400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

координаталық сәуле

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кошенова Айнура .

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Координаталық сәуле



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1 Өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін біледі және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсінеді;

5.5.3.2 Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндей алады.

Оқулық 5 сынып, МАН

Сабақтың мақсаты

  • Өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін біледі және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсінеді;

  • Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндей алады.

Бағалау критерийлері

  • Кез келген натурал санға координаталық сәуледе бір ғана нүкте сәйкес келетінін, ал координталық сәуленің кез келген нүктесіне натурал сан сәйкес келе бермейтінін аңғарады;

  • Координаталық сәуле, бірлік кесінді, нүктенің координатасы ұғымдарының мағынасын түсініп, қолдана алады.

Тілдік мақсаттар


Координаталық сәуледе натурал сандарды кескіндеуді айтып бере алады.

Пәндік лексика және терминология: координаталық сәуле, бірлік кесінді, координаталар басы, нүктенің координатасы.

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы: «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім


Бұл сабақта оқушылар өздеріне таныс сәулені сызу, түзуді кесінділерге бөлу, кесіндінің ұзындығы өлшеу дағдыларын пайдалана алады.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Мотивация.

Сабақты ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.

Психологиялық тренинг. Оқушылар әрқайсыларынның парталарында үш фигурадан жатыр: шеңбер, квадрат, үшбұрыш. Сендердің бүгінгі көңіл-күйлеріне сәйкес фигураларды көтеріңдер.

  • Шеңбер – көңіл-күйім жақсы.

  • Квадрат – көңіл-күйім түсіп тұр.

  • Үшбұрыш – көңіл-күйім жоқ және математикамен айналысқым келмейді.

Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырамасын оқушылар «Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы тексереді.

Алдыңғы білім. Оқушылар «Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсілі арқылы өткен материалдарды қайталайды. Тұжырымдамалар:

  1. Екі жағы тұйықталған түзуді сәуле деп атайды.

  2. 0 саны натурал санға жатпайды.

  3. Түзулерді кесінділерге бөлуге болмайды.

  4. Кесіндінің ұзындығын сызғышпен өлшейміз.

  5. Бір жағы тұйықталған түзуді сәуле деп атаймыз.

Ширату жаттығулары.

1) Түзудің бойындағы кесінділерді жазып шығамыз.

Овал 1 Овал 7 Овал 10 Овал 11 Овал 13 Овал 14 Овал 15 А В С Е К М Т

Прямая соединительная линия 2



2) Берілген сәуледе арақышықтығы 1 см болатын 6 кесінді кескінделген. В нүктесінен А, О, С, Д, Н нүктелеріне дейінгі арақашықтығы қанша?

Прямая соединительная линия 3 Овал 17 Овал 24 Овал 25 Овал 26 Овал 27 Овал 28 Овал 29

О А В С Д Е Н

Білім стандарты, МАН, ОМЖ, ҚМЖ, …

Үшбұрыш, шеңбер, квадрат фигуралары салынған кеспе қағаздар.

Прямоугольник 4 Равнобедренный треугольник 1 Овал 30

Сабақтың ортасы

(5 мин)















(7 мин)














(3 мин)



















(8 мин)

















(3 мин)

Жаңа сабақ. Координаталық сәуле ұғымы бойынша жұмыс.

А) Сәуле ұғымы бойынша түсінік беру.

Б) Сәуле бойында натурал сандарды орналастыру.

Ойын. Торғайлар сап түзейді. Тақтада жол бойындағы торғайларды сапқа тізу бойынша жұмыстар. Ойын шарты: Торғайлар бір түзу бойында және бір бірінен бірдей қашықтықта орналасуы шарт.


Оқушылар әрбір торғайды натурал сандармен белгілейді. Тексеріледі. Координаталық сәуленің бас нүктесі, бағыты анықталады.

Оқушылар торғайлардың есімдерін ойлап табады. Бұл ойын бойынша әр нүктеге сәйкес орындар анықталып, нүктенің координатасы ұғымы енгізіледі.

«Джигсо» әдісі арқылы оқушылар координаталық сәулені салуды үйренеді. Координаталық сәулені бірлік кесінділерге бөліп, оларға сәйкес нүктелерді белгілейді. Нүктелердің координаталарын анықтайды және жаза алады. Бірлік кесіндіні қалауымызша таңдап алуға болатынын түсінеді.












Жұптық жұмыс. 1-тапсырма. А, С және D нүктелерінің координаталарын табыңдар.





Дескриптор: Білім алушы

  • Координаталық сәуледе бірлік кесіндіні анықтай алады;

  • А, С және D нүктелерін анықтай алады;

  • А, С және D нүктелерін координаталарымен жаза алады.

Бағалау. «Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушылар қызыл, сары, жасыл түсті карточкаларды көтереді:

  • Толықтай түсіндім, сенімдімін ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

  • Түсінуге жақын қалдым, аздап білдім САРЫ ТҮСТІ;

  • Түсінбедім, сенімді емеспін ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ.

2-тапсырма. E, F, N, M және L нүктелерінің координаталарын табыңдар.







Д ескриптор: Білім алушы

  • Координаталық сәуледе бірлік кесіндіні анықтай алады;

  • E, F, N, M және L нүктелерін анықтай алады;

  • E, F, N, M және L нүктелерін координаталарымен жаза алады.

Бағалау. «Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушылар қызыл, сары, жасыл түсті карточкаларды көтереді. Оқушылар:

  • Толықтай түсіндім, сенімдімін ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

  • Түсінуге жақын қалдым, аздап білдім САРЫ ТҮСТІ;

  • Түсінбедім, сенімді емеспін ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ.

Топтық жұмыс. 3-тапсырма. Суретте берліген тауықтың (Т), қаздың (Қ), күрке тауықтың

(К) массаларына сәйкес Т, Қ, К нүктелерін координаталық сәуледе белгілеңдер.

Дескриптор: Білім алушы

  • Координаталық сәуле сыза алады;

  • Координаталық сәуледе бірлік кесіндіні анықтай алады;

  • Құстардың массаларын өсу ретімен жаза алады;

  • Т, Қ, К нүктелерін координаталық сәуледе белгілей алады.

Бағалау. «Бас бармақ жоғары/төмен» тәсілі арқылы оқушылар:

  • толықтай түсінсе, сенімді болса көрсетіп, бас бармағын жоғары көтереді;

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе, көрсетіп, бас бармағын ортада ұстайды;

  • егер түсінбесе, сенімсіз болса, көрсетіп, бас тармағын төмен түсіреді.

4-тапсырма. Кенгуру (К), бөкен (Б), қабылан (Қ), қосаяқтың (А) секіру ұзындығы сәйкесінше 7 м, 10 м, 11 м, 2 м. Аңдардың секіру ұзындығын көрсететін К, Б, Қ, А нүктелерін координаталық сәуледе белгілеңдер.

Дескриптор: Білім алушы

  • Координаталық сәуле сыза алады;

  • Координаталық сәуледе бірлік кесіндіні анықтай алады;

  • Аңдардың секіру ұзындығын өсу ретімен жаза алады;

  • К, Б, Қ, А нүктелерін координаталық сәуледе белгілей алады.

Бағалау. «Бас бармақ жоғары/төмен» тәсілі арқылы оқушылар:

  • толықтай түсінсе, сенімді болса көрсетіп, бас бармағын жоғары көтереді;

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе, көрсетіп, бас бармағын ортада ұстайды;

  • егер түсінбесе, сенімсіз болса, көрсетіп, бас тармағын төмен түсіреді.

Сергіту сәті.  Көзге, қолға, саусақтарға, мойнымызға шағын жаттығулар орындаймыз.

Жеке жұмыс. «Элективті тест» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауға арналған тест.

1. Бірлік кесіндінің ұзіндығы ...

А) тек 1 см В) тек дәптердің 1 тор көзі С) кез келген

2. Координаталар басы сәйкес келетін нүкте ...

А) сәуле басы В) сәуленің кез келген нүктесі С) сәуледен тыс жатады

3. «А нүктесінің координатасы 9-ға тең» сөйлемінің жазылуы:

А) 9 (А) В) А (9) С) А – 9

4. Берілген нүктелердің қайсысы қалғандарына қарағанда солға қарай орналасқан?

А) А(9) В) В(11) С) D(5)

5. Координаталық сәуледе 19 және 43 сандарының арасында неше бірлік кесінді бар?

А) 23 В) 24 С) 25

Плакат










Құрал-жабдықтар: сызғыш, қалам, өшіргіш.

































Плакат, маркер, суреттер.






























Интерактивті тақта


Түрлі-түсті қағаздар

Прямоугольник 2


В



Прямоугольник 3


С







Прямоугольник 1


А




Сабақтың соңы

(8 мин)


Қорытынды. Оқушылардың бүгінгі сабақта не игергендерінді анықтау үшін «Ақпаратты сүзу» әдісін қолданамыз. Ең маңызды сөздерді «тұғырыққа» орналастыру қажет, ал маңызы азырақ сөздер құбырда сүзіліп қалуы тиіс.


Группа 1

Группа 2










Сөздер: натурал сандар, бірлік кесінді, координаталық сәуле, түзу, кесінді, ұзындық, сантиметр, өлшеу, салыстыру, нүктенің координатасы, координата басы.

Кері байланыс. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін «Білемін, білгім келеді, білдім» тәсілін (БББ кестесі) қолданады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім






Үйге тапсырма. №1, №2

Стикер, кеспе қағаздар, желім.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Қарқын» тәсіліне сәйкес есептер шығару. Координаталық сәуледе А(3), В(8), С(7), К(5), М(1), Т(6), Р(9) нүктелерін координаталық сәуледе белгілеңдер. Бірлік кесіндісін

1) 1 тор көз;

2) 2 тор көз;

3) 3 тор көз деп таңдап алыңдар.



Дескриптор: Білім алушы

  • Координаталық сәуле сыза алады;

  • Координаталық сәуледе бірлік кесіндіні таңдай алады;

  • А(3), В(8), С(7), К(5), М(1), Т(6), Р(9) нүктелерінің координаталарын белгілейді.















Бағалау критерийлері және дескрипторларына сай өздері бағалайды. Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысымы жіті қадағаланады.

АКТ-ны 15 мин артық қолданбады. Интерактивті тақтаның қаламсабын тиімді пайдаланды.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ міндеттері/ Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені білді?

Бүгін сыныпта қандай атмосфера болды?

Менің дифференциалдау бойынша жұмысым жақсы өтті ме?

Барлығы жоспарланған уақытқа сәйкес өтті ме?

Мен жоспарға қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?














Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі