Контекст туралы оқушының деңгейін анықтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Контекст туралы оқушының деңгейін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Контекст (лат. contextus – қосылу, байланысу), тіл білімінде – тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайтын сөздік орта. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келеді. Ондай сөздердің қандай мағынаны білдіріп тұрғаны сөйлем ішінде, басқа сөздермен байланыста қолданылғанда айқындалады.Сондықтан контекст жасауды тест түрінде де алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні ------2025 жыл 8 « » сынып оқушысы

Контекст

1- нұсқа

Picture 15

Адам үшін негізгі сезім мүшесіне көру жатады. Қоршаған әлем туралы ақпараттардың басым бөлігі көру арқылы қабылдаймыз. Оның сезімтал жасушалары-фоторецепторлар. Ол заттардан шағылысқан жарықты қабылдайды. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды Дальтонизм (түсті ажыратпаушылық) — көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық. Түсті бірқалыпты сезетін адам негізгі үш түсті (қызыл, жасыл және көк) қабылдай алады. Екінші орында есту мүшесі тұрады. Есту арқылы ақпараттың 1/3-ін алсақ та, есту мүшесінің рөлі зор. Есту сүйекшелері (слуховые косточки); (ossicula auditus; лат. ossicula — сүйекшелер және auditus — есіту) — ортаңғы құлақтың дабылдық сүйек қуысында орналасып, бір-бірімен буын және бұлшықеттер арқылы қозғалмалы байланысқан сүйекшелер. Оларға балғаша, төс, жасымықша және үзеңгіше сүйекшелер жатады Катаракта, яғни көз бұршағының бұлыңғырлануы бұның бір себебі. Ересектерде катаракта жалпы жас ұлғаюына байланысты дамуы мүмкін. Сонымен қатар көздің қабыну ауруларында, миопияда, глаукомада, көздің жарақаттарында катаракта дамиды. Жалпы ағзаның соматикалық ауруларында да, мысалы қант диабеті сияқты, және басқа соматикалық ауруларда да катаракта дамуы мүмкін.

1. Көз бұршағы қызметінің өзгеруіне байланысты болатын көру кемістігі аталады

А) көз зақымы

В) трахома

С) алыстан көргіштік,жақыннан көргіштік

D) көздің жасаурауы

Е) конъюктивит

2.Түсті ажырата алмайтын ауру қалай аталатындығын көрсетіңіз

А) Гипертония

В) Гипотония

С) Анемия

D) Диабет

Е) Дальтонизм

3. Есту сүйектеріне қандай сүйектер жататындығын көрсетіңіз.

А) бұғана

В) самай сүйегі

С) балғашық,төс,үзеңгі

D) жақ және төбе сүйектері

E) иірім түтігі

4. Катаракта, яғни көз бұршағының бұлыңғырлануы бұның бір себебі неде?

А) қатар көздің қабыну ауруларында, миопияда, глаукомада, көздің жарақаттарында катаракта дамиды В)жарық сәулесін торлы қабықшаның сары дағына бағыттауды қамтамассыз етеді

С)торлы қабықшадағы бейнені қамтамассыз етеді

D)қоршаған әлем туралы көп ақпарат алу үшін

Е)Бейне теріс жағынан көрінбеу үшін



Контекст

Жасушалар мен ұлпалар

Өсімдік ұлпалары

1.Ядроға жақын, жасуша орталығын айнала қоршап жатқан көпіршікті, түтікше тәрізді түзіліс

A) лизосома

B) рибосома

C) гольджи жиынтығы

D) ядрошық

E) митохондрия

2.Цитоплазмада бос күйінде немесе жарғақшаға бекінген күйінде болатын өте ұсақ органоид

A) ядро

B) рибосома

C) лизосома

D) ядрошық

E) митохондрия

3.Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біріктіріп, олардың жұмыстарын реттейтін жүйе

A) асқорыту

B) қанайналым

C) бұлшықет

D) сезім

E) жүйке

4.Суретте өсімдік ұлпаларынан-фотосинтездеші және жас жасушалар үнемі бөлінетін ұлпа түрлерін анықтаңыз

А) №1 және №2

В) №1 және №4

С) №3 және №4

D) №2 және №4

E) №1 және №3











Күні ------2025 жыл 8 « » сынып оқушысы

Контекст

2- нұсқа



Жүйке жүйесі

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Одан ми, жұлын және ағзадағы бүкіл жүйелер тұрады. Нейрондар-жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Қосалқы жасышалары-нейроглия немесе глия(серікжасушалар). Олардың саны едәуір көп. Глия жасушалары нейрондарды қоршап, қоректік және қорғаныштық қызмет атқарады. Нейрондар жүйке импульсін өндіріп, әрекетке әсер етуге қабілетті. Олар жүйке импульсін бере алады. Әрбір нейрон дене және өсінділерден тұрады. Жүйке ұлпасының жасушалары көбеймейді, бірақ өсуге және тармақталуға қабілетті. Дендрит - бағанадан (нөл реттік ось) жөне бағаналы бұтақтардан (екінші жөне одан кейінгі реттік осьтер) тұратын, ағашқа ұқсас пішіні бар кристалл Жүйке жүйесінің қызметтері ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді, организм қызметін реттеп үйлестіреді.

1. 1 санымен көрсетілген нейрон бөлігін анықтаңыз

А) аксон

В) дендрит

С) шваннов жасушалары

D) миелинденген қабықша

E) жасуша денесі

2. 4 санымен көрсетілген нейрон бөлігін анықтаңыз

А) аксон

В) дендрит

С) шваннов жасушалары

D) миелинденген қабықша

E) жасуша денесі

3. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі

А) шоқтар

В) талшық

С) дендрит

D) аксон

E) медиатор

4. Жүйке жүйесінің негізгі қызметі

А) оттегінің   келіп түсуі және көмір қышқыл газын сыртқа шығару.

В) күрделі қоректік заттардың жай заттарға ыдырауы

С) қозу және қозуды ағзаның басқа жүйелеріне өткізу

D) ағзадан судың артық   мөлшері мен зиянды өнімдерді бөліп шығару

E) мүшелерге қоректік заттарды жеткізу


Контекст

1- нұсқа

Тірек-қимыл жүйесі

Ересек адам қаңқасының құрамында 200-ден астам сүйек болады. Сүйектер бір-бірінен пішіні мен құрылысы бойынша ерекшеленеді. Сүйектер буын мен шеміршек арқылы бір-бірімен байланысып жасайды да, адам қаңқасын құрайды. Ол дененің тірек қызметін атқарады. Қаңқа сүйектеріне бұлшықеттер сіңір арқылы бекиді. Бұл тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Дененің тепе-теңдігін бұлшық еттер қамтамасыз етеді. Нағыз қаңқа бұлшық еттерінің миоциттері ірі болады, сондықтан бұлшық ет талшықтары деп аталады. Бұлшық еттер бұлшық ет жасушаларынан-миоциттерден түзіледі. Құрылысына қарай, бірыңғай салалы және көлденең жолақты болып бөлінеді.

1. Бет бөлімінің қозғалмайтын ірі сүйегі

A) маңдай

B) астыңғы жақ

C) шүйде

D) төбе

E) үстіңгі жақ

2. Жамбас буынында аяқты бүгіп, тізе буынын жазатын бұлшықет

A) дельта тәрізді

B) төрт басты

C) үш басты

D) екі басты

E) ромб тәрізді

3. Адамның шайнау бұлшықеттері бекінеді

A) төменгі жақсүйекке

B) мойын омыртқасына

C) үстіңгі жақсүйекке

D) иық белдеуіне

E) терінің астына

4. Ішкі мүшелердің ішкі жағын астарлап жататын бұлшықет

A) көлденең жолақты

B) бірыңғай салалы

C) жүрек бұлшықеті

D) мимикалық бұлшықет

E) қаңқа бұлшықеті

















Күні ------2025 жыл. 9 «Ә » сынып оқушысы



Контекст

1- нұсқа

Өсу және даму

Ұрықтың даму кезеңдері

Ағзалардың жеке дамуы эмбриогенез және постэмбриогенез деп екіге бөлінеді. Егер ағза жынысты жолмен көбею нәтижесінде түзілетін болса, эмбрионды (ұрықтық) дамуы ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан, зигота түзілу сатысынан басталады. Егер ағза партеногенез жолымен түзілген болса, дамудың бірінші сатысы ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасының бөлінуінен басталады. Плацента (лат. placenta грек. plakus — жұқа нан) — жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлардың аналық ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше.

Эмбриогенездің негізгі сатыларына: зигота – бөлшектену – бластула – гаструла –нейрула - органогенез.

1. 4 санымен көрсетілген даму кезеңі

А) зиготаның бөлшектенуі

В) ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуі

С) ұрыұтанған жұмыртқа жасушасы

D) эмбрионалдық даму кезеңі

E) шараналық даму кезеңі

2. Плацента деген не?

А) ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуі

В) ана мен шарана ағзасы арасындағы байланысты жүзеге асыратын мүше

С) аналық безден жұмыртқа жасушасының шығуы

D) ұрық жасушаларында түрлі қабықшалардың пайда болуы

E) зиготаның бөлшектенуі

3. Эмбриогенездің негізгі сатыларына не жатады?

А) зигота – бөлшектену – бластула – гаструла –нейрула - органогенез.

В) асқорыту жүйесі, тер бездерінен бөлінетін барлығы

С) жүйке жүйесі, барлық сезім мүшелері, асқорыту жүйесі

D) бұлшық еттер, қаңқа сүйектері, сіңірлер, шеміршектер

E) өкпе және басқа тыныс алу мүшелері

4. Никотиннің болашақ нәрестенің дамуына әсері

А) зәр шығару, буын және жүрек ақауы бар, аяқ-қолында ақауы

В) буын дисплазиясы, саусақтарының болмауы

С) бетіндегі потологиялық өзгерістер, көз ұясы кішкентай

D) маңдайы тар, кеңсірігі кең, аузы үлкен, таңдайы өте жоғары

E) қасқырауыз, қоянерін, шатында жарасы бар, көзі қитар



Контекст





2- нұсқа



Адам генетикасының зерттеу әдістері

Тірі ағзалардағы тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары әмбебап болады. Олар адамға да толық сәйкес келеді. Бірақ адамдағы тұқымқуалаушылықты зерттеп, гибридологиялық талдаудың негізгі генетикалық әдісін қолдануға болмайды.

1.Адамның онтогенезі (жеке дамуы) барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталатын әдіс

А) генеологиялық

В) егіздік

С) цитогенетикалық

D) онтогенетикалық

E) популяциялық және биохимиялық

2.Адам генетикасын зерттеуде соңғы кездері кеңінен қолданылатын әдіс

A) генеологиялық

B) цитогенетикалық

C) биохимиялық әдіс

D) популяциялық және биохимиялық

E) онтогенетикалық

3.Адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу әдісі

A) генеологиялық

B) популяциялық және биохимиялық

C) цитогенетикалық

D) попляциялық-статистикалық

E) иммунологиялық

4.Медицинада диагностикалық мақсатта қолданатын әдіс

A) егіздік

B) популяциялық-статистикалық

C) биохимиялық

D) генеологиялық

E) цитогенетикалық























Күні ------2025 жыл 9 «А » сынып оқушысы



Контекст

1- нұсқа

Биофизика

Адам және жоғары сатыдағы адам тәрізді маймылдардың (горилла, шипанзе, орангутан) қаңқасы мен бұлшық еттері ұқсас болып келеді. Адам мен приматтардың ұқсастыртары: сүйектердің типтері және олардың байланысу типтерінің ұқсастықтары, омыртқа жотасы S-тәрізді пішінді 4 иілімнің болуы, екеуі алға, екеуі артқа қарай иілген. Тірі ағзаларға белгілі бір электрлік белсенділік тән. Тірі эукариоттық жасушаларда электрлік зарядталған мембранасы болады. Электрлік мүшелер үнемі су ортасында тіршілік еткен омыртқалы жануарларда ең жақсы дамыған. Өйткені, су ортасы ауа немесе топырақ ортасынан айырмашылығы электр тоғын жақсы өткізеді. Электрлі балықтарда электрорецепторлар анықталған. Фитогормондар, өсімдіктер гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин – фитогормондарға жатады Ауксиндер (грекше αὔξω – көбейемін, өсемін) – өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін қадағалайды. Цитокининдер. , гиббериллин жатады

1. Жануарлардағы қоршаған ортадан электр сигналдарын сезуге қабілетті сезімтал түзілімдер

А) электрорецепторлар

В) нейрокомпьютерлік интерфейс

С) нейропротездеу

D) фитогормондар

E) гомеостаз

2. Нейропротездеу -

А) ми мен электронды құрылғы арасындағы ақпарат алмастыратын техн. жүйе

В) жүйке жүйесінің бұзылған қызметін қалпына келтіруге арналған құрылғы

С) кейбір көрсеткіштердің шамалы өзгеруі

D) электр сигналдарын сезуге қабілетті сезімтал түзілімдер

E) арнайы өсімдік ағзасында түзілетін белсенді заттар

3.Стимулдайтын фитогормондар тобын анықтаңыз

А) ауксин, этилен, абциз қышқылы

В) гиббериллин, ауксин, цитокинин

С) ауксин, гиббериллин, этилен

D) ауксин, гиббериллин, цитокинин

E) абзиц қышқылы, этилен, гибббериллин



4.Өсімдіктердегі тамырдың түзілуі, жапырақтың пайда болуы мен өсуіне әсер ететін фитогормон түрі

А) ауксин

В) гиббериллин

С) цитокинин

D) этилен

E) абциз қышқылы



Контекст

2- нұсқа



Жерде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

Жерде тіршілік үнемі әр түрлі жағдай әсерінен өзгеріп отырды. Бұл өзгерістер біртіндеп, оларды «геологиялық іздері» бойынша бағалауға болатын өте баяу жүрді. Ғалымдар геохронологиялық шкала құрастырды. Ол ірі климаттық және геологиялық оқиғаларды ескереді және 5 эрадан тұрады. Олар:

1. Архей эрасы;

2. Протерозой эрасы;

3. Палеозой эрасы;

4. Мезозой эрасы;

5. Кайнозой эрасы.

1. Алғашқы құс – археоптерикстің  шыққан кезеңі

A) неоген

B) палеоген

C) бор

D) юра

E) триас

2.Органикалық дүниенің даму кезеңдері

A) архей, палеозой, мезозой

B) архей, протерезой, палеозой, мезозой, кайнозой

C) архей, протерезой, палеозой

D) протерезой, палеозой, кайнозой

E  мезозой, палеозой, кайнозой

3. Приматтардың миы және сезім мүшелері дамыды

A)  палеозой

B)  кайнозой

C) архей

D)  протерозой

E)  мезозой

4. Кайнозой кезеңі

A) бор

B) триас

C) перм

D) девон

E) неоген





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2025
140
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі