400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Конституция-еліміздің басты заңы! »

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің басты заңы-Конституция туралы ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы



30 Тамыз – Конституция күні
«Конституция-еліміздің басты заңы! »



Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әнұран, би, ойын.
Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады:
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер - ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Тәрбиеші сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
- Арайлаған танды сүйетін кім?
- Алтын сәулені сүйетін кім?
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Туған жерді сүйетін кім?
- Ата - ананы сүйетін кім?
- Досын сүйетін кім?
- Еліміздің болашағы кімдер?

Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995 жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі,
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Балаларға конституция кітабының суретін көрсетеді.

Тәрбиеші: Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендерде, балалар да - мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.

Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
- Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Президентіміз кім?
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Балалар сендер рәміздер туралы білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған таза күн
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді.

Айдын: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.


Тәрбиеші балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.

Еркеназ:Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі - бақи шырқалады,
Республика әнұраны.

Балаларға әнұран айтуды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Үстел үсті ойындары мен тапсырмалар «Дұрыс орналастыр»


Атанияз:
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен - байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тұра бер,
Қазақстаным менің!



Аяна:

Отан туы желбіреп
Көзтартады  құбыла
Біз
қараймыз елжіреп
Туған
жердің туына.



«Сұңқар»тобының орындауында патриоттық би «Көк тудың желбірегені».


Тәрбиеші:Олай болса келесі кезекті әнге берейік.


«Сұңқар»тобының орындауында патриоттық ән «Қазақстаным- Отаным!».




Тәрбиеші: Конституция күні баршамызға құтты болсын!

Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып « Конституция-еліміздің басты заңы!» атты оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.


























Picture 1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 сәуір
31
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі