400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: көпмүшелер

Мектеп:№96

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:2

Сабақ тақырыбы

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу


Оқу мақсаты:

7.2.1.12

Алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу;


Сабақ мақсаттары

Барлығы: алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқалы көбейткіштерге жіктеуді біледі.

Басым көпшілігі: алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеуге есептер шығарады .

Кейбірі: алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқалы көбейткіштерге жіктеуге қиындығы жоғары есептерде қолдана алады .

Бағалау

критерийлері

Алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктейді.


Тілдік мақсаттар

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару,топтау тәсілдері,көпмүше,көбейткіштер.


Құндылықтарды дарыту




.

Өмір бойы білім алу,құрмет,ынтымыақтастық,ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Геометрия,информатика.

Бастапқы білім


Көпмүше ұғымы, ортақ көбейткішті табу, көпмүшені топтауды біледі.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Жаңа сабақты түсіндіру

Ресурстар

Сабақтың басы




Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңі арқылы психологиалық жағымды ахуал қалыптастырамын.

«Ерекше мозайка» әдісі арқылы топқа бөлемін.

Ширату жаттығуын орындау:15 оқушы шахмат секциясына қатысады,ал ал оның 3 оқушысы дойбы ойынына да қатысады.8 оқушы дойбыға қатысады,ал оның 4 оқушысы шахмат ойынына да қатысады. Сыныпта 26 оқушы бар.Секцияға қатыспайтын оқушы саны табу.

Кітап,Венн диаграммасы.

Сабақтың ортасы


«Амалдардың орындалу реті» әдісі арқылы тақырыпты оқушылар ашады. Мыналар кеспе қағазда кескінделген:төрт жақша таңбасы,бір көбейту амалы,екі бірінші басқыш амалдары кескінделген. Оны оқушылар мына түрге келтіреді (ac-bc)(ad+bd.)

«Джигсо» -әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, бір-біріне түсіндіріп, топтармен ақпарат алмасады .

Деңгейлік есептерді «бірге ойлаймыз» әдісі арқылы шығарады.

I.№. 3.106. Көбейткіштерге жіктеңдер:

1) 2a(x + y) + x + y; 2) 3b(x − y) + x − y;

2) 4a(m − n) + m − n; 4) x( p − q) + p − q;

3) 5a(x + y) − x − y; 6) 4a(m − n) − m + n.

Дескриптор .

1.Көпмүшелерді топтастырады

2.Топтасқан мүшелерден ортақ көбейкішті жақша сыртына шығарады .

3.Көпмүшені көбейткіштерге топтау әдісімен жіктеуді орындайды.

«Смайлик» арқылы оқушылардың тапсырманы қаншалықты менгергенін өздері білдіру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

II. «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргіземін.

№.3.108. Көбейткіштерге жіктеңдер:

  1. Х3+3x2+3x+9; 2) x2–xy–2x+2y;

Дескриптор .

1.Көпмүшелерді топтастырады

2.Топтасқан мүшелерден ортақ көбейкішті жақша сыртына шығарады.

3.Көпмүшені көбейткіштерге топтау әдісімен жіктеуді орындайды

Оқушыларға.№. 3.106; .№.3.108 есептерге графикалық органайзер құруды тапсырамын

«Смайлик» арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.



III.№3.121- Қиындығы жоғары есеп.

3.4-суреттің көмегімен n, m,

a, b айнымалыларының оң мәндерінде

mnabmambnanb теңдігінің геомет-

риялық мағынасын түсіндіріңдер.

Дескриптор.

1.Көпмүшені, бірмүшенің коэффициенттерін, көпмүшенің дәрежесін біледі.

2. Көпмүшені көбейткіштерге топтау әдісімен жіктеуді орындауды және керісінше көпмүше түрінде жазуды біледі.

3.(m+n)(a+b) көбейтіндісі сыртқы тік төртбұрыштың ауданы екенін анықтайды.m+n қосындысы тік төртбұрыштың еніне тең,а+в қосындысы тік төрт бұрыштың ұзындығына тең.

4.ma,mb,na ,nb көбейтіділері ішкі тік төртбұрыштардың аудандары екенін геометрия пәнінің аудан ұғымы тақырыбы бойынша дәлелдейді.

5.Геометриялық мағынасы: тік төртбұрыштың ауданы оның жай бөліктерінің ауданының қосындысына тең деп қорытынды жасайды.

Қалыптастырушы бағалауды «Қол сигналдары» әдісі арқылы жүргіземін.

Үйге берілетін тапсырма: 3.107. Көбейткіштерге жіктеңдер, 3.112. Өрнектің мәнін табыңдар, 3.124. Тізбектес екі санның көбейтіндісі келесі тізбектес сандардың

көбейтіндісінен 38-ге кем. Осы сандарды табыңдар.

Матаматика оқулығы,постер,сызғыш,

тақта.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар «БББ» әдісі бойынша рефлексия жүргізеді:

- нені білемін:

- нені білдім :

- нені білгім келеді :

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырма беремін.


Қол сигналдары, смайликтер арқылы.

Көзге, қолға, аяққа жаттығу жасау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі