жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көптілді білетін тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге қабілетті қоғамды құру негізі
Баяндама: Көптілді білетін тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге
қабілетті қоғамды құру негізі
Орындаған: Султанбекова Айкерим Жапбаровна
«С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі»
Электронды поштасы: sultanbekova.aigeriiim@mail.ru
Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білу – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністікпен сүйіспеншілікке жетелейді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Көп тілді білу – өмір қажеттілігі. Оқушыларға үш тілде білім
беру – заман талабы. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның жедел дамуын талап ететін кезең. Қазіргі кезде білім саласына қойылған талап та күшті, міндет те мықты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті ең бірінші оның білімділігімен өлшенеді» - деп атап көрсеткендей, бүгінгі білім беру ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Шығыс нақылы бойынша адамға абырой әперетін төрт іс бар екен: ол – құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш, ұстаздан ұлағатты білім алған шәкірт. Бұл жан-жақты дарынды, білімді ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығын меңзейтін өнегелі өсиет.
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың маңызды құралы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық тіл ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау қажеттігін атап көрсеткенін білеміз.
Ұлы Абай мен Ыбырай, біз олардың асыл қазынасымен әлі күнге дейін сусындап келеміз. Неге? Себебі олар сияқты бай сөздік қор мен әлемге деген зерек көзқарас ешкімде жоқ. Мәселен, Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арнап алғашқылардың бірі болып мектеп ашты. Ал мұндай дара идея сол «қараңғы» заманда ешкімнің де ойына кіріп шықпаған еді. Алайда Ыбырай ол «қараңғы» әлемді «жарық» етті. Себебі ол тіл білді, Н.И.Илминскиймен достасып, оның аса бай кітапханасымен сусындады, әлем классиктерінің үздік туындыларымен танысты. Иә, сол сәттерде оған бәрі жатырқай қарады, бірақ та ол мұндай негативті пікірлерге құлақ асқан жоқ, себебі ол шетел классиктерін оларға еліктеу, я болмаса дәстүрін үйрену үшін оқыған жоқ, бізден жүздеген жыл алда келе жатқан, көреген елдердің білімін қазақ балаларына да беру үшін оқыды. Осылайша ол сол кезде-ақ бәсекеге қабілетті ел жасауға алғашқы қадамды жасап кетті. Қазірде бізде үш тілді үйренуге деген үгітке үреймен қараушылық та жоқ емес. Алайда сіз өз еліңіздің шынайы патриоты болсаңыз, туған жеріңіз бен еліңізді сүйсеңіз, дәстүрі мен салтын құрметтесеңіз, сіз ешқашан да тілдік біліміңізді шолақ еліктеушілікке қолданбайсыз. Керісінше оны өз еліңіздің мүддесіне жаратасыз. Бәсекеге қабілетті елді рухани құндылықтарды сақтай отырып жасау мына бір өзіңіздің қолыңызда.
Ұлы Абай ХІХ ғасырдың өзінде-ақ: «Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек», - деп өзге тілдерді білу арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатынын айтып, тілді үйренуді өсиет еткені белгілі. Бабаларымыз «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» - деген қанатты сөзді бекер айтпаған болар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған үш тұғырлы тіл саясатына баса назар аудару қазіргі мұғалімдерге міндеттелді. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру – ұстаздардың борышы. Сонымен бірге, үш тілді білу, оны нәтижелі үйрену үшін оның тіл мағынасын түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы үш тілді білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Қара сөзбен әлемге таңдай қақтырған, әлем әдебиетімен тереземізді теңестірген Абайдың, қазақ қанына ғана тән суырып салма өнерімен талай жырды жырлаған ақын-жыраулардың ұрпағы, біздер, қазақ жастарына үш тілді жетік меңгеру қиын емес деп ойлаймын. «Оян қазақ» - ұрандаған Алаш азаматтары қаншама түркі тілдерін жетік меңгергені бізге мәлім. Сол Алаш жаққан отты сөндірмейік деп, тіл үйренген, білім қуған жастар біз боламыз.
Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде. Оқушы тілін үш тұғырлы тіл арқылы дамыту процесі бүгінде мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі.
Осы тұста айта кету керек, қазіргі таңда мен, өзім, тұрып жатқан, ауданымыздың Боралдай атты кішкентай ғана ауылының жастары үлкен болашаққа қадам жасауда. Енді олар Елбасымыз айтқандай «Қазақ баласы ғана емес, Планета баласына айналмақ». Осы тұрғыда атақты ақын Шалқар Әбішұлы сияқты тұлғаның немересі Досжан Шалқаров ауыл жастарына ағылшын тілін меңгерту мақсатында онлайн ағылшын платформасын құрды. Онда ағылшын тілінің білікті маманы Алия Байрамовна балаларға қарқынды түрде білім беруде. Олардың негізгі әрі басты мақсаттары сол – қарапайым ауыл балалары ақпарат тапшылығын көрмесе екен дейді. Қазір осы жобада С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің 22 оқушысы ағылшын тілін үйренуде. Онлайн сабақпен қоса Алия Байрамовна аптасына 1 рет мектепке келіп оқушыларға қиын болған тапсырмаларды орындауға бағыт-бағдар береді. Бәрімізге мәлім, қазіргі жаһандану заманында біз тек қазақ тіліндегі ақпараттармен ғана шектеліп қала алмаймыз. Ағылшын тілін жетік меңгере отырып біз шетелдік ірі, ең жоғарғы «Oxford», «Harvard» сияқты университеттердің күнделікті өткізіліп жатқан сабақтарын интернет желісі арқылы қарап, білімімізді жетілдіріп, ой-санамызды кеңейте аламыз. Және осындай жарқын болашаққа жетелейтін жобаның ауылымызда жүзеге асырылып отырғандығына өте қуаныштымын. Көп тілді білу, бұл бір құлыпқа бірнеше кілт иемдену емес пе? Ал осы кілттерді өзіміздің шәкірттеріміз иемденіп, сол кілт арқылы жарқын болашақ есігін ашып жатса қандай тамаша!
Үш тілде оқыту заман талабы, интернет желісінің үнемі пайдалану бірнеше тілді меңгеруге және қолдануға жағдай жасады. Оқу үрдісінде «Мадақтау», ( excellent – отлично – керемет; well done – молодец – жарайсың; verry good – очень хорошо – өте жақсы) «Сәлемдесу» (hello – здраствуйте – сәлеметсіңдер ме?; how are you? – как у вас дела? – қалдарың қалай?) ойсергектерін үш тілде жүргізу, сыныптастарын сыйлау арқылы өзара түсіністікке келген сынып бірлескен жұмыс барысында нәтижеге жетеді. Бірақ ол үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу модулі ықпалдастырылады. Себебі, оқушылардың сөйлеу, ойлау, жады, зейін, зерделеу қабілеттерін оқыту мен оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы «Қалай оқу керектігін үйрету» және «Диалогтық оқытуды» жүргізу жолдарын анықтауға болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұстаздар сьезінде «Қазақ тілін оқытуға әрқашанда басымдылық берілетінін айтты». Ағылшын тілін үйренудегі қажеттілік бұл – әлемдік беталыс, сонымен қатар, қазіргі заманға сай қажеттілік. Ал орыс тілін жетік меңгеру дегеніміз – сөз байлығы мол тілді жоғалтып алмау. Егер біз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген болсақ, біз үшін мол жетістіктер болып табылар еді.
Менің ойымша, көптілділік дегеніміз – біздің Елбасымыздың алға қойған мақсаты, сол мақсатқа жету жолында біз мол еңбектер жасауымыз қажет.
Көптілділік түсінігін педагог ретінде мен өз білімімді толықтыру, жан-жақты білім алу деп түсінемін. Кәсіби түрде тілдерді меңгеруге мақсат қою деп ойлаймын. Тіл үйрену барысында, сабақта «сергіту сәті» кезінде әндерді орындау арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, тілдерді үйренуге деген қызығушылықтары артады. Сонымен қатар, орындалған әндер мен тақпақтар балалардың есінде жақсы сақталады. Әндер мен тақпақтардың лексикалық мағынасын түсіну арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамиды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен бірлесе отырып, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақ барысында яғни сергіту сәтінде оқушылар қазақ тілінде,
( Көбелек, көбелек,
Қайда ұшып барасың,
Асығып биікке
Самғадың ғой сен көкке?) орыс тілінде,
( Бабочка,бабочка,
Где ты летаешь,
Так быстро и так высоко
В голубом,голубом небе?) ағылшын тілінде
( Butterfly,butterfly,
Where do you fly,
So quick and so high
In the blue,blue sky?) өлең, тақпақтарды мәнерлеп оқумен қоса, үш тілде жұмбақтар шешіп (look at my face and you see somebody, look at my back and you see nobody, посмотри на мое лицо и вы видите кого-то, посмотри на мою спину и ты никого не увидишь, маған қарасаң біреуді көресің, менің арт жағыма қарасаң ешкімді көрмейсің) өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Елордамыз – Нұр-Сұлтан, (Nur-Sultan is the capital of Kazakhstan, город Нур-Султан – столица Казахстана, Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстанның астанасы) көркем қала – Лондон ( London is one of the leading cities in the number of higher education institutions in the world, Лондон – один из городов – лидеров по числу высших учебных заведений в мире, Лондон жоғары дәрежедегі университеттердің саны бойынша көшті бастап тұрған қала) туралы әңгіме жүргіздік. Өз жұмыс тәжірибемнен байқағаным, оқушылар үш тілді меңгеруге құштар болып келеді. Олар үшін тілді меңгерудегі алғашқы қадамдар – сәлемдесу, танысу, айтылымға бағытталған. Тіл сабақтарындағы басты міндеттердің бірі – сөзді бұзбай өз қалпында, дұрыс айтуға жаттықтыру. Әр сабақ сайын дыбыстық жаттығулар жүргізу маңызды болып табылады.
Үштілді меңгеру мақсатын алға қоя отырып, мен өз білімімді жетілдіру міндетін талапқа сай орындауды ойлаймын. Оқушылар тілдерді үйрену арқылы халықтардың өзара мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысып, жақсы қарым-қатынастар мен достықтары қалыптасады.
Алға қойған мақсаттарға жету жолында педагогикалық көптеген еңбектер талап етіледі. Әр сабаққа жекеше дайындалу, сабақ барысында үштілділік элементтерін қолдану қажет. Ол үшін ақпараттық құралдар мен көркем жасалған, талапқа сай көрнекіліктерді қолдану аса маңызды. Аз жетістік болса да, алға жылжу – жақсы нәтиженің кепілі.
Қазіргі жастар еліміздің болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттік тілімен тікелей байланысты екенін жақсы түсінеді және сонымен қатар әлемдік үдерістің талабына сай көп тілді меңгерудің де өмір талабы екенін жақсы біледі. Адамдар ең бірінші бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды дейтін болсақ, сол тіл арқылы түрлі мәдениеттер арасындағы тілдесу диалогпен өркендейді. Тіл – әр ұлттың дәстүрлі мәдениетімен астасатын күрделі қарым-қатынас құралы. Қазіргі заманғы инновациялық технология бүгінгі күні еліміздегі орта мектепте білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ» - деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуге шақырды. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білу – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерлеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністікпен сүйіспеншілікке жетелейді», - Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын, орыс тілдерін терең меңгеруі керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылынан бері еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқу бағдарламасына енгізілді.
Бүгінгі таңда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізудің стандарты жоспарланып, 2019 жылдан бастап барлық мектептерге енгізу жоспарын қарастыруда. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Жалпы мектептерде практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайлар кездескен кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін, жұмыста немесе оқуда пайдаланады.
Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Қазіргі заманның талабы – көптілділік. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Яғни, жақсылық та – тілден, жамандық та – тілден. Кезінде Абай Құнанбайұлы «Біз орыс тілі арқылы дүниені танимыз» - деп айтып кеткен. Біздің тарихымыз орыс тілімен жанасып тұр. Бұл жағдайды жоққа шығара алмаймыз. Шынымен де, біздің көптеген ұлт зиялыларымыз білімді орыс тілінде алды. Сол заманда олар көп жаңалықтарды осы тіл арқылы біліп отырды. Содан кейін ғана оны халыққа ана тілінде жеткізіп отырды.Оған дәлел болатын нарсе сол заманда өмір сүрген ақын-жазушыларымыз орыс әдебиеті үлгілерін оқып қана қоймай, оны қазақ тіліне аударып жазып отырған. Ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетіндегі мысалдарды аударумен қатар оларды қазақ халқының салт-дәстүрі мен танымына сәйкестендіріп бірқатар өзгертулермен жазып отырды.
Қазіргі таңда күн сайын мыңдаған жаңа мағлұматтар шығып жатыр. Олар көбінесе ағылшын тілінде шығарылады. Көптілді және билингвалды білім беру үлгісін енгізудің идеялық негізіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан: «Бізге кейбір пәндерді оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласу керек. Бұл – біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет» - деген сөздері басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:
– бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;
– болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;
мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу;
Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Адам баласы жаңалыққа ұмтылмаса, әлемді танып білуге ешқандай әрекет жасамаса, ата-бабаларымыздан қалыптасып келе жатқан дәстүрлерімізді қалайша әлемге танытады. Үштілділікті үрейлі кейіпте елестететін кейбір ағаларымыз «мұны тілімізді, дәстүрімізді өшіру деп те қорқатындығын» жасырмаймыз. Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес. Ағылшын, орыс тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу – әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі болмайды. Біз елімізде үш тұғырлы тілдің болғанына түсіністікпен қараймыз. Демек, қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі жетіліп, жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңартуда жаңа қырлары ашылып, жүзеге асуда. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жүзеге асыруды және оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі-«Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы».
Әлемнің жаңалығының мол қоры үштілділік болғандықтан бізде осы тілдерді білуге, ұрпағымызға үйретуге күш салғанымыз жөн. Ол өзіңді ұмытып өзгелердің шалғайына жармасу емес, жаһандық үрдістің жайы мен жапсары осылай етуді талап етеді. Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білім және ғылым» қызметкерлерінің сьезінде сөйлеген сөзінде: «Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек. Бұл үшін өмір бойына жететін білім алу моделіне көшуге тиіспіз», - деген болатын. Демек, әлемдік дамудың талабына сай, бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, үштілділіктің қатаң талаптарына күш салуымыз керек.
Аннотация
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білім және ғылым» қызметкерлерінің сьезінде сөйлеген сөзінде: «Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек. Бұл үшін өмір бойына жететін білім алу моделіне көшуге тиіспіз», - деген болатын.
Қазір көптілді білім беру – мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көптілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты. Қазіргі жастар еліміздің болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттік тілімен тікелей байланысты екенін жақсы түсінеді және сонымен қатар әлемдік үдерістің талабына сай көп тілді меңгерудің де өмір талабы екенін жақсы біледі. Көп тілді білу – өмір қажеттілігі. Оқушыларға үш тілде білім беру – заман талабы. Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей, жаһандық жаңа үрдіске ілесуіміз керек. Қазақ Елінің жас ұрпағы үш тілді еркін меңгереді деп ойлаймын.
Аннотация
В своем выступлении на съезде работников «Образования и науки», президент Н. А. Назарбаев сказал: «Нам нужны креативно мыслящие специалисты, а не беспрерывно работающие пчелы. Мы должны перестроится в модель непрерывного образования».
Сейчас давать образование на двух или нескольких языках, раскрыть свои возможности, углубляясь в секреты всемирной науки, открывая просторы для свободного плавания в просторах знаний – считается самым нужным. Давать знания на нескольких языках – это основа развития многоязычной личности.
В данное время уровень становления и развития личности прямо зависит от его способностей и конкурентоспособности.
Современная молодежь связывает свое будущее со своей нацией и государственным языком, и понимает необходимость соответствия требованиям современности, а это знание нескольких языков.
Требование времени – знание языков, обучение детей на нескольких языках.
По словам Н. А. Назарбаева, мы должны идти в ногу требованиям времени.
Я думаю, что молодежь нашей страны освоит три языка.
Annotation
In his speech at the Congress of workers of «Education and science», President Nursultan Nazarbayev said: «We need creative-minded specialists, and not continuously working bees. We must be reorganized into a model of continuing education.»
Now give education in two or more languages reveal their capabilities, delving into the secrets of world science, opening up spaces free swimming in the vastness of knowledge are considered the most necessary. Giving knowledge in several languages is the basis for the development of a multilingual personality.
At this time, the level of formation and development of the individual directly depends on his abilities and competitiveness.
Modern youth connects their future with their nation and the state language, and understands the need to meet the requirements of modernity, and this is knowledge of several languages.
The requirement of time – knowledge of languages, teaching children in several languages.
According to Nursultan Nazarbayev, we must keep up with the demands of times.
I think that the youth of our country will master three languages Көптілді білетін тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге
қабілетті қоғамды құру негізі.
Түйінді сөздер:
Өз тілің – бірлік, өзге тілің – тірлік үшін.
Родной язык – для единства, иной – для дела.
Native language for unity, another for the cause.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
|
|
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларынан |
|
|
«Білім шыңы – Ғылым сыры» журналы 2017 жыл |
|
|
«Оңтүстік ұстаздары» газеті 2018 жыл |
|
|
« Қазақстан-2050» бағдарламасы |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген