400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конституция – қазіргі Қазақстанның гүлдену негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Коституциямыз-мақтанышымыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құқық және басқару негіздері кафедрасы

Құқық және экономика негіздері мамандығының

3-курс студенті Тынысбекова Н.Т.



Эссе

Тақырыбы:Конституция – қазіргі Қазақстанның гүлдену негізі

Қазақ халқы егеменді, тәуелсіз мемлекеттің ұлттық өркендеу кезеңінің
негізін 90-жылдары құра бастады.Біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы өз басынан талай басқыншылықтарды өткізді. Қаншама жазықсыз жандар құрбан болды.Қалалар мен мәдени орталықтар қиратып,кітаптарымыз өртеп жатса да қазақ халқының батырлары,ата-бабаларымыз ұлан-байтақ жерлермізді найзаның ұшымен,білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жеткізді. Өзімізді тәуелсіз,құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтырғаннан кейін,осындай мемлекетте қоғам өмірінің негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие,яғни Конституцияның алатын орны.Нақты Конституцимыз жайлы айтатын болсақ. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтетіні барлығымызға белгілі деп ойлаймын.Біздің Конституциямыз халқымыздың егемендігінің иесі,республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.Республикамызда тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады.Сондықтан саяси ымыраға келіп,мемлекетіміздің тыныштығын одан әрі нығайтуды ойлауымыз қажет.
Біздің Конституциямыз Республикамыздың тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіздік алғаннан кейін қысқа мерзім ішінде даярланды .Ол халық талқылауынан өткен соң,референдум арқылы өз күшіне енді.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.Ал қазіргі ағымдағы Конституциямыз 1995 жылы 30 тамыз күні, жоғары да айтып кеткендей жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек өз күшіне енген болатын.Конституция 9 тарау,98 баптан тұрады. Жалпы Конституция мемлекеттің негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Екінші Конституциямыздың қабылдану барысында дауыс беру еліміздің қалалары мен аудандарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді.Көп ададамдар қызығушылық білдіріп алдыңғы конституция дан айырмашылығы неде деп сұрап жатады,айырмашылығы оның мазмұнының сапасында. Осы ағымдағы Конституцияға алғаш рет азаматтың құқықтарына ғана қатысты еме, адам дүниеге келгеннен бастап одан ажырамас құқықтарына қатысты нормалар енеді.Сонымен қатар, Конституциямызда адамды қастерлеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген.Әркімнің өзінің жеке басаның бостандығы заң жүзінде қорғалған.Осы заң бойынша адамның жеке қадір-қасиетіне қол сұғылмайды делінген.Конституцияның 19-бабында «Әркімнің өзінің қай ұлтқа, өай партияға,қай дінге жататындығын өзін анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы»деп жазылған.Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.
Конституцияның 39-бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті,адамның құқығы мен бостандығын халықтың денсаулығын ойлау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында әр адамның бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген, әр адамның заң мамандарынан көмек алуға,үкімді Жоғары сотқа өайта қаратуға,жазаны жеңілдетуін сұрауға құқығы бар.Азаматтардың медициналықкөмек алуына, тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім Конституция бойынша міндетті деп табылған.
Халық өзі дауыс беріп қабылдаған,заңын әрқашан дұрыс,әділ деп біледі.Заңға құрмет болмайынша,оны барынша қастерлемейінше, заңның құдіреті дұрыс болмайды. Ата заң мәртебесі болу үшін,оның принциптері,қағидалары,мемлекет пен халық қазығының мәні болуға тиіс.Заң жоғары дәрежеде жұмыс жасау үшін, оны біз халық, Қазақстанның азаматтары бұлжатпай орындауымыз,күнделікті дағдымызға айналдыруымыз керек.Қазіргі күні елімізде өкінішке орай қылмыс,ұрлық-қарлық, жемқорлық көп болфып кетті. Осы жемөорлыққа байыланысты заңдар бостан-босқа шығарылмайды.Бұл қоғамға, мемлекетке аса қауіп төндіріп тұрған қылмыстың бір түрі.Осы мемлекет ретінде алға басуымызға бөгет бола бастады.Заң қабылдандыма оны мүлтіксіз орындау қажет.
Заң бедел,мансап,ақша,байлыққа сатылмай,тең ақиқатқа ба иеді.Бізде келешекте осыған жетуіміз керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі