400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көп тіл білгім келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, «Кім жылдам?» ойыны,жұптық жұмыс, концептуалды кесте, «Қос шеңбер ішіндегі танысу» тәсілі, кластер, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Көп тіл білгім келеді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;

7.О6 Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

7.ТБ1.1. Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша,ауызша жұмыстарды қолдану.

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды.

Көбі: мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата біледі, жазбаша, ауызша жұмыстарды қолданады.

Кейбірі: тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

Күтілетін нәтижелер:

Тыңдалған мәтіннен мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, қазақ тілінде көптілділік жайды ақпарат бере алады, қазіргі көптілділік жағдайын сипаттайды.

Жаңа сөздер

Шет тілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдттар, плакаттар, маркерлер, «Мемлекеттік тіл-менің тілім» бейнебаяны, кесте, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, «Кім жылдам?» ойыны,жұптық жұмыс, концептуалды кесте, «Қос шеңбер ішіндегі танысу» тәсілі, кластер, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатамын.Кемшіліктерді анықтап, түзетемін, бағалаймын.

Тапсырманы айтады, тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.

1.Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты бейнебаянын көрсетемін. «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «тіл» сөзіне ассоциограмма құрғызамын.

Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.

2.Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын. Оларды оқимын, оқушыларға қайталатамын.

Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Тыңдалым.Оқылым.Айтылым.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатамын.

Тыңдалым.Оқылым.Айтылым. Сөйлемдерді тыңдайды,оқиды, өз ойын айтады.


Ә)Оқылым.Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатамын.

Оқылым.Жазылым.Қанатты сөздерді оқиды. «Түсіндірме сөздіктің» көмегімен сөздердің мағынасын анықтайды, тіл туралы өзіне ұнаған мақалдар мен нақыл сөздерді жазып алады.

3.Тілдік бағдар. Көмекші есімдерді меңгертемін.

Көмекші есімдерді меңгереді.

А)Жазылым. Оқулықтағы 3,4 тапсырманы орындатамын.

Жазылым.Кестеге көмекші есімдер тіркескен сөздерді жазады, толықтырып, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды.

Ә)Айтылым.Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатамын. «Кім жылдам» ойынын ұйымдастырып, жұптық жұмыс орындатамын.

Айтылым.Ойын шарттарын орындайды.

4. Мәтінмен жұмыс.

А) Оқылым.Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатамын.

Оқылым.Айтылым. Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын өз сөзімен айтады.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 7,8 тапсырманы орындатамын.

Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ қояды, ақпараттың дұрыстығын тексереді.

Б)Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатамын.

Жазылым. Көмекші есімдерді пайдаланып, сөйлем құрап жазады.

5. Мәтінмен жұмыс

А) Тыңдалым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатамын.

Тыңдалым. Тіл үйренушілерді өз тәжірибесі туралы пікірін тыңдайды.

Ә)Жазылым. Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатамын.

Жазылым. Тіл үйренушілердің пікірін концептуалды кестеге толтырады.

6.Сергіту сәті. «Қос шеңбер ішіндегі танысу» тәсілін пайдаланып, тақырып аясында сұхбат құрғызамын.

Оқушылар екі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарап тұрады. Өзара әңгімелесіп, сұхбат құрады.

3. Ой толғаныс

Жазылым.Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатамын.

Жазылым.Қосымша қайнаркөздерден қазақ тілі туралы ақпарат жинайды. "Қазақ тілі қандай тіл?» тақырыбына кластер құрастырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі