400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көпмүшелер. Көпмүшелерге амалдар қолдану" (7 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

№5 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абилгазина Тамара

Сынып: 7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Көпмүшелерге амалдар қолдану

Сабақ негізделген оқу мақсаты

7.2.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;

7.2.1.8 көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау;

7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;

Ойлау дағдылары

Білу, Түсіну, Қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады: Көпмүшеге амалдар қолдану ережелерімен танысып, есептер шешу дағдысын қалыптастыру. 

Оқушылардың көпшілігі істей алады: Көпмүшелерге амалдар қолдану орындалатын мәтін есептерді шығарады

Кейбір оқушылар істей алады: Көпмүшеге амалдар қолданып есептер шығара алады. 

Бағалау критерийі

- көпмүшелерді қосу және азайтуды орындай алады;

- көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындай алады;

-.көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындай алады.


Тілдік мақсат

Оқушылар көпмүшелерге амалдар орындау кезінде әр әрекетін ауызша дәйектеп айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминалогия: ұқсас мүшелер; көпмүшелерді қосу; көпмүшелер көбейтіндісі;

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіректер:

  • көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру үшін ... ;

  • ..., ұқсас мүшелерді біріктіру;

  • Жақшаларды ашқанда ...;

  • көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін ... ;

көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін ... .

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу;


Алдыңғы білім

Алгебралық өрнектерді түрлендіру және дәрежелерге амалдар қолдана алу. Тіктөртбұрыш ауданы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



Басы

10 минут

І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа әзірлікті бақылау.

  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қайталау: /Мақсаты: жаңа тақырыпты игеру үшін қажетті материалды еске түсіру, оқушылардың математикалық тілдік дағдыларын дамыту/

сұрақтар барлық оқушыларға қойылады, қол көтерген оқушылар жауап береді және жауаптар бірге талқыланады.

  • Бірмүше дегеніміз не?

  • Көпмүше дегеніміз не?

  • Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?

  • Кез – келген екі бірмүшені қосуға бола ма? Көбейтуге ше?

  • Қандай бірмүшелер азайтылады?

  • Көпмүше стандарт түрге қалай келтіріледі?

  • Бірмүшені дәрежеге қалай шығарады?

Қосудың қасиеттерін (ауыстырымдылық, терімділік және көбейтуге қатысты үлестірімділік) ата

7 сынып алгебра оқулығы

Смайликтер арқылы бағалау


Ортасы

25 минут

III. Жаңа ұғымды ашу

Әр оқушыға айнымалылары а, b болатын үшінші дәрежелі көпмүше құрастырып стикерлерге жазуды ұсыныңыз. Стикерлерді тақтаға жапсырып кез – келген екеуін таңдаңыз да, осы көпмүшелерді қосу (азайту, көбейту) керектігін айтыңыз. Оқушыларға көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту ережелерін өздері тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз.

  • Көпмүшелерді қосу не азайту үшін алдымен жақшаларды ашып аламыз, сонан соң ұқсас мүшелерді біріктіреміз

  • Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшедегі әрбір қосылғышқа көбейтеміз

а(b + c) = аb + аc.

  • Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әр қосылғышын екінші көпмүшенің әр қосылғышына көбейтеміз

(а + b)(c + d) = аc +аd + bc + bd.

Ескерту: қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылған «теориялық материалды» оқып, жаңа материалды өздігінен игеруді тапсыруға болады.

Топтық жұмыс:

1-топ

1. –(17х + 0,6у) – (5,3х – 8у) = ?

2. (d−8)(d+1) − (d+5)(d−15) = ?, егер

d =−0,19

2-топ

1. 21х2 – (-2х + (3,2х + 5 – 7х2)) – 1 = ?

2. t(2 – 3t)(t + 1) = ?

3-топ

1. 3(х – 3а + 7) – 2(а – 5х + 2) = ?

2. Егер a = 3c, b = 11c3 және x = 5c3+2, y = 6c2 − c + 11, z = 5c − 1 болса, 3x – ay + bz өрнегінің мәнін табыңыз.

4-топ

1. А = 5ab2 – 6c, B = -b2a + 11c, A + B = ?

2. = ?

Жеке жұмыс

1-тапсырма


1) Айталық, A = x 2 − 2xy +y 2 , B = 2x 2 − y 2 , C =x 2 − 3xy болсын.

а) A + B − C ;

  1. − A +B − C өрнектерін ықшамдаңыз.


Дескриптор Білім алушы

− жақшаларды ашады;

− ұқсас мүшелерді біріктіреді (қосады, алады).




Соңы

10 минут



Үйге тапсырма

Рефлексия /Мақсаты: сабақты қорытындылау, материалды жүйелеу/

Сабақ орындалған тапсырмалар бойынша оқушылар пікірлерін дәптерлеріне жазып тапсырады:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар жауаптары бойынша кері байланыс беріледі.

№2.50, 2.51


үлестірме қағаздар, презентация

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау топтық жұмысты ұйымдастырғанда пайдаланылады. Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар. Жеке жұмыс беріледі, оқушылар білімдері пысықталады.

Қиынырақ есептер беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату

Жеке тапсырмалар беру арқылы


Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 5 сынып математика оқулығы

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі