Көп кестелік мәліметтер базасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көп кестелік мәліметтер базасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлар

Оқу сабағының жоспары №


Көп кестелік мәліметтер базасы.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 8 Информатика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі практикалық

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

  • Студенттерге көп кестелі мәліметтер базасы құрылымын үйрету;

  • Реляциялық байланыстарды (бір-кіші, бір-бірге, көп-көпке) түсіндіру;

  • JOIN операторларын қолдана отырып, бірнеше кестеден дерек алуды меңгерту.

Міндеттері:

  • Реляциялық модель ұғымымен таныстыру;

  • Бірнеше кестенің арасында байланыс орнату тәсілдерін көрсету;

  • Сыртқы және ішкі кілттерді түсіндіру;

3. Күтілетін нәтижелер

  • Студент кестелер арасындағы байланысты дұрыс құрады;

  • Көп кестеден деректерді біріктіріп шығара алады;

  • JOIN операторларын нақты қолдана біледі;

  • Нақты жағдайда дерекқор моделін жобалайды;


4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар, компьютер, кітап


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу

2. Білімді бақылау (5 мин)

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) SQL-де деректер типтері не үшін қолданылады?

2) INT, VARCHAR, DATE, BOOLEAN сияқты деректер типтері қандай мәндерді сақтайды?

3) Бір кестелік мәліметтер базасы дегеніміз не?

4) SQL тілінде кесте құру үшін қандай команда қолданылады?


Білімді бағалау критерийлері:

  • SQL-дің негізгі деректер типтерін біледі және түсіндіре

  • Бір кестелік мәліметтер базасының мәнін түсінеді

  • SQL командаларын (мысалы, CREATE TABLE) қолдана біледі


3. Жаңасын баяндау әдісі. Ауызша (4 мин)

Көп кестелік мәліметтер базасы — өзара байланысқан екі немесе одан да көп кестеден тұратын мәліметтер қоры. Бұл құрылым деректерді қайталамай сақтауға, логикалық байланыс орнатуға және үлкен жүйелерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Кестелер арасындағы байланыс түрлері:

  1. Бір-бірге (One-to-One)
    Мысалы: Студент пен жеке куәлік (әр студенттің бір ғана жеке куәлігі бар)

  2. Бір-көпке (One-to-Many)
    Мысалы: Бір мұғалім бірнеше пәнді жүргізуі мүмкін

  3. Көп-көпке (Many-to-Many)
    Мысалы: Студенттер мен курстар (бір студент бірнеше курсты оқи алады, бір курсқа бірнеше студент қатыса алады)


Топқа бөлу:

1-топ – Primary Key

2-топ – Foreign Key

3-топ – Relationships


Топтық жұмыс (10 мин)

Сендерге көп кестелік мәліметтер базасына байланысты бір жүйе құру тапсырылады. Әр топ өзіне бөлінген бағыт бойынша кемінде 2 кестеден тұратын шағын мәліметтер базасының құрылымын сызады.

Нұсқа:
Төмендегі жүйелердің бірін таңдап, оның кесте құрылымын жасаңыздар:

  • Студенттер мен курстар жүйесі

  • Дүкен және тауарлар жүйесі

  • Кітапхана және кітаптар жүйесі

Орындау тәртібі:

  1. Кемінде екі кесте құрастырыңдар

  2. Әр кестеде 3-4 бағаннан болсын

  3. Primary Key және Foreign Key бағандарын көрсетіңдер

  4. Кестелер арасындағы байланысты сызып көрсетіңдер

  5. Соңында өз жұмыстарыңызды қорғап, түсіндіріңдер


Білімді бағалау критерийлері:

  • Кестелердің логикалық құрылымы дұрыс жасалған

  • Кестелер арасындағы байланыс түрі дұрыс түсіндірілген

  • Жүйе нақты мысалмен және түсінікті сипатталған

5.Материалды бекіту Жеке жұмыс. Деңгейленген тапсырмалар шығару (15 мин)

1. Екі кесте бар: авторлар және кітаптар. Әр автор қандай кітап жазғанын көрсет.

Жауап: Авторлар мен кітаптар кестесін байланыстыру керек, сонда "автор - кітап" жұбы шығады.


2. Кей клиент ешқандай тапсырыс бермеген. Соларды тауып жаз.

Жауап: Екі кестені салыстырып, тапсырысы жоқ клиенттерді ғана таңдаймыз.


3. Қызметкерлердің қай бөлімде жұмыс істейтінін көрсет.

Жауап: Қызметкерлер тізімі мен бөлім тізімін байланыстырып, әрқайсысының бөлімін шығарамыз.



4. Студент пен курс кестесі бар. Екеуін байланыстыратын "Enrollments" (жазылғандар) деген аралық кесте құрастыр.

Жауап: Екі кестенің ID-сын біріктіретін жаңа кесте жасаймыз.


Білімді бағалау критерийлері:

  • Екі кестенің арасындағы байланысты түсінеді

  • Қарапайым сұранысты құра алады

  • Жауапты нақты, дұрыс жаза алады

6. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша (5 мин)

Рефлексия: «Көңіл-күй»

Студенттер сөйлемді жалғастырып жазады:

  • Бүгінгі сабақтан мен білдім...

  • Ең қызықты болғаны...

  • Қиын болған жері...

  • Келесі сабақта білгім келеді...

7. Үй тапсырмасы. (1 мин)

Реляциялық мәліметтер қоры” ұғымын өз сөзіңмен түсіндір.
– Қысқаша, 4-5 сөйлеммен жаз.

Негізгі кілт (primary key) пен сыртқы кілт (foreign key) деген не екенін жаз.
– Мысалмен көрсетсең, тіпті жақсы.

Кесте мысалын келтір.
– Екі кесте сыз (мысалы, "Студенттер" және "Топтар") және олардың арасындағы байланысты көрсет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2025
27
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі