Конституция күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конституция күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Конституция күні мерекесіне орай "Ата заңым-айбыным" атты балабақшада кішігірім мерекелерге арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Конституция күніне арналған «Ата заңым айбыным» атты сценарий.

Балалар музыкалық залға «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.

Жүр: Бүгін біз Конституция күнін атап өтеміз! Бұл үлкен мереке. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

Қастерлемес даңқын кім

Қадірлемес салтын кім

Әнұраны елімнің

Үні, тілі халқымның


(ҚР әнұраны орындалады)


Жүр:Еркін елдің Ата Заңы ардақты

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты



Адам құқы, бостандығы, теңдігі,

Барлығын да қарастырған жан- жақты.

Балалар, біздің мерекеміз қызықты болу үшін мен сендерді кітапханамызға қысқаша саяхат жасауды ұсынамын. (Шағын кітап көрмесі)

Кітапханашы шығады.

Қайырлы күн балалар, сәлем құрметті қонақтар. Сізді мерекемен құттықтаймын. Бүгін сендерге басты кітабымыз туралы мәлімет айтқым келеді.

(Кітапханашы балаларға слайд арқылы кітаптарды көрсетеді)

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы.

Біздің ата-бабаларымыздың өз заңдары болған. Слайдқа назар аударайық.

«Қасымханның қасқа жолы»

«Есім ханның ескі жолы».

«Жеті ыстық»

Қазақ КСР Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Кітапханашы: Мен сендермен ойын ойнағым келеді.

Слайд. Ойын: «Не жақсы, не жаман?»

Слайдта «жақсы» және «жаман» 2 сурет бар. Балаларға не істеуге болатынын және не істеуге болмайтынын көрсету керек.

Кітапханашы: Балалар жарайсындар! Мен барып басқа балаларға Қазақстан Республикасының конституциясы туралы айтып берейін.Сендерге сыйлығым бар, бұл сендерге ертегілер кітабы. Топта бірге оқып, білімді балалар болып өсе беріндер.

Жүр: Біздің балалар өте ақылды. Бүгін мерекеге орай олар саған ән айтқысы келеді:

Ән___________________

Жүр: Біз бәріміз де бір елде, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Осылай тату-тәтті өмір сүріп , өміріміз ойын күлкіге толы болсын. Сендермен ойын ойнағым келеді.

Ойын: «Шаңырақ»

Жүр: (сұрақ-жауап)

  1. Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

  2. Қазақстан қандай мемлекет?

  3. Отанымыздың астанасы қай қала?

  4. Еліміздің президенті кім?

  5. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?


Рәміздер туралы тақпақтар.

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды


Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!


Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

Конституция күні – Қазақстанның барлық тұрғындарына ортақ мереке.

Бәрімізге ашық аспан тілеп, барлығымызды бірге билеуге шақырамын.

Флэшмоб.

Жүр: Осымен Конституция күніне арналған мерекеміз аяқталды. Сізге бақыт пен тыныштық тілеймін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.08.2022
2046
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі