400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көп тіл білгім келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша дайындалған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -- қазақ тілін оқып үйренеміз

Мектеп: №90 Абай атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оракбаева Кунимкул Ортаевна


Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Көп тіл білгім келеді


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.1 - Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

Мақал-мәтелдерді, терминдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамытады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мақал-мәтелдерді, терминдерді орынды қолдана отырып, «Көп тіл білу құпиясы» туралы мәтін мазмұнын дамытып, өз ойларын жүйелі жеткізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мақал-мәтелдерді, терминдерді орынды қолдана отырып, «Көп тіл білу құпиясы» туралы мәтін мазмұнын дамытып, өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерйиі

-Мақал-мәтелдерді, терминдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамытады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Жана сөздерді орынды қолданады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Шет тілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер


Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша… ,

осылардың ішінде…,

ғалымдардың айтуынша…,

тілдер тарихына қарасақ… .

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті … деп ойлайсыз?

Кең тараған тілдер … деп ойлайсың?

«Көп тіл білген адамның жолы - даңғыл» дегенді қалай түсінесің?




Құндылықтарға баулу

Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауға баулу

Пәнаралық байланыс

Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Үш тілді білу -- үлкен өнер» тақырыбындағы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут






2 минут




2 минут

Жағымды психологиялық ахуал туғызу

«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-біріне өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Тілектерді топ ішінде де айтуға болады.

Топқа бірігу. Оқушылар 1,2,3 сандарын үш тілде санау арқылы 3 топқа бірігеді. ( бір, два , three)

Зейінді шоғырландыру жаттығуы

(Ұ) «Көп тіл білудің пайдасы» тақырыбында өз ойларын «Кластер» әдісі арқылы баяндау

Shape1

Shape2

Shape3

Shape4 Оқу мақсатымен таныстыру:

7.2.1.1 – Мақал-мәтелдер,терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту



А.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана 2014. 165-бет

Shape5


А.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана 2014. 139-бет

Флипчарт, маркер, стикер.


Сабақтың ортасы

8 минут


















10 минут
























































2 минут



















8 минут

(Ө.Ж.Т) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі

1-тапсырма. Берілген сөйлемді негізге ала отырып, мақал-мәтелдер мен термин сөздерді орынды қолданып сұраққа жауап ретінде өз ойыңды айт.

Қазақ тілін білу не үшін қажет?

1-топ. Көп тіл білу -- рухани байлық

2-топ. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әр азаматының міндеті.

3-топ. Көп тіл білген адамның жолы – даңғыл.

Дескриптор

Білім алушы:

- Берілген сөйлемді негізге ала отырып, мақал-мәтелдер мен термин сөздерді орынды қолданып өз ойын айта алады.


(Қ) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Басбармақ жоғарыға қарай: «Өте жақсы жауап»
Басбармақ көлденең: «Жақсы жауап»
Басбармақ төмен қарай: «Жауапқа қанағаттанбадым»

2-тапсырма

(Ө) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалары

Бөлім

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -- қазақ тілін оқып үйренеміз

Тақырып

Көп тіл білгім келеді

Оқу мақсаты

7.2.1.1 – Мақал-мәтелдер,терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.

Бағалау критерийі

Білім алушы

- Мақал-мәтелдерді, термин сөздерді тиімді қолданады;

- Мәтіндегі оқиғаны дамытады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген мәтіндегі термин сөздер мен төмендегі мақал-мәтелдерді мәтін мазмұнымен байланыстырып дамытыңыз.

Көп тіл білудің құпиясы

Басқа тілді үйрену үшін , ең алдымен, ана тіліңнің қыр-сырын жақсы білуің керек. Өз тіліңді жақсы білсең ғана , басқа тілді үйрене аласың.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, басқа тілде өз ойыңды жеткізу үшін 2 мың белсенді сөзді білген дұрыс. Сонда ғана кітап оқып, емін-еркін ақпарат алуға болады. Ол үшін тіл үйрену курстарына барған дұрыс. Кем дегенде 5 мың сөз игерсең, ақпарат есігі ашылады.

Қазақ тілі –көркем тіл. Ол синоним сөздерге, фразеологизмге, мақал-мәтелге бай. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілін білген адамға өзбек, түркмен, ұйғыр тілдерін түсіну оңай.

Орыс тілі роман-герман тобына жатады. Олай болса, орыс тілін білетін адам ағылшын тілінің ерекшеліктерін тез меңгереді.

Қытай тілінде 10 мыңдай таңбаны үйренсең, кәріс пен жапон жазуын тез үйренесің.


Мақал-мәтелдер:

1.Тіл – достықтың алтын көпірі.

2.Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

- Мақал-мәтелдерді, термин сөздерді тиімді қолданады;

- Мәтіндегі оқиғаны дамытады

Білім алушы

-мақал- мәтелдерді, термин сөздері орынды қолдана алады;

- мәтін мазмұнын дамытып айтады.


(Қ) Оқушылар дескрипторларға сәйкес бірін-бірі бағалайды.


Сергіту сәті. «Күзгі жаңбыр» әдісі. Оқушылар мұғалімнің қимылын қайталау арқылы жаңбыр дыбысын салып, қимыл-қозғалысқа түседі.


3-тапсырма.

(Ө.Ж.Т) «Крест- нөл» кестесі бойынша саралау жұмысы (оқушылар өзіне ұнаған ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтағы тапсырмаларды орындайды)


1.Ана тілі туралы өлең айту.

2.Тіл туралы мақал-мәтел айту.

3. «Үш тілді білу- заман талабы» жарнама жасау.

4.Туған тілі туралы өлең –жыр жазған авторлар туралы мәлімет беру.

(Қ) «Бағдаршам» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды

Қызыл түс – орташа

Сары түс – жақсы

Жасыл түс – өте жақсы


А.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана 2014. 141-бет










Shape6





А4 парағы




Қазақ тілі 7-сынып

«Көкжиек-Горизонт» баспасы

Алматы 2017ж
















































Майк Гершон

Оқыту үшін бағалау құралдары

4-бет





Shape7


Сабақтың соңы


5 минут

Кері байланыс: «Даналық ағашы» әдісі

1. Бүгін мен _______________білдім.

2. Бүгін мен үшін _________________ пайдалы болды.

3. Мен ______________ үйренгім келеді.


Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып «Даналық ағашын» безендіреді.


Даналық ағашы

Shape8

Стикерлер

Қосымша ақпараттар


Саралау – Сіз қандай

тəсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға

қарағанда қабілетті

оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Сабақ барысында әр оқушыға жеке қолдау көрсетіп отырамын. Сабақта «Крест-нөл» кестесі бойынша оқушылардың қызығушылығына, дағдыларына қарай саралау тапсырмасын беремін. Саралау тапсырмасын сабақтың ортасында қолданамын.



Сабақта оқушылардың нені үйренгендерін бағалау үшін, дескриптор арқылы бағалауды және «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістерін қолдануды жоспарлап отырмын. Топпен және жекелей жұмыс барысында ауызша кері байланыстар,мадақтау, қошемет сөздер арқылы да бағалап отырамын. Кері байланыс. «Даналық ағашы» кестесі арқылы сабақты аяқтаймын.


Сергіту сәтіне арналған «Күзгі жаңбыр» жаттығуын жасату.


Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары

немесе оқу

мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды

ма?

Барлық оқушылар оқу

мақсатына қол

жеткізді ме? Егер

оқушылар оқу

мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп

ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма

жəне неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап

беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге

назар аудару қажет?

1

2



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1050
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі