Материалдар / «Конституция – біздің болашағымыз!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Конституция – біздің болашағымыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
әрбәр білім алушыны өз конститутцияны білуге үйрету
Авторы:
24 Қаңтар 2024
126
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Конституция – біздің болашағымыз!»



Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Конституция – біздің болашағымыз!»

Білімділік мақсаты:  Ата Заңның  бағасын білу, студенттерді еліміздің

басты  құжатын құрметтеуге және ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда

бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен

таныстыру. 

Дамытушылық мақсаты: Студенттерге адамның - ең қымбат қазына

екендігін, оның өмірімен, құқықтарымен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру

арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Өлең оқылады 

Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, ән тыңдау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер, суреттер, буклет, ән. 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру ізденіс кезеңі. Кіріспе әңгіме Құрметті  ұстаздар, ата-аналар және студенттер!

Барлықтарыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Сіздерге толағай

табыстар мен биік белестер тілей отырып, бүгінгі  «Конституция – біздің

болашағымыз!»   атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Ата Заңымыз

туралы терең түсінік беру үшін сынып сағатымызды тренинг түрінде

өткізбекшіміз. Тәрбие сағатымыз онлайн түрінде өтетіндіктен түсіністікпен

қарауларыңызды сұраймын.

Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы

адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз

азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы

қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге,

жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік

тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация

(1948 ж 10 желтоқсан Нью - Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған

Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Еліне арналатын тілегішін,

Ей, ұлым -Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Зыңның білемісің ?! ,- деп ақын  жырлағандай бүгін

оқушыларымызға  Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие

сағатымызды өткізбекшіміз. Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

«Жас Қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші

кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы

жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс». Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны

сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт.

Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы - Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты

Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас

жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар

бастауына айналды. Қастерлі  құндылығымыздың қағидаттарын  бұлжытпай

орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді  

орнатып,  Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен

тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі

тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік

биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады.

Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты.

Осы мерейлі  межеге биыл 25 жыл толып отыр.Конститутция –кемел

келешектің кепілі. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз

Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің

енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері

болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің,

Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-

өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз.

Біздің Негізгі заң–бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып

жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді

секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

- Студенттер, Конституция дегеніміз не?

(Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін,

мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін,

азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң).

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі)

заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы

қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің

егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз –

мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.

(1937, 1978, 1993, 1995)

Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа

заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Қандай құқықтар мен бостандықтары туралы білесіңдер?

(Біздің конституцияның заңына сәйкес өмір сүруге, мамандықты таңдау

құқықтары, демалысқа, баспана мен медициналық көмекке құқылымыз. Заң

алдында барлық адамдар бірдей, әр адамды мемлекет, сот және милиция

арқылы қорғайды. Отаным десем ойыма...

Шалқыған байтақ жер келер,

Отаным десем ойыма...

Көгілдір тартқан көл келер.

Баурайы байлық, қойны құт

Отаныма еш қашан мекен де болмас тең келер.

- Ал, сен Отан жайлы не айтасыңдар? (әр студент өз түсініктерін айтады.)



Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын- демекші биыл Конститутцияға 25 жыл. Осы

уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің

шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі

Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында

ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге

асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан

әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа

даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді,

бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына,

экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек

Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-

қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді

бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз. 



«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» студенттер сұраққа жауап береді.

1.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның Конститутциясы қай жылы

қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл ﴿

2.  7-бап. Баланың бiлiм алуға құқықтарын қорғау ( Әрбiр баланың бiлiм алуға

құқығы бар және оған тегiн жалпы орта және бастауыш кәсiптiк бiлiм

алуға кепiлдiк берiледi. Заң Қазақстан Республикасында қабылданған бiлiм

беру стандарттары шегiнде баланың мiндеттi жалпы бiлiм алу құқығына

кепiлдiк бередi) 

3.«Конституция» термині қандай мағынаны білдіреді? (Құрылым)

4. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы – (Тәуке хан) 

5.  4-бап. Балалардың тең құқылығы   ( Нәсiлiне, түсiне, жынысына, тiлiне,

дiнiне, саяси және өзге де сенiмдерiне, ұлттық, этникалық немесе

әлеуметтiк шығу тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне,

баланың тууы мен денсаулық жағдайына, оның ата-анасына немесе заңды

өкiлдерiне не кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан барлық балалар

тең құқықтарға ие.)

 6.20-бап Баланың міндеттері. «Әрбір бала ҚР-ның Конституциясын және

Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-

ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын

құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға,

ескеркіштерді сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға

ұқыпты қарауға міндетті».

Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі

бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі.

Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты

мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы.

Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл

қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға

құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей

құрметтеу. Әрбір Қазақстандықтың -Конститутциясының мемлекет пен

қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары

үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап

орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз

Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша

мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы

құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Ата заңың-мерейің,

Мәртебең мен беделің,

Ата заңмен өркендеп,

Өсіп, өрлей берейік!

Ата Заңымыздың құқықтық құндылығы жоғары деңгейде. Олай болса, Есім

ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Тәуке ханның «Жеті

жарғысының» жалғасы – Ата Заңымыздың айбыны асқақтай берсін!

Қазақстан - елдің аты, Қазақстан - жердің аты. Қазақстан - ел жаннаты,

Қазақстан - жер жаннаты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!