400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

6- сынып Математика

Сабақтың тақырыбы:


Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы

Мақсат:

Білімдік

Білім

• Координаталық түзуде сандардың орналасуын еске түсіре отырып, координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығын таба біледі.

Түсінік

•Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы есептеу үшін координаталық нүктелердің бір-бірінен азайтып, модулін есептегенде шығатынын түсінеді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

•Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы азайту амалымен қолданып есептер шығарды.

Талдау әрекеті

• Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы табудың жолдарын саралайды.

Шығармашылық әрекет

• Тақырып бойынша өмірмен байланысты есептерді шығарып, түйіндейді.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы тақырыбын игерудегі маңыздылығы мен бұл туралы білім-біліктерінің өмірдегі қажеттілігін бағалайды.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу

ІІ. Алғашқы бекіту

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру

ІV. Шығармашылық қалыптастыру

V. Бағамдау - бағалау

Оқыту әдісі: • Репродуктивті, ішінара ізденушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: • координаталық түзу, арақашықтық, нүкте

Оқушыда дағды қалыптастыру:


• өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.


















САБАҚ БЛОКТАРЫ



І. ақпарат алмасу


Тақырыптық жоспар.

1. Координаталық түзуде сандардың орналасуы

2. Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы



1- тақырыпша Координаталық түзуде сандардың орналасуы


Координаталық түзудегі А, В, С, Р, К және Е нүктелерін координаталарымен жазыңдар.



Термометр таңертен -4
0С-ты, түсте +20С-ты, кешке -10С-ты, түнде -60С-ты көрсетті. Координаталық түзуде термометрдің көрсетуін кескіндеңдер. Нүктелерді координаталарымен жазыңдар.


2- тақырыпша Координаталық түзудің нүктелерінің арақашықтығы


5- слайд Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.


6- слайд

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Мысалы: А(-4) және В (3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік) кесінді есебімен табайық.

Координаталық түзудегі АВ кесіндісін табу үшін:

  1. А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде белгілеу керек.

  2. А(-4) және В(3) нүктелерінің арасындағы неше бірлік кесінді бар екенін табу керек.




























Іі. алғашқы бекіту



7- слайд

Координаталық түзуде берілген нүктелердің арақашықтығын табайық. М(7) және К(3) нүктелерінің арақашықтығы КМ кесіндісінің ұзындығына тең.

Демек, КМ=ОМ-ОК. ОМ кесіндісінің ұзындығы 7 бірлікке, ал ОК кесіндісінің ұзындығы 3 бірлікке тең болғандықтан, М(7) және К(3) нүктелерінің арақашықтығы 4 бірлікке тең, өйткені 7-3=4

F және E нүктелерінің арақашықтығы 3 бірлікке тең. Тура осындай сан бір нүктенің координатасынан екінші нүктенің координатасын азайтып, шыққан санның модулін есептегенде шығады:

Координаталық түзуде сандардың орналасуы

Координаталық түзудің нүктелерінің арақашық-тығы











Қорытынды:___________________________________________________________



ііі. ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. №572. Координаталық түзуге мына нүктелерді салып, арақашықтығын табыңдар. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: 1) 5 бірл. 2) 5 бірл. 3) 11 бірл. 4) 11 бірл.

2.№573. Нүктелердің арақашықтығын формула көмегімен табыңдар.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: 1) 24; 2) 93; 3) 104; 4) 59.

3. №574. Нүктелердің арақашықтығын формула көмегімен табыңдар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: 1) 122,34; 2) 838,78; 3) 999,4; 4) 0,135.












ІІ деңгей тапсырмалары

4. №576 Кестені толтырыңдар.

F нүктесінің координатасы

Е нүктесінің координатасы

F және Е нүктелерінің арақашықтығы





5. №579. Берілген нүктелердің координаталарын анықтаңдар. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: 1) В(3), Р (11); 2) В(-2), Р(16); 3) В(0,5), Р(8,5); 4) В(-7,5), Р(0,5).

ІІІ деңгей тапсырмалары

7. №580. Берілген нүктелердің координаталарын анықтаңдар . ____________________________________________________________________________________________________________________________________________



іV. шығармашылық әрекет



Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары келесі екі топқа бөлініп, келесі тапсырмаларды орындайды:

Рационал сандарға қосу және азайту амалдарын қолданып,есептерді шығарыңдар.

І топ

  1. АВСD квадратының АВ қабырғасы бірлік кесіндісі 1 см-ге тең координаталық түзу бойында орналасқан. А(-2,8) және В(3,7). АВСD квадратының периметрі неше сантиметр? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІ топ

  1. Бірлік кесіндісі 1 см-ге тең координаталық түзу бойындағы В(1) нүктесі- шеңбер центрі. Шеңбер координаталық түзумен А(-3) және С (5) нүктелерінде қиылысады. Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын табыңдар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________


V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________



Vі. үЙ ЖҰМЫСЫ



  1. Оқулықтағы №

  2. Топтық жұмыс есептерін толықтырып шығару.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
860
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі