400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Координаталық жазықтық

Материал туралы қысқаша түсінік
Координаталық жазықтық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3.

Мектеп:№264 мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Сарыбаева Б.С.

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Координаталық жазықтық


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.3

(х; у) реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну;

6.3.1.4

координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тік бұрышты координаталар жүйесін анықтайды. Координатасы бойынша берілген нүктелерді салады.

Басым көпшілігі:Координаталық жазықтықтағы нүктенің координатасын табады.Есептер шығарғанда қолданады

Кейбір оқушылар:Координаталар жүйесін қолдану бағытындағы есептерді шешеді

Жетістік критерийлері

Тікбұрышты координаталар жүйесін біледі.Нүктенің координатасын анықтайдыКоординатасы бойынша нүктені салады.Координаталар жазықтығына байланысты есептер шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:ережелерді тұжырымдай алады, есептерді талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады, дәлелдейді, қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика мен терминология: Абцисса осі, ордината осі,координаталар жүйесі,координаталық жазықтық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Берілген нүктенің ......... табыңдар, берілген нүктенің ......

анықтаңдар.

Құндылықтарды дарыту

Мәдениет пен тілдің ортақтығы құндылығын дамыту топтық жұмыста қарастырылады,патриоттық дағдылар қалыптастырады.

Пәнаралық байланыс

Тарих,орыс тілі, ағылшын тілі пәндері

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім


Перпендикуляр түзулер,координаталық түзулер,нүктенің координатасы


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

/2 мин/



Білу

/7 мин/































Түсіну

/7 мин/





Ортасы

Қолдану

/7 мин/































Талдау

/4 мин/





















Жинақтау

/8 мин/

Оқушылармен амандасады.

« Елбасының 2014 жыл 17.01» жолдауынан үзінді қойылады.Оқушылар хормен аффирмация жасайды:

«Болып жатқан істің барлығы біздің игілігіміз үшін жасалуда».

«Шеңбер ішіндегі уақыт» стратегиясын қолданады.

Критерийлері:1.Координаталық түзуді біледі

Дескрипторлары:

1Координаталық түзудің анықтамасын біледі

2.Координаталық түзудің элементтерін ажыратады.

3.Координаталық түзуде нүктенің координатасын табады

Оқушылармен дескрипторлардың орындалуына қарай ауызша

Кері байланыс орнатып,білімдерін толықтыруына ықпал жасайды.

Геометриялық фигуралар бойынша аралас топтарға біріктіріледі.

Көшбасшы оқушылардың көмегімен оқушылардың үй тапсырмасын

Орындауын толықтай тексеремін, жұлдызшалар арқылы бағалаймын.

Сабақ мақсатын анықтап алу үшін, сыныпқа «ой тастау» әдісі бойынша сурет-тапсырма беріледі.:

Тапсырма:Театрдағы көрермендердің орнын анықтаңдар

Сабақ мақсаты оқушылармен бірлесе жоспарланады.

1.Координаталар жүйесі туралы түсінік қалыптастыру мақсатына жету үшін, «миға шабуыл» әдісімен проблемалық сұрақтар қоя отырып,оқушылардың жаңа білім алуына ықпал көрсетіледі.

/6-10 слайдтар/

Сабаққа белсенділігі төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қоямын 1.Координаталар жүйесіндегі координаталық түзулер қалай орналасқан?2.Координаталық осьтердің атауларының маңызы неде? 3.Сынып тақтасы координаталық жазықтық болу үшін не жасайсың?/ауызша кері байланыс арқылы қолдау көрсетемін/

Топтық жұмыс: «Ойлан,бөліс, жұптас» әдісі.

Тапсырма: «Координаталары берілген нүктелерді салады,нүктелерді қосып сурет салады,суреттің атауын 3 тілде айтады.»

1-топ:А(4;3);В(0;6);С(-4:3);Д(-4:-3)(2;1);К(-2;1);Н(-2;-1); Т(2;-1) Жауабы: үй-дом-house

2-топ:А(3;3);В(0:5);С(-3:3);Д(-3;-9);Е(-5;-12);К(5;-12);Н(3;9)

Жауабы: зымыран-ракета-rocket

3-топ:А(4;-2);В(5;2);С(2;2);Д(0;7);Е(-2;2);К(-5;2);Т(-4;-2).

Жауабы: қайық-лодка-aboat

Бағалау критерийлері:

Координатасы бойынша нүктені салады

Дескрипторлары:

1.Нүктелердің абциссаларын табады.

2.Нүктелердің ординаталарын табады

3.Координаталары бойынша барлық нүктелер дұрыс салынған

4.Координата жазықтығында сурет дұрыс салынған,атаулары 3 тілде дұрыс айтылды.

Топтар жұмыстарын «аялдама әдісі»мен талдап,критерийлер бойынша бағалайды./2 жұлдыз, 1 тілек әдісі/

Жұптық жұмыс: «Сәйкестендіру» әдісі

/Слайд 12 /

Бағалау критерийлері:

1.Координата жазықтығында берілген нүктелердің координатасын анықтайды

Дескрипторлар:

1.Нүктенің абциссасын анықтайды

2Нүктенің ординатасын табады

3.Нүктенің координатасын дұрыс жазады

Тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі. Жұптар жұмыстарын ауыстырып,дұрыс жауаптармен салыстырып дескрипторларға сәйкес бір-бірін «фигуралармен» бағалайды. /жұлдызша,төртбұрыш,шеңбер,нүкте/

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Сараланған тапсырмалар: «Қарапайымнан күрделіге қарай»

А.1109 есеп./Нүктенің координаталарын табу

В.1112 есеп. /Нүктені салу,ширекті анықтау/

Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған оқушыға жеке тапсырма:

Төбелері А(-10;-2);В(-2;-2);С(-2;-6);Д(-10;-6) болатын фигураның периметрін,ауданын есепте? /Бағалау білім деңгейінде/

Дескрипторлары:

  1. Нүктенің координатасын табады *

  2. Координатасы бойынша нүктені салады *

  3. Координаталық жазықтықта есептер шығарады **

Дұрыс орындаған 3 оқушы интерактив тақтада шығарылуын жазады.Дұрыс жауаптармен салыстырып, өзін-өзі бағалау әдісімен жұлдызшалар арқылы бағаланады.



проектор

суреттер



доп



















слайдтар

суреттер













Слайдтар







Флипчарт,маркер,сызғыш













Слайдтар









Слайдтар

























Оқулық





слайд

Сабақтың соңы



5 мин

«Көршіңді тексер» әдісі бойынша топта бір-біріне өтілген сабақ бойынша 3 сұрақтан қойып,бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.



Рефлексия:

Сөйлемді толықтыр” әдісі:

  1. ....................білдім, ..........жұлдыз алдым.

  2. ....................толық түсінбедім.

  3. .................... жұмысты жалғастыру қажет



Үй тапсырмасын беру: 1111 есеп/нүктелерді белгілеу/;1115 есеп/төртбұрыш салу/;

Координаталық жазықтықтың қолданылуына

ақпарат жинақтау







Рефлексия парақтары









оқулық

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тапсырмаларды орындау кезінде бағытталған сұрақтар арқылы,белсенділігін арттырамын Қосымша күрделі тапсырмалар дайындау. Сабақта жоғары деңгейлі ашық сұрақтарды қолдану


Үй тапсырмасын орындауына қарай, сұрақтарға жауаптары арқылы.

Жұптық жұмыстағы өзара бағалауы,жеке жұмыстағы жұлдызшалар санына қатысты анықтаймын

Сергіту сәтін ұйымдастырамын.

Интерактив тақтамен жұмыс істеу ережелерін сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты қолжетімді болды,оқушылардың барлығы қол жеткізді.

Саралау дұрыс жүргізілді,6 дарынды оқушым қоымша тапсырманы орындап үлгерді.

Кезеңдері сақталды

Топтық тапсырмада уақыт көбірек кетіп,ауытқу болды

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Шеңбер ішіндегі уақыт» әдісі



2:Топтық жұмысты талдап, бағалауы



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың өзін өзі бағалауы



2.Тапсырмалардың дескрипторларының жеткілікті болуы



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Келесі сабақта топтарды алдын-ала құрылымданған әдіспен бөлу қажет деп шештім






Тыңдаушылардың өзін-өзі бағалауы:

- Менде критериалды бағалау орындалды.

- Мен оқушыларды дамыту үшін оқыту әдістерін түсіндім.

- Сабақта мен оқушыларға қолдау жасауды,саралауды жүзегеасыра алдым.

- Сабақта мен топтардың бірін бірі аялдама әдісімен талдауын, ДЖИКСО әдісін үйрендім.

- Сабақ маған тәжірибеме қажетті құнды әдістемелік көмек берді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі