400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көп таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика 4 класс сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 3

ШҚО, Аягөз қалалық №3 жалпы

орта білім беретін аралас мектептің

бастауыш класс мұғалімі:

Сулейменова Назым Амантаевна

















Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері.Қайталау.

Мақсаты:

  1. Көп таңбалы сандармен ауызша есептеуді орындау ; есептеу

дағдыларын жетілдіру; Шамалар туралы алған білімдерін пысықтау,жинақтау.

  1. Ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін

дамыту;жылдам топтық дағдыны және үлкен топтарда жұмыс істей шеберлігін дамыту; кеңістік танымды дамыту;

  1. Топпен жұмыс жасауға үйрету, адамгершілікке,сыйластыққа,

ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, өз бетінше іздену

Пән аралық байланыс: күнделікті өмірмен, дүниетану

Көрнекіліктер және ТҚЖ: АКТ, кесте,оқулық,тақта,смайликтер,

желім,конфеттер,диаграммалар.

Қолданылатын технологиялар: сын тұрғысынан ойлау,дәстүрлі

Сабақтың типы: өткен сабақты топтастыру қайталау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу.

Топқа бөлу (қиынды қағаздар арқылы)

Психологиялық тренинг

Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірге.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

Үй жұмысын тексеру.№ 9 68 бет

48:24- ? =2 300:50+250=? 107*6-?=480

320*5+8=? 108*6-?=42 308*2+?=808 Мұғалім тексеріп өтеді .

Логикалық тапсырмалар

Әр топ 30 секунд ішінде бірнеше сұрақтарға жауап беру тиіс.

  1. Бүгін 13 - шы қазан болса, түнгі 12 - де нешінші қазан болады? 14 қаңтар

  2. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді

  3. Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
    Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті.

  4. Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
    Жауабы: үш

  5. Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр? Жауабы: 7


  1. Аспазшы шұжықты төрт рет бөліп кескенде, неше бөлік шықты? Жауабы: 5

  2. Қаз бір аяғымен 5 кг, екі аяғымен қанша кг?

  3. Марат Қуанышқа қарағанда мектепке жақын, ал Батырға қарағанда алысырақ тұрады. Кім мектептен алыс тұрады? Жауабы: Батыр

  4. Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?Жауабы: 24 сағаттан соң түн болады

  5. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? Жауабы: 2

  1. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. 1 ат неше шақырым жүрді? Жауабы: 40

  2. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? Жауабы: 4

  3. 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма? Жауабы: тең

  4. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Жауабы: алмұрт

  5. Бір айда 5 жексенбі бола ма? Жоқ: жоқ

ІІ Жаңа сабақ

Топтық тапсырмалар орындау.

1.Венн диаграммасы бойынша

1 топ

40,16,74,32 53,11 ,75 ,7,9,3 Екі жиын: тақ сандар ,екі таңбалы сандар

2 топ

5445,7835,6325 15,5 16,12,19,14,13 Екі жиын: беске аяқталатын ,онға дейінгі сандар.

3 топ

341,174,638,453 205,406 700000,200000,300000,40000 дөңгелек сандар,үш таңбалы сандар

2.Шамаларға берілген есептер құрастыру.

1 топ Көк кит .Тапсырма : метрді килограмға, тоннаны центнерге ,аптаны айға өрнектеп жаз.

Көк кит  - жолақала киттер тұқымдасының теңіз жануары. Жер шарындағы ірі жануар, ұзындығы 33 м, салмағы 150 т, ал жүрегінің салмағы 1 тонна. Денесі, қара-сұр, көкшіл реңді, ақшыл сұр дақтары және мәрмәр өрнекті.Кит мұртының тақташасы қошқыл-қара, биіктігі 1 м дейін, саны 350- 400 жұп. Таңдайы қара. Арқа жүзбеқанаты кішкентай, денесінін артқы бөлігінде орналасқан. Арктикадан Антарктикаға дейін таралған. Азығы, планктонды шаянтәрізділер. Баласын 12 аптаға дейін көтереді.  Қызыл кітабқа енгізілген.

2 топ Керік Тапсырма : метрді сантиметрге, килограмды граммға, айды жылға өрнектеп жаз.

Керік – жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды ,жазық далалы жерлерін мекендейді.

Жираф денесінің ұзындығы 2 м-ден асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей ,жерден басының төбесіне дейін 6 м. Салмағы 500 – 1000 кг-дай. Басы онша үлкен емес , мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны - жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа , әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Керіктің жүрегі сүтқоректілердің ішінде ең үлкені болып саналады. Шілде –тамызда төлдейді Төлдеу ұзақтығы 14-15 ай. Керіктер тұрған бойында төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Жаңа туған төлдің бойы 1,8 метр, ал салмағы 50 кг болады. Оны 6 айдай емізеді.

3 топ Қоқиқаз Тапсырма : сантиметрді дициметрге өрнекте,килограмды граммға өрнекте.

Қоқиқаз – қырлы төсті  құстар  тобының отряды. Алғашқы қазба қалдықтары эоцен, ал осы күнгілері жоғарғы олигоцен кезеңінен белгілі. Қоқиқаз дүние жүзіндегі бойы ең биік және аяқтары мен мойны ұзын  құстар. Дене бітімі жұмыр. Дене тұрқы ірі әрі жабайы қаздарға ұқсас, сондықтан қоқиқазды халық  арасында қызылқаз деп те атайды. Қораздары мекиендерінен ірілеу. Бойының биіктігі 91 – 120 сантиметрдей. Қораздарының салмағы 4,5 килограмм, ал мекиендерінікі – 3 килограммдай. Қанаттарының ұзындығы 35 – 49 сантиметр. Ересек қоқиқаздардың қауырсындарының түсі ақ, қызғылт, ұштары қара, ұзындығы 11-16 сантиметр, тұмсықтарының екі жақ жиегіндегі тілімденген “тісшелері” қоректенген кезде сүзгіштік қызмет атқарады.

3 . Көп таңбалы сандарды жазу және оны разряд түрінде айту . «Өзіңді өзің тексер»

-Көп таңбалы санды оқығанда нені ескеруіміз керек?31,33б

А)Үшінші разрядтың 4 бірлігі ,екінші разрядтың 6 бірлігі және бірінші разрядтың 9 бірлігі бар сан (469)

Ә) Үшінші разрядтың 7 бірлігі , екінші разрядтың 5 бірлігі және бірінші разрядтың 2 бірлігі бар сан (752)

Б) Екінші кластың 108 және бірінші кластың 546 бірлігі бар сан(108.546)

В) Екінші кластың 50 бірлігі және бірінші кластың 960 бірлігі бар сан(50.960)

Г)Қазақстанның жер көлемі 2 миллион 724 мың 900 км кв ,Әлем бойынша 9 орында

Д) Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283 мың шаршы.

Ж)Аягөз қаласының жер көлемі 49мың 558 шаршы .

Д) Ауыл шаруашылыққа берілген жер көлемі 2мың 771 км, 3 айда орта есеппен Аягөзде 3 мың 430 тонна ет,8 мың 899 тонна сүт,8 жүз жиырма тоғыз мың жұмыртқа өндіріледі.

Сергіту сәті

169 бет Бос төркөзге қандай санды қойғанда тура теңдік шығады?

7+842+93+?=1000 29+856+?+44=1000

6+734+?+66=1000 41+783+?+117=1000

4 Амалдарды орында және тексер.

730,005-472601=257,404 670+105,892 =106,562 400 256-86587=313,669

257,404+472,601=730,005 106,562-105,892=670 86587+313,669=400 256

5

Сиыр еті-567кг 1) 567+127=694

Қой еті -?,127кг артық 2) 694*3=2082

Жылқы -?, 3-есе артық Ж: 2087 кг жылқы еті

Shape1 6

Апельсин -525 кг

Мандарин -?,3есе артық 300кг 525*3=1,575

Алма -? кг

2)3000-1575-525=1950

Ж: алма 1950кг

6 ауызша

9 тақтада жұмыс «Қай топ жүйрік?»

Сабақты қорытындылау : «Сіз осы тапсырманы қалай орындаған болар едіңіз?»

Суреттер топтамасы.

Кері байланыс смайликтер арқылы бағалау.

Ұнады Ұнамады

Үйге №9



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі