400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

координаталық жазықтық

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:


А) білімділік: координаталары бойынша нүктені тік бұрышты координаталық жүйеге салуды, берілген нүктелердің координаталарын таба білуге үйрету;

Ә) тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Б) дамытушылық: Оқушылардың ойын дамыту, тапқырлыққа, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, тілі бай, мәдени өрісі кең, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық және жеке жұмыс

Көрнекілігі: сөзжұмбақ жазылған плакат, тірек кесте

Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, сурет, тарих

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушылардың қатысымын тексеру, төрт топқа бөліп, әр топтың басшысын сайлау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша (екі бекітілген оқушы тексереді)

ІІІ «Білгенге маржан» қайталау сұрақтары:

  1. Қиылысатын түзулерді қалай түсінесіндер?

  2. Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?

2) Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады?

3) Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

4) Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?

5) Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

6) Екі түзу неше нүктеде қиылысады?

7) Түзу қалай белгіленеді?

8)Вертикаль бұрыштардың қасиеті.

9)Перпендикуляр сөзі қай елде шыққан?

10)Оның мағынасы қандай?

11)Параллель сөзі қай елден шыққан?

12)Оның мағынасы қандай?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты, координаталық жазықтық туралы түсінікті қалыптастыра отырып, координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын және оны жазуды үйрену.

Нүкте координаталық түзуде бір ғана санмен- координатасымен анықталатынын біз білеміз. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренейік. Мысалы, Ерсейіт сыныптағы 2 қатардың 2 партасында отырады.Тағы да сол сияқты мысалға, кинотеатрдағы орын қатар және баған бойынша, ал әрбір қаланың жер бетіндегі орны да екі санмен, ендігімен бойлығымен анықталады. Демек, дененің жазықтықтағы орны екі санмен анықталады екен.

Олай болса дененің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір ғана координаталық түзу жеткіліксіз. Сондықтан дененің жазықтықтағы орнын анықтау үшін өзара перпендикуляр және санақ басы нүктесінде қиылысатын екі координаталық түзуден құралған координаталар жүйесін пайдаланамыз.




Координаталар жүйесі – санақ басы ортақ, бірлік кесінділері бірдей, өзара перпендикуляр екі координаталық түзу.






ОУ – ординаталар осі, төменннен жоғары қарай бағытталады.

ОХ - абсциссалар осі, солдан оңға қарай бағытталады.

О – координаталар басы

  1. Координаталар жазықтығындағы А нүктесінің координатасын табу.

DrawObject1 Ол үшін 1) А нүктесінен абсциссалар осіне перпендикуляр түсіріп, оның ОХ осімен қиылысу нүктесін тапсақ, сол А нүктесінің абсциссасы болады. 2) А нүктесінен ординаталар осіне перпендикуляр түсіріп, оның ОУ осімен қиылысу нүктесін тапсақ, сол А нүктесінің ординатасы болады.


  1. Координаталары бойынша нүктені салу.

Мысалы: Е (3; 2) нүктесінің координаталық жазықтықтағы орнын анықтайық.


ОDrawObject2 л үшін абсциссалар осінен х 3 нүктесін, ординаталар осінен у 2 нүктесін тауып, сонан соң табылған х 3 нүктесінен ОҮ осіне параллель, ал у 2 нүктесінен ОХ осіне параллель түзулер жүргізіп, қиылысу нүктесін табу керек. Сол нүкте Е (3;2)-сі болады.


Координаталық түзулер жазықтықты 4 бөлікке бөледі. Оларды ширектер деп атайды.

IV. Негізгі бөлім

  1. Тарихтан мәлімет. Берілген координаталарға сәйкес координаталық жазықтықтан әріптерді сәйкестендір. Сонда атақты ғалымның есімін табасың.


(2;3)

(-3;1)

(-4;-2)

(0;-3)

(-1;0)

(0;5)

(3;-1)










(-2;4)

(-1;-3)

(-1;5)

(1;-3)

(-5;2)

(0;-1)

(3;1)

(-3;3)










(-1;1)

(2;3)

(-4;-2)

(2;-1)

(0;4)

(-2;0)









(-2;-3)

(4;-1)

(1;3)

(3;-4)

(0;5)







  1. Сергіту сәті. 1) «Теңіздегі соғыс» ойынын ойнаған кезде неше координата пайдаланамыз. Қандай ?


Сергіту сәті. 2) «Шахмат» ойынын ойнағанда, тақтаға шахмат ілініп, мысалы аттың жүрісі координаталарымен көрсетіледі.

  1. «Суретшілер жарысы» ойыны. Егер координаталары берілген нүктелерді координаталық жазықтықта дұрыс тауып, оларды бірінен соң бірін сызықтармен қосса, белгілі бір сурет шығады. Сол суреттің қазақша, орысша, ағылшынша аудармасын айту керек.

Төрт топқа нүктелердің координаталары беріледі.

( үй, дом, house, қарындаш,карандаш, pencil, сөмке немесе дорба, сумка, bag, гүл,)

І топ (3;2) (3;-2) (-4;-2) (-4;2) (-1;5)

(1;1) (1;-1) (-2;-1) (-2;1)

ІІ топ (-3;3) (-3;1) (-6;2) (5;3) (5;1)

(5;2) (-3;2)

ІІІ топ (-1;2) (1;6) (2;6) (4;2) (4;-2) (-1;-2) (1;0) (2;0)

IV топ (0;0), (1;3), (3;1), (4;4), (3;-1), (4;-4), (1;-3), (-1;-3), (-3;-1), (-4;-4), (-3;1), (-4;4), (-1;3)

7. Сабақты қорытындылау « Координата» сөзжұмбағын шешу.

1.Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қандай түзулер деп аталады?

2.Оу осі қалай аталады?

3. Координаталар басы қандай әріппен белгіленеді?

4. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу қандай түзулер деп аталады?

5. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтықты басқаша қалай атауға болады?

6. Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөлгендегі бір бөлігі қалай аталады?

7. Ох осіндегі кез келген нүктенің ординатасы неге тең?

8. Ох осі қалай аталады?

9. «Координаталар» сөзінің қазақша баламасы?

10. Өзара тең бұрыштар?

1

П

е

р

п

е

н

д

и

к

у

л

Я

р













2

о

р

д

И

н

а

т

а










3

о















4

п

а

р

а

л

Л

е

л

ь







5

к

О

о

р

д

и

н

А

т

а

л

ы

қ








6

ш

и

р

е

К














7

н

ө

л















8

а

б

с

Ц

и

с

с

а







9

Р

е

т

т

е

л

Г

е

н






10

в

е

р

Т

и

к

а

л

ь


























  1. «Бәйтерек» бағалауы. (Тақтаға ілінген бәйтеректің суретіне, оқушылар өздерінің деңгейлеріне қарай өзін – өзі бағалайды)

  2. Реффлексия(Нені білемін, нені білдім, нені білгім келеді)

  3. Үйге тапсырма №1128, №1129, 1136 қосымша жеке есептер

түлкі

 1) (- 3; 0), (- 2; 1), (3; 1), (3; 2),
(5; 5), (5; 3), (6; 2), (7; 2),
(7; 1,5), (5; 0), (4; 0),(4; - 1,5), (3; - 1), (3; - 1,5),(4; - 2,5),
(4,5; - 2,5), (- 4,5; - 3), (3,5; - 3), (2; - 1,5),(2; - 1), (- 2; - 2),
(- 2; - 2,5), (- 1; - 2,5), (- 1; - 3), (- 3; - 3), (- 3; - 2), (- 2; - 1),
(- 3; - 1), (- 4; - 2), (- 7; - 2),
(- 8; - 1), (- 7; 0), (- 3; 0).

2) көзі: (5; 2).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
840
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі