жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Координаталық түзу" 6 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімі: Тукенова Эльвира Жақсылыққызы
Күні:
Тақырыбы: Координаталық түзу.
Мақсаты: Оң және теріс сандарды координаталық түзуде белгілеу арқылы логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
-координаталық түзу мен координаталық сәулені ажырата білу, айырмашылығын түсіндіру;
-таңбалары әр түрлі сандардың координаталық түзуде орналастыру;
- берілген сандарға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін табу, себеп-салдарын айқындау;
Қолданылған модульдер:
Оқыту мен оқытудағы жаңа технологиялар.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқытуда АКТ-ны қолдану.
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Жас ерекшелігіне сай оқыту.
Стратегиялар: Сергіту сәті, "Алтын ереже", топқа бөлу, топпен жұмыс,"Ыстық орындық", "Кубизм", "1 жұлдыз, 1 тілек».
Сабақ жоспары:
|
Сабақ кезеңдері Уақыты |
Жоспар мазмұны |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар: осы әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? |
|
Кіріспе 5 мин |
Психологиялық ахуал Ұйымдастыру кезеңі Мақсаты: Тұлғааралық байланысты орнату Топқа бөлу «Әріптер» Мақсаты: топта жұмыс жасауға үйрету |
Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұраймын. Қатарластырып тұрғызып, сандарды ауада қолмен, аяқпен, мұрынмен, иықпен жазуларын сұраймын. Оқушыларды әртүрлі әріптер арқылы 3 топқа бөлемін. Топтың атын, топ басшыларын ақылдаса отырып сайлаймын. |
Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседі. Қатарласып тұрып, ауада сандарды қолмен, аяқпен, мұрынмен, иықпен жазады. Оқушылар қалаған әріптерін алу арқылы 3 топқа бөлінеді. Бірдей әріптер алған оқушылар бір топ болып, шағын топтарға бөлінеді. «Топ ұстанымын» еске түсіреді. |
«Жақсы, өте жақсы!» «Жақсы» «Жарайсыңдар!» |
Алтын ереже жазылған флипчарт, интерактивтік тақта, түрлі-түсті маркерлер. Әріптер |
|
Тұсаукесер 10 мин |
«Ыстық орындық» Мақсаты: өтілген тақырыпты пысықтау |
Бір баланы ыстық орындыққа отырғызып, ол оқушыға әр топтан бір-бірден өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушы өзін-өзі бағалайды.
|
Бір оқушы орындыққа отырады. Әр топтан қойылған сұрақтарға өз жауабын береді. |
Бәрекелді! |
|
|
Негізгі бөлім 7 мин 15 мин |
Жаңа сабақ Мағынаны тану «Кубизм» әдісі |
Оқушылар интерактивтік тақтада берілген суреттер бойынша топта ақылдасып, тақтада орындау тапсырылады. Оқулықтан берілген кубиктің 6 жағындағы тапсырмаларды орындау. |
Оқушылар интерактивтік тақтадағы тапсырманы топтаса отырып талдайды, бір оқушы тақтаға жазады. Оқушылар 6 жағында жазылған тапсырмаларды орындайды. |
Стикерлермен бағалау "жарайсың!", «өте дұрыс» деген қолпаштау сөзін қолдану арқылы формативті бағалау |
Үлестірме материалдары, стикерлер Оқулық, кубик |
|
3 мин |
Тақырыпты пысықтау «Қар лақтыру» Мақсаты: диалогтік қарым-қатынас құру |
Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бүгінгі сабақта танысқан жаңа терминдермен бір-біріне сұрақ қою арқылы ой бөлісулерін сұраймын. |
Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-біріне қар лақтыру арқылы сұрақ қояды, қарсыласы ол сұраққа жауап береді. |
Жақсы |
Қар |
|
Қорытынды 3 мин |
Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек» |
Осы сабақта не ұнағанын, сыныптастарына тілеген тілегін стикерге жазу |
Өзіне сабақ барысында не ұнағанын, сыныптастарына тілегін стикерге жазады. |
|
Стикерлер |
|
|
Үй тапсырмасы |
п 2.2 оқу, №317, №323 есептерді шығару |
п 2.2 оқиды, №317, №323 есептерді шығарады. |
|
Оқулық |
|
2 мин |
Формативті бағалау |
Қорытынды баға |
Өзін-өзі бағалауы. Бірін-бірі бағалауы. |
|
Бағалау парақшасы |
Сабақты бағалау
Сыныбы: 6 «Б»
Сабақ қалай өтті?
Бүгінгі өткен сабағымның тақырыбы: «Координаталық түзу».
Сабақтың мақсаты: Оң және теріс сандарды координаталық түзуде белгілеу арқылы логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
-координаталық түзу мен координаталық сәулені ажырата білу, айырмашылығын түсіндіру;
-таңбалары әр түрлі сандардың координаталық түзуде орналастыру;
- берілген сандарға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін табу, себеп-салдарын айқындау;
Сол мақсатты жүзеге асыру үшін сабағымды 4 кезеңге бөліп өткіздім. Ең бірінші сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушыларды қатарластырып тұрғызып амандасып, көңіл-күйлерін сұрадым. Оқушылармен бірге ауада 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қолмен, мұрынмен, иықпен, аяқпен жаздық.
Кіріспе бөлімінде әртүрлі әріптерді таңдау арқылы 3 топқа бөлдім. Топ басшыларын, топтың атын оқушылар өзара ақылдаса отырып сайлады. Алтын ережемізді бір қайталап, оған бағыну керектігі айтылды.
Тұсаукесер бөлімінде «Ыстық орындық» бойынша өтілген тақырыптан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Ыстық орындыққа отырған оқушы өзін-өзі бағалады.
Негізге бөлімде интерактивті тақтадағы суретті талдап, жаңа сабақтың мазмұны ашылды. Тақырыптың мақсаты айтылып, жаңа тақырыпқа байланысты 3 топқа тапсырма берілді. Олар топта ақылдаса, талдай отырып, әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада орындалды. «Кубизм» әдісі бойынша кубикті әр топта лақтыру арқылы оқулықтан есептің қандай нөмірі түседі сол топ соны орындап, талқылап, тақтаға өзара келісімдері бойынша бір оқушы шығып орындады. Топтың жұмысы бағалау барысында смайликтер жапсырылды. Бұл топтардың жақсы жұмыс жасап, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болғандықтарын білдіреді. «Қар лақтыру» тақырыпты пысықтау үшін оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша танысқан жаңа ұғымдарды пайдалана отырып, бір-бірлеріне сұрақ қою арқылы қар лақтырысты.
Қорытынды: «1 жұлдыз, 1 тілек» бойынша осы сабақты аяқтап, үй тапсырмасы берілді. Менің бұл сабақта байқағаным, оқушыларға топтасып, топпен жұмыс жасау ұнайтындығын. Олар өткен бірінші сабақтағыдай емес, өздерін кішкене еркін ұстап, сұрақ қою барысында да ойлары жинақы, сұрақтары да нақты болып шықты. Бейнекамереға да үйрене бастады. Қорыта айтқанда жаңаша оқыту әдісі қамтылған бұл сабағым оқушылар тарапынан оң көзқарасқа ие болды деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген