұқсат берейік па?
Енді
балалар тапқан хатымыздың сыртына
қарайықшы не көріп тұрсындар. Ия , сандар
математиканы біраз есімізге түсірейік.
Сандар өсу ретімен тұра қалындар. 3,5,6
сандарының көршілерін табу. Жақсы
балалар.
Енді
хаттың ішінде тұрған кескін қағазды
құрастырамыз.
-Балалар
сендерде қандай мамандықтардың суреттері
шықты ?
-Сендер
сол мамандық туралы не білесіңдер?
Дараның
4 тапсырмасы:
«Балықшы»
ойыны.
Шарты
: берілген
заттар қай маман иесіне қажет
Сергіту
сәті видеомен
Дараның
5 тапсырмасы: «Құрылысшы» ойыны.
Екі
топқа әртүрлі тапсырма беріледі.
Топ
әртүрлі фигуралардан үй құрастырады.
Дараның
6 тапсырмасы: «Аспазшы» ойыны.
Шарты: Бір
– бір баладан шығып бірінші оқушы
компотты дайындайтын жемістерді жинайды.
Екінші оқушы борщты дайындайтын
көкеністерді жинайды.
ІІІ.
Қорытынды
Осымен
балалар бүгінгі сабағымыз соңына жетті
. Біз
сендермен «Мамандықтар» еліне келдік
. Суретке қарасаңдар мамандықтың түрлері
өте көп екен.
-Ал
бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,
көп ізденуді ,қажымас қайратты, көп
еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып
шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындап
оқытады. Сонда ғана өздерің қалаған
мамандық иесі болып шыға аласыңдар.