Материалдар / Көпмүшелер. Көпмүшелердің дәрежесі және стандарт түрі.

Көпмүшелер. Көпмүшелердің дәрежесі және стандарт түрі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. 7 сынып "Көпмүшелер. Көпмүшелердің дәрежесі және стандарт түрі." 7 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1534
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
7.1С 7.1С Көпмүшелер
Мектеп: Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы "№1 жалпы білім беру орта мектебі" ММ


Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Тажибенова Маржанай Амангалыевна

Сынып: 7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың
тақырыбы:
Көпмүшелер. Көпмүшелердің дәрежесі және стандарт түрі.

Осы сабақта қол жеткізі-летін оқу мақсаты
7.2.1.5 Көпмүше анықтамасын білу және оның дәрежесін табу;
7.2.1.6 Көпмүшені стандарт түрге келтіру;

Сабақтың мақсаттары
Оқушыларды көпмүше анықтамасын тұжырымдауға үйрету; көпмүшені стандарт түрге келтіру туралы түсіндіре отырып, білімдерін есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

Бағалау критерийлері
Көпмүше анықтамасын біледі және оның дәрежесін таба алады;
Көпмүшені стандарт түрге келтіреді;

Тілдік мақсат
Көпмүшелер туралы білімдерін есептер шығаруда дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру үшін анықтамасын ауызша тұжырымдатамын
Пәнге қатысты лексика мен терминология: бірмүше, бірмүше коэфициенті, көпмүше, көпмүше, көпмүше дәрежесі; көпмүшенің үлкен мүшесі; үлкен коэффициент; көпмүшенің бос мүшесі.

Құндылықтарға баулу
Ынтымақтастық, Ашықтық, Құрмет-құндылықтарын оқушыларға дарыту жолдары:
Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында белсенді қарым-қатынас құра білуге, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға, ортақ қорытынды шығаруға, идеяларды құрметтеуге және жеке жұмыс орындау кезінде алынған білімді тиімді қолдануға, өз бетімен шешім қабылдап,оны дамыта білуге баулимын.

Пәнаралық байланыс
Көпмүшелерді оқу молекулалардың атомдық құрылысын түсінудегі білімдерін қолдану арқылы физика пәнімен байланыс орнатылады

Тақырып бойынша алдыңғы білім
Санның стандарт түрі. Бірмүшелер. Бірмүшелерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар


Сабақтың басы
3 мин



5 мин
Сабақтың басында оқушылардың назарын аудару және бір ортаға шоғырландыру мақсатында Атомдар мен молекулалар әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлемін. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында проблемалық сұрақ қоямын:
1. t жылда неше ай бар?
2. nсағатта неше минут бар?
3. Қабырғалары a және b болатын тіктөртбұрыштың ауданы
4.Бесінші дәрежелі x пен төртінші дәрежелі y-тің көбейтіндісі
5.Қабырғасы с болатын текшенің көлемі
Балалар өз жауаптарын тақтадағы жазылып тұрған өрнектер ішінен сәйкесін тауып, тексереді.
Тақтада: 12t, x5y4, 60n, ав, с3.
Оқушылардың жауаптарын талдай отырып, бүгінгі сабақ тақырыбына қарай бағыттаймын. Оқу мақсатынан бағалау критерийін құрастырамын.
Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 мин














7 мин






8 мин























3 мин





3 мин



5 мин

















3 мин
Сабақты Блум таксономиясының алты ойлау деңгейі негізінде ұйымдастырамын
Топтық жұмыс:
"Білу" тапсырмасы: "Графикалық органайзер" әдісі.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында Т кестесі арқылы төмендегі сандарды бөліп жазу
abc; (a+b+c)x; 3a2x3y 2xy; 0,3x+yz;

Бірмүшелер Көпмүшелер






"Түсіну" тапсырмасы:
Оқушыларға сабақ мақсатына жататын білімді қалыптастыру және дағдыны дамыту үшін Постер әдісін қолданамын.
1-ші және 2-ші топ: Көпмүшелер және оның дәрежесі.
3-ші және 4-ші топ: Көпмүшелердің стандарт түрі
Қарсы топтар бір біріне конструктивті кері байланыс жасайды.

Жұптық жұмыс
"Қолдану" тапсырмасы:
Әр топтағылар өзара жұп құрады, берілген тапсырманы ақылдаса отырып шығарады.
Тапсырма:

Дескриптор


Көпмүшелердің ұқсас мүшелерін біріктіре алады


Көпмүшелерді стандарт түрде жаза біледі


Оқушылар тақтадағы дұрыс жауап үлгісімен өзара бағалауды жүргізеді.

Жеке жұмыс
"Талдау" тапсырмасы:
3b2 + a2b + 5ab2 + 4a2b – 5ab2 – 3b2 көпмүшесін стандарт түрге келтіріп, a=1; b= -1 болғандағы мәнін есептеңдер.
А) 5; В) -5; С) -10; Д) 10.
“Дұрыс жауап тақтайшасы” бойынша тексеру
"Сергіту сәті":
7 санын 4 рет қолданып 4,5,6 және 9 сандарын шығарыңыз.

Топтық жұмыс
"Жинақтау" тапсырмасы: "Иә" немесе "жоқ" әдісі
Сұрақтар
Иә
Жоқ

Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.



аbc өрнегінде a=1; b=-1 және c=-1 болғанда жауабы "-1" болуы мүмкін бе?



n=15; n2=? n2=265



Бірнеше бірмүшелердің көбейтіндісі көпмүше деп аталады.



өрнегі көпмүше болады ма?



өрнегі көпмүше болады ма?



Бірнеше бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады




Бағалау терезесі
Оқушылар тақтадағы "Бағалау терезесіне" стикерлер жабыстыру арқылы сабақ бойынша алған білімдерін бағалайды.







Т кестесі










А3 форматындағы қағаздар, маркерлер








Тапсырма жазылған парақша




















Дұрыс жауап тақтайшасы







"Иә" немесе "жоқ" парақшалары










Стикерлер

Сабақтың соңы

3 мин
Кері байланыс: Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Кері байланыс парақшалары

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деген оймен сабақ жоспарымды Блум таксономиясына салдым. Себебі сабақты Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау етеді. Блум таксономиясы оқушы қабілеттерінің танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталатындықтан, олардың білімін бағамдау мақсатында бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдандым. Топқа бөлуде мен физикамен пән аралық байланысты қолдану мақсатында Атомдар тәсілін қолдандым. Тақырып бойынша алдыңғы білімін анықтау үшін "Қайталау-оқу анасы" айдарымен өтілген тақырып бойынша не білетінін еске түсіре, ой жүгірте отырып, оқушылардың білімін бағдарлаймын.Сабақты бастамас бұрын оқушылардың назарын шоғырландыру үшін графикалық органайзер "Т кестесін" толтырады. Кері байланысты ауызша жүргіземін. Қолданатын мақтау сөздер: "Жарайсың!", "Керемет!", "Әлі де ойлан!". Түсіну кезеңінде Постер әдісін қолдандым. Оқушылардың болашақта таныстырылым уақытында өзін еркін сезініп, өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында. Одан соң жұптық жұмыс және жеке тапсырмалар бердім.
Оқушылардың сабақты қалай игергендігін конструктивті кері байланыс жасау, критериалды бағалау, "Бас бармақ", "Дұрыс жауап тақтайшасы" және Бағалау терезесі әдістері мен "Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?" кері байланысы арқылы не үйренгендігін, өзін бағалап, не үйренгісі келетінін айқын көре аламын.
Сынып бөлмесі желдетіп алынады, көзге арналған жаттығу жасалады.
Топқа бөлген уақытта оқушылардың әр түрлі жұмыс түрлерін орындауда еркін қозғалуына жағдай жасаймын.
Сынып бөлмесінің жарықтылығын қадағалаймын.
Интербелсенді тақтаны белгіленген уақыттан артық қолданбауды ескеремін.

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ