жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көптілділік презентация
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№26 "Балапан" бөбектер бақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Көптілділікті еңгізу бойынша есеп ортаңғы «А» тобы
Тәрбиешілер:
Табулдинова Г.М
2018-2019жыл
Балабакшадағы тәрбиелеу- оқыту жұмысында балалардың тілін үш тілде дамыту, сөздік қорларын дамыту ,ауызша сөйлеуге үйренген сөздерін күнделік өмірде еркін қолдану,әрі оны күнделікті іс- әрекет кезіндедегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Сәбилер тобында дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі үш тілде жүргізіледі.Балалармен үш тілде сөздік жұмысын жүргізе отырып,оларды айналасындағы заттармен таныстырып , атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,түр-түсі және пішін ажырата білуге , өмірдегі,қоршан ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде үш тілде қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Есеп сабағында үш тілді қатыстыра отырып түстерді, сандарды, пішіндерді қазақша , орысша, казақша сөйлеп кейіпкерлер, батырлар рөлін ойнады. Әр мерекелерде үш тілде тақпақтар, өлеңдер жатады.
Апта сайын балабақшада үш тілде апталықтар өтеді. Апталықтарда балалар қызығушылығық танытады. Балалар үш тілде сөйлеу үшін мнемотехника схемасын қолданамыз, үш тілде үйрету барысында әр бір тақырыпта ойын түрлерін өз ара сөйлесу және мнемотехника үлгілерін қолданып отырамыз. Рөлдік ойын балалардың үш тілде үйренуге деген сенімін оятады, рөлдік ойындарда барлық балаларда бірдей рөл тиеді де, бір- бірімен міндетті түрде қарым- қатынасқа үш тілде түсініп сөйлеседі.
Балалардың сөздік корларын дамыту үшін : ойын, тапсырма, жаттығулар , мақал-мәтелдер және түрлі- түсті плакаттар қолдандық.
Осы тапсырмаларды орындағанда балалар айналасындағы нәрселерден өзіне қызықтысын ықыласын ауып таңдап алды. Баланың бір ерекше қасиеті үш тілде сөййлеуден еш жалықпайды.
Мақсаты: Ана тілінің базарлық құндылықтарының меңгерген, мемлекеттік және басқа да тілідерде мәдени- әлеуметтік өз ара қатынасқа дайын , айналасымен ауызша және ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге қабілетті. Мектеп жасына дейінгі көп тілді тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеті: Осы мақсатқа жету жолындағы талаптардың бірі есебінде үш тілде оқыту балалары фольклор мен санамақтар, тақпақтар, өлеңдер мен ертегілер және салт- дәстүрлермен , мерекелермен таныстыру арқылы үш тілінің тілдік қажеттілігінің деңгейін қалыптастыру. Қарым- қатынас жасай білу, қасиетін есте сақтау, қабілеті мен елестеу қиялды дамытудағы мәселерді шешуге болады.
Күтілетін нәтиже: Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, зейін сезімін қабылдау әрекеттерін дамыту. Үш тілде сөйлеуге, тілді құрметтуге, сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Мақсаты:
1)
табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері
жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2)
күз мезгілінің берекелі екенін айтып,
түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3)
балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ
іші күзгі суреттермен, мерекеге сай
сарғайған жапырақтармен
безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті
ұстаздар, ата - аналар, кішкентай
бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен
құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге
молшылық алып келсін.
Жүргізуші:
Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін
тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі
мерекеге балалар анасымен бірлесіп,
сән көрсетілімін дайындап келген
екен,
ана мен баланың сән көрсетілімін
бағалайтын әділқазы алқасымен
таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар
енді күзге арнаған тақпақтарымызды
айтайық.
1 - бала: Алтын күз, әсем
айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын
қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
2
- бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып
кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал -
терек,
Жапырағын жұлғызып.
3
- бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы
көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары
жібек көйлегін.
4 - бала: Окапывали
вишни.
Аскар сказал. – я лишний
Пять деревьев, пять ребят-
Я
напрасно вышел в сад.
5
- бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел
жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам
күзді мен.
Я носила воду, воду.
От колодца к огороду.
А потом носила сад,
Поливала десять гряд.
И на грядках- поглядика
Нынче выросла клубника
Спелых ягод я нарву
Всех
подружек созову
Жүргізуші:
Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар,
адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар:
Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші:
Ендігі кезекте, балалардың анасымен
бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін
тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып,
балалар анасымен күзгі сән үлгісіне
шығып, өздерінің және аналарының
киімдерін неден қалай дайындағанын
бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы
кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті
жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің
шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп
рахмет.
Балалар, мен сендерге
көкөністерімді, жемістерімді ала келдім.
Көкөніс пен жемісті қалай жақсы
көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі
бала қажет, олардың көздерін орамалмен
байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен
көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып
анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар
балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші:
Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған
«Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші:
Балалардың орындауында «Жапырақтар»
биі
Күз: Балалар билерің қандай
тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды
сынап көрейік, күзде қалай шапшаң
еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға
шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа
және қабығын үзбей тазалау қажет.
Жүргізуші:
Балалар, күздің алып келген көкөніс,
жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте
дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен
жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы
кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір
айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Алма: Мен алмамын,
алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Қызылша:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім
қанға нәр.
Зияным жоқ біліп
қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Өрік:
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа
көрікпін.
Қарбыз: Көрсең егер
бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл
қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп
алма.
Алмұрт: Мен алмұртпын,
алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Қауын:
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы
шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай
тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын
ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер,
мен сендерге ризашылығымды білдіріп,
сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға
алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған
әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді
көріп, билеріңді тамашалап көңілімді
көтердім. Рахмет сендерге, келесі
кездескенше.
Жүргізуші: Балалар,
барлығымыз күздің сыйына алғысымызды
білдіріп, шығарып салайық.
Балалар:
Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз:
Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші:
Ендігі кезекті әділ қазыларға
береміз.
Жүргізуші: Балалардың
орындауында «Жеміс тердім»әнін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз
атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға
рахмет.
«Қызықты
математика»
Білім
беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекет: Қарапайы математикалық
ұғымдар
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың
қарапайым математикалық дағдыларын
қалыптастыра отырып, геометриялық
пішіндерді тануға, тура және кері
жаңылмай санауға ынталандырып, тапсырмалар
арқылы ықпал ету;
Дамытушылық: Баланың
логикалық ойлау қабілетін, танымын
дамыту, зейінін, тез ойлауын, қызығушылықтарын
ояту.
Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа
тәрбиелеу
Мотивациялық-
қозғаушы:
Тәрбиеші:
Балалар
қараңдаршы, бүгін сондай ерекше күн,
сендер де, сондай әдемі болып кетіпсіңдер
жәнеде бүгін біздерге өздерің сияқты
әдемі апайлар қонаққа келген екен,
кәники, «сәлем-сөздің атасы» демекші,
келеген қонақтармен амандасып, бүгінгі
күніміз көңілді де, қызықты өту үшін
«дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер
құрайық».
Жаңа жыл ертеңгілігі
Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін
қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын
ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге
үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін
арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,
ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар көңілді әуен ырғағымен қолдарына қар ұстап келіп, билейді.
Әуен аяқталуымен «аққала» келеді.
Балалар: Қар жауғанда топ бала
Соқтық міне, Аққала
Ән «Аққала» орындалады.
Әннен соң ортаға бір бала шығады
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
1бала: Жаңа жылда жол болсын!
2 бала: Әрбір үйде той болсын!
3 бала: Берекелі жыл болсын!
4 бала: Ақ дастарқан мол болсын!
Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Шырша
шамын жағу сәті
Ән «Елочка» хор
1
бала: Аяз
ата келе ме?
Бізге сыйлық бере ме?
2 бала: Әрине, ата келеді
Бізге көп сыйлық береді.
Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.
Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз ата мұнда келмейді,
Сендерге сыйлық бермейді.
Балалар: Қалайша?
Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,
Сендерді таба алмай
Үйіне қайтып жетіпті.
Тәрбиеші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?
Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық
береді.Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.
Мұның артында бір шикілік бар сияқты.Ассамат,
Жанрус екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін біліңдер.
Екеуі: Жарайды, біз кеттік. (түлкінің соңына түседі)
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың
сықырын естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естіп тұрмыз.
Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Ән «Аяз ата» хор
Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық
толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,
жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?
Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді.
Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып
қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысы
дұрыс па, балалар?
Балалар: Жоқ.
Түлкі: Қулық-сұмдықты жоямын
Өнерге ден қоямын
Аяз атам мені кешірсе
Сыйлығына тоямын.
Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет.
Түлкі: Достарым менің келіңдер,
Бірге билеп көріңдер
«Аңдар биі» орындалады.
Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Билерің керемет екен.
Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық
Аяз атаға арнаған
Тақпақтарымызды айтайық.
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Аяз ата: Сағынғаныңнан айналдым! Азамат бол!
Аққырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны
Базарлықты баршаға
Әкеліпті ол тағы
Қарасын деп тамсана
Безендірдік шыршаны.
Тақпақтарды жаттадық.
Би биледік көрсін деп.
Аяз ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Бүлдіршіндер балалар
Би билеп, бірге ойнасын!
Би «Ұлпақарлар биі» орындалады
Жаңа жылды тойлайық
Ойнап асыр салайық
Атамыздың сиқырлы
Қолғабымен ойнайық.
Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры-
ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса,
сол бала бірден әнші болып шыға келеді.
Тәрбиеші: Рас па, олай болса, біз әзірміз.
«Қолғап» ойыны ойналады.
1.«Бәрін білгім келеді» орындайтын Айзере
2. «Зырлайды шанамыз» Досжан, Әлібек, Арман, Расул, Саят, Мәди
3.«Апатайым» орындайтын Ақтоты
Тәрбиеші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар әнші жұлдыздардан
кем түскен жоқ.Әншілерімізді қошеметтеп қояйық. Аяз ата,
қолғабыңыз бізге қажет екен, бізге қалдырып кете алмайсыз ба?
Аяз ата: Қалдырар едім, қарағым, бұл қолғап мен болмасам күшін жояды.
Тәрбиеші: Өкінішті. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатын
кез келді.Ұлуды шақырайық
Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын
Өзім сондай сұлумын
Жаңа жыл кілтін табыстап,
Жыланға сеніп берейік.
Тәрбиеші: Жаңа жыл неге кешікті,
Уақыт 12-ден асып кетіпті.
Аяз ата: Жаңа жыл менің қасымда,
Қорықпа, апай аптықпа
Жатыр мына корапта
Шығады қазір асықпа
Бір топ қыздардың орындауында «Жаңа жыл» әні орындалады.
Тәрбиеші: Қабағын еш түймейді,
Аяғы жерге тимейді.
Мерекеде шаттана
Күлдіргіштер билейді
Күлдіргіштерді қарсы алайық!
«Күлдіргіштер биі» орындалады.
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер
сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Тақырыбы:
Ғарышқа саяхат
Мақсаты: Көктем
туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем
ерекшеліктерін мерекелерді
естеріне
түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш, ғарышкер
туралы түсініктерін жетілдіру; ғарыш
әлемі және құпия сырларына деген
қызығушылықтарын арттыру; сөздік
қорларын молайту; еске сақтау, ой -
өрістерін, зейіндерін дамыту. Балаларды
батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен
бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Тәрбиешінің
іс - әрекеті
Амандасу: Қайырлы
таң!
Ормандар
мен далалар!
Қайырлытаң!
Достасқан
бар, балалар.
Қайырлытаң!
Біздіңбалабақшамыз.
-
Балаларқазіржылдыңқаймезгілі?
-
Көктемайларынбілеміз ба?
- Осы
көктеммезгілініңбіріншіайықалайаталатынеді?
-
Дұрысайтасыңдар, балалар. Ал осы
наурызайындақандаймерекелердітойладық?
-
Балалар, кәнебәріміз осы
көктемерекшеліктерінесімізгетүсіреотырып,
әуенарқылыкөрсетсекқалайболады?
Бұлттар:
Жеранағакөмегім
Жаңбырболыптөгемін,
Төмендеймін,
көлбеймін
Бөгелмеймін, өрлеймін.
Тамшылар:
Бұлттар, бұлттаройнашы
Күркіреп,
дүркіреп
Бұлттар, бұлттаройнашы
Сіркіреп,
дүркіреп.
Бұлттар: Нөсер, нөсертөк -
төк
Болсынегінкөп - көп
Сулар:
Сылдыр - сылдырсылдырлап
Суағадысыңғырлап.
Бау
- бақшаныаралап
Суағадыжағалап.
Тамшыларкетіп,
бұлттыңарасынанкүншығады.
Күн:
Құшағынашыпшуақты
Күнмін алтын
сияқты
Кемпірқосақ:
Мөлдірепмоншақшашылды,
Аспаншайдайашылды
Көкте,
қызыл, жасылды
Кемпірқосақасылды.
Құстар:
Көккеқанатқағамыз,
Көктемәнінсаламыз.
Гүлдер:
Бәйшешекпізқұлпырған
Көрікберердалаға.
Жарайсыңдар,
балалар,
мінекөктеммезгіліөзініңкереметерекшеліктеріменқуантадыекен.
Алкөктемнің осы айынешіншіайы?
- Осы
ай қалайдепаталады?
- Иә, бұлсәуірайында
да, бірүлкенмереке бар. Ол -
ғарышкерлермерекесі.
Жұмбақшешу:
Ұшады
қанатсыз
Зырлайдыаяқсыз.
/Зымыран/
Ұшқышемес,
бірақол
Аспандақалықтапұшады
Оны
кімдепойлайсындар? /Ғарышкер/
Ғарышкердегенімізоларғарышқа,
аспанәлемінеұшатынадамдар. Аспанәлемінде
де, көптегенғалам бар. Ал
біздержерғаламындаөмірсүреміз.
-
Балалар, сендерқандайәуекөліктерінбілесіңдер?
-
Иә, ғарышкерағаларымызғарышқазымыранменұшадыекен.
Оны ғарышкемесідепатаймыз.
Оларғарышқаұшыпбарып, аспанәлемінзерттейді.
Бізбүгінғарышкерағалармен,
аспанәлеміментанысамыз.
Бәрімізтақтағамұқиятқарайық.
Мынасуреттегіалғашғарышқаұшқанадам,
ол Ю. Гагарин дегенкісі.
Мынауғарышқаұшуғадайындалыпжатқанкезі.
Ғарышқақазақғарышкерлері де ұшқан.
Мынасуреттеөзіміздіңқазақғарышкерлері
- Т. Әубәкіровжәне Т. Мұсабаевдегенағаларымыз.
Бұлкісілереліміздіңмақтаныштары.
Оларержүрек, батыр, халыққаһармандары.
Осы кісілерсияқтыбілімді,
тәртіптіүлкеназаматболуымызкерек. Ал
мынауаспанәлемі. Аспанәлеміндекөптегенжұлдыздар
бар.
- Аспандатағынелерболады, балалар?
Ал
мынауұшуғадайындалыпжатқанғарышкемесі.
Оныменадамдараспанғаұшып,
аспанкеңістігінзерттейді.
МынауБайқоңырғарышайлағы. Ғарышкерлердіңбәрі
осы жерденғарышқаұшадыекен.
БайқоңырғарышайлағыолбіздіңҚазақстанда,
оныңішіндеҚызылордаоблысындаорналасқан.
Мынасуреттеғарыштағыадам, олүстінеарнайы
скафандр киген. Ғарыштаауажоқ,
сондықтанолжақта тек
осындайарнайыкиімменғанажүругеболады.
Балалар, бізғарышкерлертуралытақпақжаттағанедікқой.
Қанеесімізгетүсірейік, кімайтады?
Бүгін
Юрий ағаның
Ұшқанкүніғарышқа
Мен
аспанғақараймын
Мен
ғарышкерболамын..
Көккеұшамын
Ұшқырболарбаламын
Соңынанеремағаның
Ер
ғарышкерағаның.
Батыр болам
-
Көкаспандасүйемін.
Жұлдыздарғабарып
- келіпжүремін.
Сергітусәті: Бойымызды,
денеміздіоятайық.
Сәлемкөздер,
оянайық
Сәлемқұлақтар, оянайық
Сәлемқолдар,
оянайық
Сәлемаяқтар, оянайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген