жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. ҚМЖ 10 сынып ЖМБ алгебра 3 тоқсан
Таныстым:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Момынай жалпы орта білім беретін мектебі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Пәні: Алгебра ЖМБ
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі
|
Бөлім: |
10.3А Көпмүшелер |
|
|
Педагогтің Т.А.Ә. |
Алиева Гүлжан Аманкулкызы |
|
|
Күні: |
15.01.2024ж |
|
|
Сынып: 10 «Ә» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.2.1.7 - көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлуді орындау; |
|
|
Сабақтың мақсаты |
|
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
|
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын
сабаққа аудару Оқу мақсаттарымен таныстыру. Үй тапсырмасын тексеру. |
Жинақтала ды, сабаққа ынталанады. |
|
Оқулық. |
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақ түсіндіру. Егер P(x) = x3 – 8, T(x) = x2 + 2x + 4, Q(x) = x – 2 болса, онда P(x) = x3 – 8 = (x2 + 2x + 4)(x – 2) немесе P(x) = T(x) ∙ Q(x). Мұндай жағдайларда P(x)-ті T(x)-қа бөлінеді және P(x) ⋮ T(x) деп жазылады. Дәрежесі n ≥ 1 болатын P(x) және нөлдік емес T(x) көпмүшелері берілген болсын. Егер барлық x үшін P(x) = T(x) ∙ Q(x).⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀(1) теңдігі орындалатындай Q(x) көпмүшесі бар болатын болса, онда P(x) көпмүшесі T(x) көпмүшесіне бөлінеді немесе T(x) көпмүшесі P(x) көпмүшесін бөледі, ал (1) формуланы көпмүшелерді бөлу формуласы, Q(x) көпмүшесін бөліндінің мәні деп атайды. Бір көпмүше екіншісіне әрқашан бөліне бермейді, мысалы, P(x) = x3 – 8 екімүшесі x – 1-ге бөлінбейді. Әйтпесе x3 – 8 = (x – 1)Q(x) теңдігі орын алатын еді, мұндағы Q(x) – қандай да бір көпмүше. Бірақ x = 1 болғанда бұл теңдіктің оң жағы 0 мәнін қабылдайды, ал сол жағы (–7)-ге тең болады. Демек, x3 – 8 = (x – 1)Q(x) теңдігі ешқандай Q(x) мәнінде орындалмайды. Көпмүшелер жиынында мұндай жағдайларда орын алатын қалдықпен бөлу деген амал бар. Дәрежесі n ≥ 1 болатын P(x) және дәрежесі m ≥ 1 (мұндағы m ≤ n) болатын T(x) көпмүшелері берілген болсын. Егер барлық x үшін келесі (2) теңдік орындалатындай Q(x және R(x) көпмүшелері табылатын болса, онда P(x) көпмүшесі T(x) көпмүшесіне қалдықпен бөлінеді. P(x) = T(x) ∙ Q(x) + R(x).⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀(2) Мұндағы Q(x) – дәрежесі k = n – m болатын толымсыз бөлінді; R(x)-дәрежесі p < m болатын қалдық. (2) тепе-тең теңдігін көпмүшелерді қалдықпен бөлу формуласы деп атайды. Егер қалдық R(x) = 0 болса, онда P(x) көпмүшесі T(x) көпмүшесіне бүтіндей бөлінеді дейді. P(x) көпмүшесін T(x) көпмүшесіне қалдықпен бөлу үшін «бұрыштап» бөлу әдісінің алгоритмі:
Бұл амалдарды нөлге тең қалдық немесе бөлгіштің дәрежесінен кіші дәрежелі қалдық шыққанға дейін жалғастыру қажет. Мысал. P(x) = x5 + x4 + x3 + x2 + x + 1 көпмүшесі T(x) = x2 – x – 2 көпмүшесіне қалдықпен бөлінеді. Бөліндінің дәрежесін және қалдықтың мүмкін болатын дәрежесін анықта. Шешуі. P(x) = x5 + x4 + x3 + x2 + x + 1 бөлінгішінің (n) дәрежесі 5-ке тең, T(x) = x2 – x – 2 бөлгішінің (m) дәрежесі 2-ге тең, демек, толымсыз бөліндінің дәрежесі k = n – m = 5 – 2 = 3; қалдықтың (p) дәрежесі p < 2 болады. Жауабы: толымсыз бөліндінің дәрежесі k = 3, қалдықтың дәрежесі p < 2. Тапсырмалар орындау. Формативті бағалау тапсырмалары
Шығармашылық тапсырма: 1) 2) |
Жаңа сабақты меңгереді. Мысалдарды жазады Тапсырманы топтасып орындайды |
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған 7 ақпан 460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген