15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көп қабатты Үй
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
Күні:
Білім беру саласы: |
Шығармашылық |
|||
Оқу іс-әрекеті: |
Мүсіндеу |
|||
Тақырыбы: |
Көп қабатты Үй |
|||
Мақсаты: Міндеттері: |
Ұжымдық жұмыс дағдысын қалыптастыру.Жазықтық тәсілмен көп қабатты үйлерді мүсіндеу. -Үйлерді мүсіндеуге үйрету. -мүсіндеу дағдыларын, қиялдарын дамыту -ұқыптылыққа тәрбиелеу |
|||
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: |
үлгі сурет, ермексаз, тақтайша, су, сүлгі, дидактикалық ойын. |
|||
Билингвалды компонент: Әдіс-тәсілдер: Сөздік жұмыс: |
ойыншық – a toy , қоян -bunny , сүйікті-loved Көрнекілік,сұрақ-жауап,ойын,практикалық. Көше,мұражай |
|||
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
|
Мотивац-лық қозғаушылық |
Балалар шеңбер жасап тұрады да,өлең жолдарын әндетіп айтқызады. Армысың,ардақты Аспан ата! Армысың,мейірімді Жер –ана! Армысың,шұғылалы алтын күн! Күліп шықты күн бүгін
Балалар қалай ойлайсындар көп қабатты үй қандай пішіндерден құрастырған?(сурет тақтада ілініп тұр) |
Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады.
тік төрт бұрыш және шаршы
|
|
|
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Рефлексивті-түзетуші
|
Балалар, осындай көп қабатты үйлер қайда болады Сендер тұратын қала қалай аталады Сендерге өз қалаларың ұнай ма Қалада қандай көрікті жерлер бар
Сендер де көп қабатты үйлерде тұрасыңдар. Суреттермен әңгімелеу. Қала туралы,қала көшелері туралы әңгімелеу. Балалар, бүгін біз көп қабатты үйды мүсіндеуді үйренеміз.
Мүсіндеу тәсілін түсіндіру:
Сергіту сәті Кірпіштерді қалаймын, Әсем үйлер саламын Көркейтемін қаланы Мен құрлысшы боламын. Үйлердің әйнек,терезелерін сызып көрсету. Балалар ермексазбен жұмыс жасауға кіріседі.Жекелей балаларға көмек көрсету.Бағыт-бағдар беру.
Балалардың жұмыстарын бағалау. Жақсы жұмыстарды мадақтау. Көңіл-күй әдісімен сабақты аяқтау.
|
Қалада болады.
Екібастұз қаласы. Ұнайды «Өнер» қалалық мәдени орталығы, «Қазақстан» кино театры, қалалық кітапхана, қалалық мұражай,сауда орындары т.б Балалар сұрақтарға жауап беріп әңгімеге араласады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, мүсіндеу жолын түсініп алады.
Қимыл-қозғалыстар жасап көрсетеді. Ермексазды жұмсартады. Бөлшектерге бөледі. Бөлшектерді домалатып жан-жағынан қысып кубиктер жасайды.
Жазықтық бойына көп қабатты үйлер жасап орналастырады.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: |
Қаланың көркем жерлерін білулері керек. |
Түсінеді: |
ермексазбен домалату, қысу, жалпайту әдістерін қолдана отырып үйлерді мүсіндеу. |
Істей алады: |
домалату, қысу,тегістеу әдістерін. |
Есеп:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген