400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көп таңбалы сандарды жазу және оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1A-тарау: Көп таңбалы сандар және олармен амалдар

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көп таңбалы сандарды жазу және оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

Сабақ мақсаттары

Көп таңбалы сандардың, олардың ондық құрылу жолын түсінеді

Көп таңбалы сандардың /ондық бөлшектердің разряд және класс құрамын анықтайды, разрядты қосылғыштардың қосындысына жіктейді

Барлық оқушылар:

көп таңбалы сандарды оқиды, кластары мен разрядтарын ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

берілген санадардан көп таңбалы сандарды құрастырады;

Кейбір оқушылар:

көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді


Бағалау критерийлері

  • Көп таңбалы сандарды жазады, ондық құрылу жолын түсінеді.

  • Көп таңбалы сандарды кластар мен разрядтарға жіктейді.

  • Көп таңбалы сандармен есептеулер жүргізеді


Тілдік мақсаттар


  • бірінші, екінші, үшінші және т.с.с.

  • ... бастап ... дейін бастау, ақырында ...

  • түсіндіру, түзету, еске салу, сендіру, рәсім

  • бірін-бірі тыңдайды;

  • - басқаша шешім қабылдайды;

  • - өз көзқарасын өзгертеді


Құндылықтарды дарыту




Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім


Оқушылар көп таңбалы сандарды танып, оқиды.









Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басында:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру(психологиялық дайындық).

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!


Оқушылар откен сыныптан осы бөлімге қатысты білімдеріне байланысты қайталау жұмысын жүргізеді.


Оқушыларға үш таңбалы сандар жазылған кеспе қағаздар беріледі. «Сандар тізбегін құрастыр» ойынын өткізеді.

358 825 901 957 500 698 964

  • Егер сендер кеспеқағазды екі-екеуден біріктірген кезде, алынатын барлық мүмкін сандарды жазыңдар. Барлығы неше сан пайда болды? (6)

  • Әр санды кезекпен оқыңдар және олардың разрядтары мен сыныптарын атаңдар.

  • Егер кеспеқағазды 3-тен қосқан кезде пайда болуы мүмкін сандарды атаңдар. Әр санды санап, оның разрядтары мен сыныптарын атаңдар, разрядты қосылғыштардың қосындысы ретінде жазыңдар.

Сабақтың мақсатын анықтау.

Презентация











Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың ортасы


Ауызша жұмыс.

- 999 999 – дан кейінгі келесі санды атаңдар.

- 1 000 000 – миллион. Миллион санын қалай жазу керек?

Бірлік миллион, ондық миллион және жүздік миллион үшінші класты – миллиондар класын немесе үшінші класты құрайды.

Разрядтар және кластар кестесін қараңдар. Кестеде жазылған сандарды оқыңдар.

Білу керек!

Егер сандар құрамында бір бірлік разряды болмаған жағдайда , оны жазған сәтте сол жоқ разрядтың орнын нөл санымен толықтырамыз.

Мысалы. 903 саны 9 жүздік, 0 ондық және 3 бірліктен тұрады.

903 = 9 жүздік 0 ондық 3 бірлік

Кез келген разрядтың 10 бірлігі одан жоғарғы разрядтың бірлігін құрайды. Мысалы, 10 бірлік 1 ондықты, ал 10 ондық 1 жүздікті білдіреді.




Жеке жұмыс: Оқушылар жеке орындап, жұпта жұмыстарымен алмасып, дескрипторлар бойынша бағалайды.

Мына сандарды жазыңдар:

а) III кластың 7 бірл. II кластың 306 бірл. I кластың 120 бірл.;

б) III кластың 23 бірл. II кластың 9 бірл. I кластың 3 бірл.;

в) II кластың 587 бірл. I кластың 369 бірл.



а) III кластың 9 бірл. II кластың 627 бірл. I кластың 789 бірл.;

б) III кластың 94 бірл. II кластың 58 бірл. I кластың 8 бірл;

в) II кластың 590 бірл. I кластың 357 бірл.



Мына сандарды оқыңдар

(875 258 306; 58 654 920; 4 650 301;

605 406; 45 325; 6 369; 321; 85;7;)



Төмендегі сандарды жаз:

8 ондық млн 527 бірлік = ;

8 миллион 6 жүздік мың = ;

5 миллион 3 мың = .

Есіңе сақта!

Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға бөліп алу керек, ол үшін оң жақтан бастап үш цифрдан бөліп алады.


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері.

Осысабақтақолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі