400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көпбалалы отбасы береке-бірліктің үйлескен жері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласындағы болып жатқан жаңартулар- ұстаз тұлғасына түбегейлі сапалық қасиеттерін жаңа қырынан қарастыруды көздеп отыр. Жаңартылған білім мазмұнында оқушының өз бетімен ізденіп, алған білімдерін тікелей практикада қолдануға болатынын ойланауға мүмкіндік беріп отыр.осы тұрғыда жаңартылған білім мазмұнын жүйелі жүргізіп, нәтижеге жететін, сапала білім мен тәрбиені ұштастыра отырып білім беретін ұстаздың ролі зор.яғни, ұстаздан жаңашылдықты, тың көзқарастары мен кәсіби және сапалық қасиеттерінің қайта қарап, тұлғалық жаңғыруды талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі

Орындаған:Алибек Гүлзат Нұркелдіқызы «Бастауыш білім беру» мамандығының 121 топ білім алушысы.

Жетекшісі:Бекузақова Ақбота Құрманғазықызы

Тақырыбы: Көп балалы отбасы- береке -бірліктің үйлескен жері.

Мақсаты: Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға өсіру .

Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы ана болу оңай емес. Ендеше еліміздегі көп балалы аналардың хал-жағдайы қалай, қандай жағдайда бала тәрбиелеп отыр, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек қандай деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар.

Көп балалы отбасыларын қолдау

Қазақстанда егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін, 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап көп балалы отбасыларға (қалада – 4 баласы, ауылдық жерлерде – 6 баласы барларға), басқа да отбасыларына әр бала дүниеге келгенде бір жолғы жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тиісті жағдайларда 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. Жұмыс істейтін ана-әйелдерге зейнет жасына келуіне байланысты зейнетақы тағайындау кезінде басқа да жеңілдіктер беріледі, сондай-ақ, көп балалы аналар бала санына қарай “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, т.б. орден, медальдармен марапатталады. Қазақстанда көп балалы отбасылары, негізінен, қазақтар көп тұратын оңтүстік облыстарда, сондай-ақ түркі ұлыстары немесе ислам дінін ұстанатын басқа да ұлыстар көбірек қоныстанған бірқатар басқа да дара этнографиялық. аудандардың ауылдық жерлерінде басым болып келеді.

Қазақстандағы ең жас батыр аналар

Ақтөбе қаласында тұратын Әлия Новикова жақында 14-сәбиіне жарық дүние сыйлады. Әлияның жасы – 41-де. 26 тамызда Ақтөбе облысының перзентханасында 14-ші сәбиін дүниеге әкелді, оған Дамир деген есім берілді. Бүгінде баланың денсаулығы қалыпты. Әлия мен жұбайы 8 ұл, 6 қыз тәрбиелеп отыр. Балаларының үлкені – 24 жаста, кіші баласы – 2 жарым жаста екен. Әлияның айтуынша, ол Құдай қанша бала берсе, сонша баланы босанғысы келеді. "Иә, оңай емес. Бірақ мен барлығы жақсы болатынына сенемін. Әрбір бала үлкен бақыт қой", – деп сыр бөлісті көп балалы ана. 14 баланы тәрбиелеу, сабағын оқытып, киіндіру  үшін қосымша көмек қажет. Бірақ Әлия үй шаруасы мен бала тәрбиесін бір өзі дөңгелетіп отыр. Ол ешқашан жұмыс істемеген. Негізі есепші мамандығын тәмамдаған. Десе де, көп балалы ана уақытын балаларына арнап, бала тәрбиесін басқа парыздан жоғары қойған және жұмысқа шықпағанына қынжылмайды да. Қазіргі таңда бала-шаға қамы үшін жұмысқа шығатын аналардың үй шаруасы мен жұмыстың екі ортасында сабылатыны үйреншікті жайтқа айналды. Оған отбасының қаржылық қиындығы себеп шығар, бәлкім жас аналардың тұлғалық қалыптасуы үшін жұмысқа асығатын шығар. Әлияның 41 жасында бала көтеріп, аман-есен қол-аяғын бауырына алуы ерлік, әрине.  Дәрігерлердің айтуынша, бұл сирек кездесетін жағдай.

Еліміздегі ең жас көпбалалы батыр ана Жазира Тұрғынованың отбасы баспаналы болды.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жеті балалы жанұяны арнайы қабылдады. Кездесуде өңір басшысы батыр анаға Төлеби ауданы Ленгір қаласынан 4 бөлмелі пәтердің кілтін және балаларға қыстық жылы киімдер табыстады. Жаңа баспана жылы әрі жайлы және тұрмысқа қажетті барлық жиһазбен қамтылған. Сонымен бірге Жазираның қосымша мамандық алып, жолдасының да, өзінің де жұмысқа орналасуына жағдай жасалатын болды. Жазира Тұрғынова 27 жасында 7 баланы дүниеге әкелген. Оның 3-і қыз, 4-і ұл. Үлкені 11-де, ал кішісі Алихан 1 жасқа енді толады. Айта кетейік, жақында ғана Жазира Тұрғынова елордада өткен жастар форумына қатысып, Елбасымен кездесіп, батасын алып қайтқан болатын. Жалпы бүгінде облыста 134 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 51 мыңнан астамы – «Алтын алқа» иегері



Астанада көпбалалы аналарға қандай көмек көрсетіледі

  • автобуста тегін жүреді;

  • 8 наурызда бір рет 6 313 теңге ақшалай көмек беріледі;

  • балалары астаналық ЖОО-ларда тегін білім алады (жан басына шаққандағы орташа табыс үш ең аз күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, 92 991 теңге)

  • Алтын алқа" және "Күміс алқа" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға 16 160 теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы берілуі тиіс

  1. Бала бір жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы

  2. Отбасында төртінші бала дүниеге келген кезде бір реттік 159 075 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Төртінші және одан кейін туған балаға бір жасқа толғанға дейін ай сайын 22 473 теңге жәрдемақы беріледі.

Статистика бойынша Қазақстанда көп балалы аналардың саны 600 мыңға жуық. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева мәлім етті.

Көп балалы аналардың қатарына он сегіз жасқа дейінгі төрт немсе одан да көп бала бағып-қағып, сол үшін зейнетақы немесе әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдер кіреді.

«Аймақаралық қатынас бойынша, бала саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр, онда көп балалы отбасылардың саны 160 мыңға жуық. Алматы облысында 60 мыңнан асады, Жамбылда – 49 мың отбасы. Солтүстік Қазақстан облысында – 14,5 мың, Павлодарда 17 мың отбасы. Ал Астана мен Алматы қалаларында 9-10 мың көпбалалы отбасы. Республика бойынша табысы азық-түлік себетінен аз отбасылардың саны сегіз мыңнан асады. Оның басым бөлігі Астанаға тиесілі – шамамен екі мың отбасы», - деп әңгімеледі Р.Сәрсембаева.

Қазақстанда көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған бірқатар заңнамалық, нормативті-құқықтық құжаттар бар екенін тілге тиек етті сарапшы. Оралдың қатарында: «Қазақстан Республикасындағы анраулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдар бар.

Қорытындылай келе , Еліміздің болашағы келешек жастардың қолында. Иә еліміздің өркендеуіне бәрміз бірдей ат салысуымыз керек. Естермізде болса осыдан біраз күн бұрын Қазақ елінің бес бірдей бүлдіршінінен айырылып қалған болатынбыз! Бұл тек бір отбсының ғана қайғысы емес бүкіл Қазақ елінің қайғысы. Осы оқиға елдің қабырғасын қайыстырды. Ана мен бала ажырамауы керек сол үшінде кәзіргі таңда көп балалы аналарға мемлекет тарапынан көптеген жағдай жасалып жатыр. Біз жастар көп балалы ана болудан ешқашан қорықпауымыз керек, керісінше үкімет тарапынан берілген жеңілдіктерді пайдалана отырып еліміздің демографиясын дамытуымыз керек!!!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі