400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көпір ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
көпір туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көпір  

Ойын жазық алаңда, спорт залда өтеді. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:

Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.

Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері тиіс.



Шырмауық  

Ойын жазық алаңда, болмаса спорт залда өтеді. Ойнаушылардын санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен айнала қозғала бастайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:

Ойын басқарушы:

Аш қасқырым, ап,

Аш қасқырым, ап,

Аш қасқырым, ап, -деп бірнеше рет қайталап тұрады да, бір кезде:

Аш қасқырым, aп,

Аузыңды жап,- дейді.

Сол кезде айналып қозғалыста жүрген ойыншылар тұрған орындарында “қатып” қалады. Күліп немесе орнынан қозғалып кеткен балалар, яғни ойын ережесін бұзған ойыншылар шеңбердің сыртына шығады. Қалған балалар «шырмауық» құрады (шырмауық деп - бір-бірінің қолдарынан мықтап ұстап құрған тізбекті айтады).

Ойын шартын бұзып, шеңбер сыртына шыққан балалар 5-6 метр жерден жүгіріп келіп, кезек-кезек тізбекті үзген жағдайда сол орында тұрып ойынға қатысады. Үзе алмаған жағдайда ойыннан шығып қалады. Ойында шеберлік көрсеткен оқушыларды ойын басқарушы атап өтіп, оларға сыйлық береді.
















Тапшы, кімнің дауысы?  

Ойын алаңда, спорт залда өтеді. Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойнаушылардың санына шек койылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер бойымен қатарда тұрған балалардың ортасына алып шығып, оның көзін байлайды.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:

Осы кезде барлық ойыншылар хормен:

Секір-секір деген кім,

Білгіш болсаң таба ғой,

Тауып ал да, өзін кеп,

Сол орынға тұра ғой, - деп, өлеңдетіп шеңберді айнала козғалып тұрады.

Хор айтылып біткен соң, ойын басқарушы белгілеген оқушы «секір-секір»- дейді. Айтылып болған сон, басқарушы ортадағы тұрған баланың көзін шешеді. Ол «секір» деп айтқан баланы іздеуге кіріседі. Тапса, айтқан бала ортаға шығып, ойын баскарушы көзін байлайды. Егер таба алмаса, өзінін көзі кайта байланады. Осылайша ойын



Әріп таңдау  

Ойынды көгалды алаңдарда, не болмаса спорт залда ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Басқарушы ортаға шығып, ойын шартын тусіндіреді. Әр бала өзіне әріп тандап алады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:

Ойын басқарушы шеткі балаға келіп:

- Сен қандай әріпті алдың?

- A

Әлгі бала ойын басқарушьшың одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы керек.

- Сенің атың кім?

- Асан!

- Фамилияң кім?

- Ахметов!

- Қайдан келдің?

- Ақтөбеден.

- Қайда барасың?

- Алматыға.

- Немен барасың?

- Арғымақпен.

- Онда не өседі?

- Алма.

- Тағы не өседі?

- Алмұрт, алша.

- Сені Алматыда кім қарсы алады?

- Айдар.

- Оған сыйлыққа не әкелдің?

- Арғымақ.

Одан кейін ойынды осы «А» әрпімен жауап берген бала жалғастырады. Ол өзінің келесі құрбысына әр түрлі сұрақтар қояды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, болмаса тоқтап қалған жағдайда, сұралған ойыншы ортаға шығып көпшіліктін ұйғаруымен өнер көрсетеді. Осылайша ойын жалғаса бер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі