400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларына математика пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:__________


Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқандар:

Сынып: 6 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Координаталық түзудегі екі нүктенің арақашықтығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту анықтамасын білу, координаталық түзуде екі нүктенің ара қашықтығын таба алу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

1) Сабақ барысында таңбалар ережелерін біледі және түсінеді;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 2) теріс сандарды қосудың және азайтудың анықтамасын біледі . Екі нүктенің ара қашықтығын таба алады.

Кейбір оқушылар біледі: 3) таңбалары әр түрлі рационал сандарға амалдар қолдана алады

Бағалау критерийі:

1) таңбалар ережесін біледі

2) таңбалары әр түрлі теріс сандарды қосу және азайту анықтамасын біледі. Екі нүктенің ара қашықтығын таба алады

3) таңбалары әр түрлі сандарға амалдар қолдана алады

Тілдік мақсаттар:

Терминдер - модуль, салыстыру, координаталық түзу, таңбалар ережесі, оң сандар, теріс сандар;

Диологқа қажетті тіркестер:

1) теріс сан -

2) координаталық түзу -

3) қарама қарсы сандар –

4) санның модулі -

Құндылықтарға баулу

1) Топтық жұмыста - ұйымшылдыққа, ортақ істің

нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, достыққа,

еңбектенуге тәрбиелеу;

2) "Мәңгілік ел" идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Геометрия, география.



Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

(4 минут)

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу;

  • Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару;

  • Ынтымақтастық атмесферасын орнату;

  • Үй тапсырмасын тексеру


Білу кезеңі


Өткен сабақты қайталау сұрақтарын қою

(3 минут)




Түсіну кезеңі


Координаталық түзуді тақтаға сызып көрсету.Оқушыларға екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын көрсету,мысалдар келтіру.

(7 минут)












Қолдану

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

(7 минут)



Сергіту сәті

(3 минут)




Талдау

топтық жұмыс

(9 минут)



Жинақтау

өтілген тақырыпты бекіту (4 минут)



1 кезең. Өткен сабақты қайталау мақсатында

1. Қандай сандарды натурал сандар деп атаймыз?

2.Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?

3.Екі теріс санның қосындысының таңбасы қандай?

4.Екі оң санның қосындысының таңбасы қандай?

5.Таңбалары әртүрлі сандарды қосудың ережесі қандай?





2 кезең . Жаңа сабақты меңгеру

Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады. Ол үшін:

1.Түзу сызып, оның бойынан 0 нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек.

2. Бірлік кесіндіні таңдап алу қажет.

3. Оң бағытты көрсету керек.

Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын 0 нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

- бірлік кесінді 0 нүктесі координаталық түзуді қарама-қарсы екі бағытқа бөледі.
І. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді. 
ІІ. Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу.

ІІІ. Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу.

ІV. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді. 
V. Координаталық түзудегі 
екі нүктенің арақашықтығын  А(а), В(в) табу үшін
׀а-в формуласын қолдану керек ׀ .

Мысалдар көрсету.



3 кезең. Оқулықпен жұмыс. Тақтада А деңгейі № 550 тақ есептері,

В деңгейі № 555 есепті шығару.






Оқушыларға сергіту ойындарын ойнату.




4 кезең. «Ғажайып ұяшықтар» Оқушылар ұяшықтарды таңдап, өз тобымен математикалық тапсырмаларды орындайды




5 кезең. «Өзіңді тексер» тест. Әр топ мүшелері бүгінгі сабақтан алған білімдерін есеп шығару арқылы көрсете алады.



Дискриптор

1. Рационал сандар

1. Таңбалар ережесін білу керек;

2. Екі бүтін теріс сандарды қоса алады

3. Екі теріс рационал сандарды қоса алады

4. Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қоса алады




3.Екі теріс сандарды азайта алады

4. Таңбалары әр түрлі сандарды азайта алады

5. Модульдің қасиетін біледі

5. Екі нүктенің ара қашықтығын таба алады



Мұғалім кері байланыс береді.

Оқулық Математика

6 сынып, Атамұра баспасы 2015 жыл

Алдамұратова Т.А., Байщоланов Е.С., Байшоланов Т.С.,





Сабақтың соңы:

Рефлексия және үй тапсырмасын беру ( 3 минут)

Сабақ орындалған тапсырмалар бойынша оқушылар пікірлерін стикерлерге жазып тапсырады:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқулықтан есептер: №550 жұп есептер, №552.


Саралау - Сіз тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


– іріктелген деңгейлік тапсырмалар;

– қайталау сұрақтары және қате жауаптарды түзеу үшін қойылатын жетелеуші сұрақтар;


Бағалау - сіз оқушылардың материалдарды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


    • Қойылған сұрақтарға дұрыс, дәлелді жауап берулері қадағаланады;

  • Ынталандыру, қолдау көрсету

Сабақ соңында өзін-өзі бағалау және оған кері байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру


Қабілетті оқушыларға

С деңгейінің тапсырмалары

Дескриптор арқылы

Интерактивті тақтаны қолданарда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: 2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: 2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі