Материалдар / «Конструктивті қарым-қатынас»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Конструктивті қарым-қатынас»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг бағдарламасы арнайы 18-21 жас аралығындағы жоғары оқу орнындағы студенттерге арналган.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
1714
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Психология және педагогика кафедрасы















Тренинг тақырыбы

«Конструктивті қарым-қатынас»

















Дайындаған: Өмірзақова Әсемай Балтабайқызы







Костанай, 2015

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Бұл тренинг бағдарламасы арнайы 18-21 жас аралығындағы жоғары оқу орнындағы студенттерге арналган. Тренинг мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады. Олай болса бүгінгі тренингіміз «Қарым-қатынас тренингі» деп аталады. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес.

Тренингке бір топтың студенттері толық қатысады. Студенттермен жаттығулар жүргізе отырып оларға қоғамда, топ арасында т.б. қарым-қатынас кезіндегі іс-әрекеттеріне бағыт бағдар бере отырып көмек көрсету.

Тренингтің мақсаты: топ арасындағы және қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынас өрісін дамыту, коммуникативтік машықты жетілдіру.

Аудитория мақсаты: студенттер тобы. (Студенттер саны 15)

Тренинг өткізу орны: психологиялық тренинг кабинеті.

Тренингтің өткізілу уақыты: 1сағат

Тапсырмалар:

* Топка барынша жагымды жақсы жағдай жасау;

* Топтағы қарым-қатынасты жақсарту;

* Бір-бірімен топтаса,жұмыла жұмыс жасауға үйрету;

* Жұмысқа деген қабілеттерін арттыру;

Қажеті құралдар: орындықтар, интерактивті тақта, А4 қағаз және қаламсаптар.

Жүргізуші қатысушылармен танысып, тренинг тақырыбымен таныстырып және жалпы түсінік береді.(5 минут)қортындылай келе тренинг сабақтың ережесін түсіндіреді. ЕРЕЖЕ: 1. Құпиялылық 2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз 3. Белсенді боламыз 4. Бір-бірімізге ренжімейміз 5. «қазір» және «осында» принціпі

6. микрафон

1) Танысу. Есім тарихы (5минут)

Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Әр қатысушы әр ұлттың амандасу салты арқылы бәрімен амандасады және өз есімін атайды. Есімінің қандай мағына беретінін, қай тілден алынғанын, кім қойғанын, өзіне ұнайма дегендей толығырақ айту.

Мыс: Корей салтымен амандасу. Менін есімім Гүлнұр. Менін есімімді анам қойған. «Гүл» және «Нұр» гүлге түскен күннін көзі немесе күннін нұры дегендей мағынада. Қазақы есім. Маған өз есімім ұнайды.

2) Диктант (10минут)

Тринерші топтағы қатысушылды бір-бірден шығарады және оған геометриялық фигура беріледі. Қатысушы фигураны еш қимыл қозғалыссыз, сөйлеу арқылы, сол фигураны белгілі бір жеміске, затқа, адамға т.б ұқсатып жанамалап түсіндіруі керек. Басқа қатысушылар ол қандай фигура екенін табуы қажет. Мысалы: шаршы,пирамида,квадрад,тік төртбұрышты кубик т.б осы сиякты беріледі.

3)Ойлан тап (10минут)

Қатысушылар екі топқа бөлінеді, оларға сөйлем беріледі, сол берілген сөйлемді сөйлемей, іс-әрекет арқылы, көрініс қою қажет. Сол көріністің немен және не туралы екенін табу қажет.

* Сабаққа кешігіп келген студент

* Вечеринкада дос жолдастарынның наскиі жыртық екенін көріп, барін танқалып күлдіндер

4) Бәтенкелер (10 минут)

Барлығы дөңгеленіп отырадыда он жақ аяқ киімдерін шешіп ортаға қояды. Тренинг жүргізуші сол аяқ киімдерді жан-жаққа шашыратып қояды. Қатысушылар тұрып орындарын ауыстырады. Бәрі дөңгеленіп қолдарынан ұстап, жан-жаққа шашыраған аяқ киімдерді киеді. Ойын шарты бойынша аяқ киімді қолмен ұстауға болмайды.

5) Зип зап зоп (10 минут)

Қатысушылар біріне жақындап дөңгеленіп отырады. Екі қолдарын дізелеріннің үстіне қойып, зип зап зоп деп кезекпен айтып, қолдарын кезекпен көтеріп, түсіреді. Ойын басында баяу басталып сонында тездетіледі. Кім ойын барысында қателеседі сол ойыннан шығады.

6) Мейрімді жануар (5 минут)

Жануарымыздың қаншалықты терең тыныс алатынын анықтаймыз. Ол ушін қатысушыларымыз ортаға дөңгеленіп тұрып дем ал дегенде барлығы бірге демдерін ішке тартып, тринерші дем шығар дегенде барлығы бірге дем шығарады. Дал осылай 3-4 рет қайталанады. Кейіннен жануарымыздың жүрегі қаншалықты кеі әрі мейрімді екнін білемз. Ол үшін қатысушылар сол дөңгеленіп тұрған қалпында қалады, тринерші стук деп айтқанда барлығы бірге ортаға барынша аяқтарын қатты тарсылтатып, ортаға бір қадам жасайды. Тағыда стук дегенде артқа орындарына тұрады. Дәл осы қалыпта жаттығуды 3-4 рет қайталады.

Талқылау. 10 минут

Қатысушылар дөңгеленіп отырады, әр қатысушы тренингтен алған әсерін, эмоцияларымен бөліседі. Әр қатысушы жеке-жеке айтады.

Тринерші барлығының сөзін естіп болған соң, қорытынды сөзін айтады!

Қатысушыларға рахмет, алдағы сәтте де көтеріңкі көңіл күй тілеймін. Барлығымыз бір-бірімізге қол соғайық!

Өзіндік қортынды.

Қостанай мемлекеттік университетінің екінші корпусында 4 курс студенттері «экономистерге» тренинг өткіздім. Тренинг бір сағат болды. Тренинг негізі 1 ші курс студенттеріне өткізілуге тиіс болатынмын. Бірақ мемлекеттік тексерістерге байланысты жағдаят өзгертілді. Басында 1 курс деп ойлап келгенбіз, кейін 4 ші курстарға өткізесіздер дегенде біршама қорқыныш, қобалжулар болды. Енді не істеймін? Жаттығуларым 1 ші курсқа арнап әкелген едім....дегендей қобалжулар көп болды. Қасымда қолдайтын көмекшімнін болғаны мен үшін көп көмек болды. Маған тығырықтан шығуға көп көмегін тигізді. Аудиториядағы студенттер өте белсенді болды. Аздаған кемшіліктерім студенттердің белсенділігінің арқасында білінбей кетті. Топ өздерінің қандай ұйымшыл екендерін көрсетті. Тренинг жақсы өтті. Студенттерге ұнады. Ұнағаны сонша келесіде тағы келуімізді өтінді. Мемлекеттік тестінің алдында біраз сергіп қалғандарын айтып, рахмет айтты.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!