жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Конституциялық құқық және міндеттер. Еңбек құқығы, бала құқықтары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: ІІІ – бөлім. Қоғамның саяси саласы |
Колледжі: «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі |
|||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сабырова Арайлым Нұржауқызы |
|||||||||||||||||||||
Тобы: |
Қатысқандар: |
Қатыспаған-дар: |
||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жеке тұлға және саясат, саяси элита. Конституциялық құқық және міндеттер. Еңбек құқығы, бала құқықтары |
|||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.2.1.1 конституциялық құрылыс негіздерін түсіндіру 9.4.1.1 еңбек құқығы ұғымын түсіндіру 9.5.3.2 құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары
|
Конститутциялық құрылым негіздерін сипаттау. Еңбек құқығы мен ұстанымдарын оқып үйренеді. Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдай алады. |
|||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Конститутциялық құқық, конститутциялық құрылым, унитарлық, демократия, зайырлылық, плюралистік Еңбек құқығы, еңбек қатынастары, еңбек бостандығы, конститутциялық кепілдіктер, еңбек шарты. Балал құқықтары мен міндеттері,ата-анақұқықтары мен міндеттері. Тілдік дағдылар: Тыңдалым дағдысы - бейнебаянмен танысу, Жазылым дағдысы - кесте толтыру, Айтылым дағдысы - сұрақтарға жауап беру, диалог Оқылым дағдысы - мәтінді оқып, пайдалану. |
|||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Еңбек құқығы ұғымын сипаттайды. Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдайды. конституциялық құрылыс негіздерін түсіндіру |
|||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» идеясының (6-бөлім) құндылықтарын негізге ала отырып, Ұлттық демократиялық-патриоттық ұстанымдарын бойына сіңіру.
|
|||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
|
|||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарына және көңіл-күйлеріне назар аудару) Ынтымақтастық атмосферасын құру «Ұшақ» ойыны Топтастыру: әр түрлі түстер арқылы ұшақпен топқа бөлу Үй тапсырмасын сұрау «Ұжымдық жұмыс «Серпілген сауал» 1. Сендер үшін қандай ережелер ең маңызды? Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер? 2. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетке айналу жолында екенін дәлелдеңдер. 3. Қоғамдағы құқықтық қатынастарды қалай реттейміз, дәлелдеңіздер? 4. Қоғамдағы балалар құқықтары қандай дәлелдеңдер? Бағалау. (Бас бармақ арқылы)
Тапсырма 1. Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс»
Әр топқа бір тақырыпша бөлініп беріледі 1-қадам: мәтінмен жұмыс 2-қадам: топтық қорғау Саясат туралы түсінік
Коституция
Бала құқықтары
Тапсырма.2 «Допты лақтыру» әдісі Мұғаллім допты лақтырады сұрақ қойып, допты қағып алған студент жауап береді.
Тапсырма.«Пікіралмасу «Сэндвич» әдісі» Әр топ стикерге 3 сұрақтан жазады, бірінші бетіне сұрақ жазылады, келесі бетіне жауабын жазады. Сосын стикерлерді топпен алмастырып сұрақтаға жауап береді, стикердің келесі бетіндегі сұрақтың жауабымен салыстырады. Бағалау. Мұғалім мадақтамасы
Рефлексия «Блоб ағашы» немесе табыс ағашы сабақта қарастырылған оқу мақсаттарының меңгеріліуіне байланысты оқушылар өздеріне кері байланыс береді
|
Интер. тақта АКТ Құқық негіздері 9-сынып А.С.Ибраева. С.Б.Гончарев
|
||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіріуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс - Денсаулық қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
||||||||||||||||||||
Топтық, жұптық жұмыстар барысында ашық сұрақтар тастау арқылы жадаяттық тапсырмалар орындайды.
|
|
|
||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Топтық жұмыста оқушылар әдістерін қолдануда 2. Жұптық жұмыс жүргізуде Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқулар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||||||||||||||
Еңбек құқығы
Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан көрніс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен:
1) еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен;
2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен;
3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;
4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі;
5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.
Еңбек құқығы жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге (институттарға) бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және еңбек құқығы институттарының барлығына бірдей қолданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құқығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек катынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.
Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) дегеніміз заңнамалармен белгіленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбектік құқықтық қатынастарын және онымен тығыз байланысты еңбек қатынастарын реттейтін нормативті актілердің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар:
1) еңбек туралы нормативтік актілер жүйесінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған заңдық күші бар актілердің санының көптігі;
2) жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасында кәсіпорын деңгейінде қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің санының басымдылығы;
3) нормативтік актілердің жалпы және арнайы болып бөлінуі. Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) заңдық күшіне қарай: заңдар, заңдық күші бар актілерге — Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары, үкіметтің қаулысы, өкімі, бұйрықтар, ережелер және жергілікті нормативтік актілерге және әрекет ету деңгейлеріне байланысты республикалық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.
Жеке тұлға –
әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген