КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
РЕФОРМА – ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУДЫҢ
ШЫНАЙЫ ҚАДАМЫ
Тәуелсіз
Қазақстанның мемлекеттік құқықтық
дамуында өз алдына егеменді мемлекет
құруды аңсаған алаш зиялыларының
саяси-құқықтық көзқарастарының маңызы
өте зор. Конституцияның жаңа үлгісімен
мемлекетіміз ұзақ жылдар алға қойған
үлкен мақсаттарды орындауға қадам
басты. Конституциямызға енгізілген
демократиялық өзгерістердің негізгі
бағыттарын мыналардан көруге болады.
Біріншіден, бірқатар билік уәкілетті
Парламентке өтті, яғни құзыреттік
міндеттер қайта бөлінді. Осылайша
Парламенттің рөлі күшейіп, мемлекеттік
басқаруға жаңа үлгі – президенттік-парламенттік
басқару жүйесі бекітілді. Елбасының
депутаттық корпуспен билік өкілеттігін
бөлісу күшпен немесе қысыммен емес,
Президенттің өзі қабылдаған шешім
бойынша жүзеге асып отыр.Жаңа өзгерістерге
сәйкес, Парламент жаңа өкілеттікке ие
болудың арқасында Үкімет құрамын
жасақтау, сондай-ақ қажет кезінде үкімет
мүшелері – министрлерді кері шақырып
алу және атқарушы билік органдарына
бақылау жасау құқына ие болды. Заң
шығарушы ұйым реформаларға тиісті
заңнамалық база қалыптастырумен қатар,
мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге
асыруға да бақылау жасайтын болды.Реформаға
сәйкес Әділет біліктілігі алқасы
таратылып, Жоғарғы Сот Кеңесінің рөлі
күшейтілді. Әр деңгейдегі судьяларды
тағайындау тәртібі ауысып, енді Жоғарғы
Сот Кеңесі барлық деңгейдегі соттардың
судьяларын тағайындауға ұсыным жасайды.
Осылайша республикадағы барлық судьялар
бірдей мәртебеге ие болып, барлығы бір
тәртіп бойынша тағайындалады. Жоғарғы
Сот Кеңесі консультативтік ұйымнан
жеке, тәуелсіз органға айналды.
Конституциядан Жоғарғы Сот Кеңесінің
құрамын реттейтін баптар алынып
тасталып, бұл мәселелер заңның
негізінде анықталады. Жоғарғы Сот Кеңесі
соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз
ететін, соттарды конкурстық негізде
іріктейтін, сот жүйесін жетілдірумен
айналысатын болды.Сонымен қатар
конституциялық өзгерістерге сәйкес
азаматтардың конституциялық құқыларын
қорғауға кепілдік беретін маңызды
мәселенің бірі – сот жүйесіне қамауға
алуға санкция беру тетігі енгізілді.
Бұл айыптаушы мен қорғаушының қатысумен
жүзеге асырылады, әрі әділ шешім
қабылдауға жол ашады. Мұны принциптік
тұрғыда жаңашыл өзгеріс деуге болады.
Ата заңның жаңа нұсқасы негізінде
Қазақстан өлім жазасын қолданбайтын
елдердің қатарына қосылды. Бұл – мемлекет
тарапынан қылмыстық саясатты
гуманизациялауға сәйкес жасап отырған
қадамдарының бірі. Сот-құқықтық реформа
– жетілдіру мен дамытуды қажет ететін
кең ауқымды және ұзақ мерзімді үрдіс.
Сондықтан реформалардың нәтижелерін
талдап,оның ішкі мазмұнын толықтыруда
көптеген жұмыс атқарылды. Конституцияға
енгізілген өзгерістер саяси тұрақтылық,
ұлтаралық татулықты жетілдіруге
бағытталды. Енді болашақта Қазақстанның
конституциялық дамуы мен өзгеруі ұлттық
мемлекеттің арқалаған міндеттерін шеше
алатын конституциялық принциптермен
және мемлекеттік-құқықтық институттармен
тығыз байланысты болмақ. Еліміз мүше
болған Кеден одағының дамуындағы
мәселелердің рөлінің маңызы арта түспек.
Ұлттық деңгейден жоғары тұратын ұйымдар
құру кезінде конституциялық заңдылық
мәселелері өзекті болады. Елімізде
кезең-кезеңмен өткізілген конституциялық
қайта құрулар мемлекеттік құрылымның
тиімді дамуына, демократиялық
қағидаларға сүйеніп азаматтық қоғамның
мүдделерін қамтамасыз етеді.Қазіргі
қазақстандық жүйе биліктің қоғам
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
етуге бағытталған. Жалпы, конституциялық
реформа Қазақстанды шынайы
демократияландыруға қарай жасалған
нақты қадамдардың бірі болды деп нық
сеніммен айта аламыз.
Жамбыл
облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Жамбыл
политехникалық жоғары колледжі»
мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
РЕФОРМА – ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУДЫҢ
ШЫНАЙЫ ҚАДАМ
«Экономика
және құқықтық пәндер»
ЦӘК
оқытушысы: Г.Т.Тілегенова
Тараз
2020
Жамбыл
облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Жамбыл
политехникалық жоғары колледжі»
мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
ЕЛІМІЗДІҢ
ЕРКІНДІГІ – АТА ЗАҢЫМ!
«Экономика
және құқықтық пәндер»
ЦӘК
оқытушысы: А.Шыныбекқызы
Тараз
2020