400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Көп тіл білудің пайдасы" 5 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Сабақ №

Мектеп: «Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 лицей» КММ


Күні:

Мұғалім: Амирбаева Газима Мажитовна

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Көп тіл білудің пайдасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.1.1тақырыпты анықтай отырып ,мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну

5.3.4.1.мәтіндер құру-мақсатты аудиторияны ескере отырып көркем және ауызекі стильдерде сипаттау мен әңгімелеу (хат , жарнама мәтіні , хабарлама)


Сабақ мақсаты:

Барлығы : Тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын , диалог,монологтегі көтерілген мәселені түсінеді, мәтіннің стильдік ерекшелігін біршама таниды, мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Көбісі: Тыңдаған мәтіндегі қосымша ақпаратты нақты анықтайды, әртүрлі жанрдағы мәтіндерге өз көзқарасын толық білдіреді, мәтіннің стильдік ерекшелігін біршама ажыратады.

Кейбірі: Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтап, толық салыстырмалы анализ жасайды, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені толық түсінеді , мақсатты аудиторияны ескере отырып көркем және ауызекі стильдерде сипаттау мен әңгімелеу (хат ,жарнама мәтіні , хабарлама) мәтінін құрады.


Құндылықтарды игерту:


Тарих, мәдениет пен тілдің ортақтығы, өзіне және өзгелерге құрмет,

«Мәңгілік ел» идеялары мен азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс:

Сабақта АКТ пайдалану арқылы өзін- өзі тану,әдебиет,тарих,география пәндерімен өзара байланыс

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы қолданылады, аудиотаспа қолданылады,материал ғаламтордан алынған .

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Мәдениет, әдеп саласына қатысты сөздер.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

деген ойдамын, ойымызды жинақтайтын болсақ, біріншіден, екіншіден, сондықтан, өйткені

Осыған дейін меңгерілген білім

Қарым –қатынас мәдениетін меңгерді, телефонмен сөйлесу әдебін меңгерді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин


Оқушылар әр тілде амандасады. «Неге біз әр елдің тілінде амандасумен бастадық?» деген сауал қою арқылы жаңа тақырыпты анықтау.

Мәтін бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.

Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Сондай кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады.

Әр тілде амандасуды білдіретін суреттер





Сабақ ортасы

7 мин











8 мин






























15 мин



«Бұрыш» стратегиясы

Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінінің негізінде «Көп тіл білу адам адам мүмкіндіктеріне жол аша ма, әлде шектей ме?» проблемалық сұрақ қояды. Сынып қабырғасында «Келісемін», «Келіспеймін», «Екі ойлымын» деген сөздер ілінеді. Оқушылар көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіретін сөздердің бірін таңдайды. Артынша топпен ақылдаса отырып, әр топтан бір өкіл шығады және өз көзқарасын дәлелдейді.


Оқушылар көп тіл білудің пайдасы жайлы өз ойларын «ПОПС» формуласы бойынша жұпта білдіреді.

«ПОПС» формуласы

1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

2. Екінші сөйлем «Себебі , мен оны былай түсіндіремін … »

3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»


Тыңдалым тапсырмасы

https://www.youtube.com/watch?v=OKqxnt7X3Z8 сайтынан

«Қызылордада үш тілді еркін меңгерген азамат білімінің пайдасын көруде» деген бейнематериалды көреді.


Тыңдалым тапсырмасы

Тапсырма Мектеп радиорубкасы арқылы беріген хабарландыруды тыңдаңыз.


Хабарландыру

2017 жылдың 22 қыркүйегінде үш тілді жетік білетін 5-9-сынып оқушылары арасында «Тіл – дарын» мектепішілік байқау өткізіледі.

Сайыстың мақсаты: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Байқау төмендегідей кезеңнен тұрады:

1. Өзін-өзі таныстыру;

2. «Тілдердің үш тұғырлығы» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;

3. «Сөздің көркі – мақал» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру.

Жеңімпаздар әділқазылар алқасының шешімімен анықталып, марапатталады.

Өтетін орны:

«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей»КММ жиын залы.

Басталуы: 15:00.

Келемін деушілерге есік ашық!




Тыңдалымнан кейінгі тапсырма №1

«Қызылордада үш тілді еркін меңгерген азамат білімінің пайдасын көруде» мәтіні мен хабарландыру мәтіндеріндегі көтерілген мәселенің ұқсастықтарын Венн диаграммасы арқылы табады, айырмашылығын Т кестесі арқылы анықтайды .


Shape1 Shape2






Тапсырма №2 Мақсатты аудиторияны ескере отырып көркем және ауызекі стильдерде сипаттау мен әңгімелеу (хат ,жарнама мәтіні , хабарлама) мәтінін құрыңыз.

1-топ.

Көп тіл білудің пайдасы жайлы ауылдағы ата-әжеңе хат жазыңдар.

2-топ

Көп тіл білудің пайдасы жайлы жарнама жасаңыздар.




№

Критерий-лері

1

2

3


Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негіз-гі және қосымша ақпаратты анықтау


Тыңда-ған мәтіннің негізгі мазмұ- нын біршама түсінеді

Тыңдаған мәтіннің негізгі

мазмұнын толық түсінеді және қосымша ақпаратты анықтай-ды

Тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын толық түсінеді және қосымша ақпаратты толық анықтайды


Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптар-ға байланысты диалог,мо-нологтердегі көтерілген мәселені түсіну

Диалог

монолог- тегі көтеріл-ген мәсе лені біршама түсінеді

Әртүрлі жанрдағы мәтіндер-ге өз көзқа-расын толық білдіреді

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты толық түсінеді және анықтайды, саралайды


Мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтау

Мәтін-нің стильдік ерекше-лігін таниды

Мәтіннің стильдік ерекше-лігін біршама

ажырата-ды

Мәтіннің стиль-

дік ерекшелігін толық ажырата-

ды, салыстырып талдайды


Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтау

Мәтін-нің жанр-лық ерекше-лігін анық- тайды

Мәтіннің жанрлық ерекше-лігін анықтап,

салысты-рады

Мәтіннің жанр-

лық ерекшелігін толық анықтап, салыстырмалы анализ жасайды



Мақсатты аудитория-ны ескере отырып көркем және ауызекі стильдерде сипаттау мен әңгі –мелеу (хат ,жарнама мәтіні , хабарлама) мәтінін құру

Мақсат-ты аудито-рияны ескеріп, көркем

және ауызекі стиль-дерде

сипаттау мен әңгіме-леу мәті-

нін құруға талпынады.

Мақсатты аудито-рияны ескеріп, көркем

және ауызекі стильдер-де

сипаттау мен әңгімелеу мәті-

нін құрады .



Мақсатты аудиторияны ескеріп, көркем

және ауызекі стильдерде

сипаттау мен әңгімелеу мәті-

нін құрады , салыстырады.





























https://www.youtube.com/watch?v=OKqxnt7X3Z8


Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі