400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көптен безген көгермес

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптен безген көгермес əдебиеттік оқу 3сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

В.И.Шубин атындағы ЖББОМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Беккужина Бағила Салыққызы

Сабақтың тақырыбы: Көптен безген көгермес М.Қуанышбеков

Сабақтың мақсаты: Мысал ертегі мазмұнын түсініп, идеясын ашуға және

әдеби теориялық білім арқылы шығарманың жанрын

ажыратуға мүмкіндік беру. Шығарма құрылысын өз

бетімен талдауға, ізденуге,шығармашылық дағдысын

дамытуға жағдай жасау. Сыйластық, достық, бірлік

қадірін түсінеге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Трениниг: «Салемдесу»

Шарты: оқушылар ортаға шығады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сол кезде сіз көптен кездеспеген ескі досыңызды немесе сыныптасыңызды көрдіңіз. Сіздер ол кісімен қалай амандасар едіңіз. Осы сезімдерді пайдалануыңыз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Мұқаш Мәжікеевтың «Болар бала жасынан» мәтінінің түсінгенін сұрау

ІІІ.Өткенді бекіту

«Кубизм» әдісін қолданамын.

  1. Амангелдінің 4-5 жасқа келген кездегі ойнаған ойыншығы не еді?

  2. Амангелді атты неден жасаған?

  3. Амангелді қалай ойнады?

  4. «Мінгізші ана Үдірбайдың жетімегін! Құласа, жер көтереді», - деп бұйрық еткен кім?

  5. Амангелді асау атқа қалай мініп алды?

  6. Амангелді Иманов деген кім?

ІҮ.Жаңа сабақ

1.Қызығушылығын ояту. (миға шабуыл технологиясы)

Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді.


Б

А

Қ

Ы

Т

Т

Ы







Ұ

Я

Т





Ө




М







К


А

Қ

Ы

Л






І


Б

І

Р

Л

І

К




Н


Д

О

С

Ы






І




Қ

О

Р

Қ

Ы

Н

Ы

Ш

Ж

А

Н

А

Ш

Ы

Р





1.Балалар, сендер тәуелсіз елде тұрып жатырсыңдар. Тегін білім аласыңдар. Тамақтарың тоқ, киімдерің көп, ештеңе ойламайсыңдар. Сонда сендер қандай балаларсыңдар?

2. Өлімнен ... күшті.

3. ... - тозбайтын тон,

Білім - таусылмайтын кен.

4. ... болмай, тірлік болмас.

5. ... көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

6. Төбе шашы тік тұрды. (Қандай сөз тіркесі)

7. Мадина жолда келе жатып, жылап отырған кішкентай қызды көреді. Қасына барып, мән-жайды сұрап болған соң, Мадина оны үйіне апарып тастайды. Балалар, сонда Мадинаның жүрегінде қандай сезім пайда болды?

8. Бармағын тістеп қалды. (Қандай сөз тіркесі)

- Балалар, қандай сөз шықты?

- Құмырсқа

- «Құмырсқа» сөзіне ассоциация жасату.

2. Мағынаны тану

- Олай болса, бүгін біз өздерің жазған сезімдер мен ұғымдарды басынан кешірген кейіпкер туралы қызық мәтінмен танысамыз, - деп, сабақ тақырыбы және автормен таныстыру.

«Болжау» стратегиясы бойынша сабақты өзкіземін.

1-бөлім

Мәтінді басынан бастап, «Өзіңе ғана жинасаң, қиналмас та едің» деген жерге дейін оқытамын.

- Мәтіннен не түсіндіңдер?

- Қоңыз оған не деді?

- Қоңыз Құмырсқаға шынымен жаңашырлық ақыл айтты ма?

- Қоңызға кездескенге дейін Құмырсқа қандай еді? Дәлелде.

- Балалар, Құмырсқа өзінің өмірін өзгертеді деп ойлайсыңдар ма? Болжау

- Осы оқиғаның басталуында өздерің жазған сезімдердің қайсысы байқалды? (Жанашыр)

2-бөлім

Мәтінді әрі қарай «Бірде Құмырсқа ...» деген сөйлемге дейін оқу.

Мазмұнын талдау.

- Бұл үзіндіден қандай сезімдер байқалды?

- Әрина, бақыт. Құмырсқа бақытты ма? Оның бақыты ұзаққа созылуы мүмкін бе?

- Неліктен олай ойлайсыңдар?

- Әрі қарай Құмырсқаның тағдыры не болғаны туралы білгілерің келе ме?

3-бөлім

«Бірде Құмырсқа ...» деген сөйлемнен бастап, «Жататын орын қалмапты.» дегенмен аяқтау.

- Бұл үзінді қандай сезімге сай?

- Әрине, үрей. Неліктен?

- Құмырсқаны осы тұста ақын қалай бейнелеген?

- Енді Құмырсқанын жағдайы қалай болар екен? Болжау.

4-бөлім

Олай болса, әрі қарай құмырсқаға не болғанын білейік.«Сүйретіліп ...» деген сөйлемнен бастап, соңына дейін оқу.

- Ал, балалар бұл бөлім қандай сезімдерге сәйкес келеді?

- Құмырсқа неге жылады?

- Кәрі құмырсқа не деді?

- « Көптен безген көгермес» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Оқушылар, осы мысал ертегіден қандай ой түйдіңдер? Оқушылар пікірі

3.Ойтолғау

«Доссыз өмір сүру неге қиын» эссе жаздыру.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

«5 жолды өлең» стратегиясын қолданамын.

Зат есім. Құмырсқа

Сын есім. Еңбекқор, кішкентай

Етістік. Жүреді, қоректенеді, көтереді

Сөйлем. Құмырсқа қоңызға алданып қалды.

Синоним. Жәндік

Ү. Үйге тапсырма

- «Көптен безген көгермес» мысал ертегісін түсінгенін айту.

- Мәтінге байланысты сурет салып, мақал-мәтел жазып келу.

ҮІ. Бағалау

  • Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау. Жұлдызшаларға қарап

баға қойылады (сабаққа қатысқан оқушыларға жұлдызшалар таратылып отырамын).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі