400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

«Көрікті көктем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу. Көктем мезгілінің айларымен таныстыру және мезгіл мерекелері туралы қысқаша әнгімелеу, сәуір айында жүргізілетін сенбілік жұмыстары туралы қысқаша түсіндіру. Балалармен тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ





Ашық оқу қызметі

«Көрікті көктем»






Өткізген: мұғалім – дефектолог: Косаева А.Қ.







2020-2021ж


Тақырыбы: «Көрікті көктем»

Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу. Көктем мезгілінің айларымен таныстыру және мезгіл мерекелері туралы қысқаша әнгімелеу, сәуір айында жүргізілетін сенбілік жұмыстары туралы қысқаша түсіндіру. Балалармен тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: слайд, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Күн сәулесін бізге таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырай түс даламыз.

Қайырлы күн баршаға !

Қайырлы күн көрікті көктем даламыз!

Мұғалім :Жарайсыңдар!

Мұғалім: Сәлеметсіздерме балалар!

Ал енді орнымызға отырамыз.

Мұғалім: Балалар бүгін біз «Көрікті көктем» тақырыбында ашық оқу қызметін өткізгелі отырмыз.

Мұғалім:

  • Балалар қанша жыл мезгілі бар?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

  • Бүгін далада ауа- райы қандай?

  • Көктем мезгілінің айлары қайсы?

  • Бір аптада қанша күн бар?

  • Бүгін аптаның қай күні?

Жарайсыңдар, балалар!

Мұғалім:Біз өткен сабақты бір қайталап есімізге түсіріп алайық.

Мұғалім: Жарайсыңдар!



Балалар енді жаңа тақырыбымызға көшейік. Бүгінгі сабақта біз көктем мезгілі туралы әнгімелейтін боламыз. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін бақылаймыз, мерекелеріне тоқталып өтеміз және сәуір айында адамдардың сенбілік жұмыстары және ағаш отырғызу , егістікке дайындық жұмыстарына тоқталамыз.

Мұғалім:Сонымен балалар сендер көктем мезгілін жақсы көресіңдер ме?

Кім айтады көктем мезгілінің мерекелерін?

Дұрыс балалар көктем мезгілін барша адам жақсы көреді себебі күн жылып даламыз көріктене және ояна бастайды. Ол дегеніміз қар еріп, жер босап, ағаштар көгеріп гүлдей бастайды, құстар ұшып келеді , жерді жарып алғашқы бәйшешек гүлі шығады.

Мұғалім:Қане балалар онда біз бәйшешек гүлін жасайық.

Шығармашылық : «Бәйшешек гүлі»

Мұғалім: Балалар жарайсыңдар !

Мұғалім:Балалар көктем мезгілінде ауа- райы жылы болғандықтан адамдар мезгіліне қарай киім түрлерін ауыстырады. Көктем мезгілінің науырыз айының 22 де күн мен түн теңеліп күн ұзара бастайды. Балалар көктем мезгілінде таза ауада көп серуендеген жөн ол денсаулыққа өте пайдалы.

Мұғалім:Тыныс алу жаттығуы.

Мұғалім: Балалар көктем мезгілінде не көп болады?

Дұрыс жауын шашын көп болады, бірақ ауа- райы ашық және жылы болады.

Ойын : «Қолшатыр».

(шарты; жаңбырдың түстеріне қарай қолшатырды ажырату.)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Сендер негізгі және қосымша түстерді толық танып ажырата алады екенсіңдер.

Мұғалім: Балалар біз жоғарыда айтып өткендей көктем жаңбырлы, күн ашық, жылы болады. Көктем мезгілінің сәуір айында адамдар жер босағанда ағаш отырғызады, егіске жерлерін дайындайды.

Мұғалім: Қане балалар онда біз бірге бөлме гүлін отырғызайық.

Оған бізге не қажет?

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар!

Гүлімізді отырғыздық. Гүліміз өсу үшін не қажет?

Балалар: Топырақ, су, күннің көзі.

Мұғалім:Өте дұрыс балалар. Ағаштың , гүлдің өсуіне құнарлы топырақ, су, күннің көзі және қамқорлық керек.


Сергіту сәті:

Күн болып жанайық,

Су болып ағайық,

Терең – терең демалып,

Жүгіріп – жүгіріп алайық.

Мұғалім: Балалар сендер көрікті көктемді қалай түсінесіңдер және қалай көз алдарына келтіресіңдер?

Балалар сендермен тағы бір тапсырма орындайық.

Тапсырма: «Көрікті көктем».

(киылған суреттерден коллаж жасау)

Мұғалім:Жарайсыңдар балалар! Барлық керекті суреттерді таңдап алып көктем мезгілін көрсетіңдер.

Дидактикалық ойын:«Құстар ұшып келді»

(картоннан қиылған құстарды көрсетілген сандарға сәйке ағашқа жапсыру )

Мұғалім: Балалар сендер санап және сан таңбаларын таниды екенсіңдер.Жарайсыңдар!

Мұғалім: Көктем мезгілінің сәуір айында ауыл тіршілігінде адамдар егін егуге жерлерін дайындайды. Ауылда көктем мезгілінде жұмыс қызу үстінде болады. Ол дегеніміз көктемде егін егіп, күзде жемісін алып, қысқа дайындық жүреді.

Ойын: «Пішіндер»

(картоннан жасалған қояндарға пішіндерге ұқсайтын сәбіздерді жинауға көмектесу.)

Мұғалім: Сонымен балалар сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер сабақ барысында сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, берілген тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар, ойындарға да белсенді қатыстыңдар.

Мұғалім: Балалар жарайсыңдар !

Қорытынды: Балалар біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Не туралы әнгімеледік? Сабақ барысында көктем және көктем мезгілінің мерекелері туралы әнгімеледік. Алғашқы бәйшешек гүлін жасадық, көктем мезгілінде адамдардың сенбілік жұмыстары туралы айттық сонымен қатар бөлме гүлін отырғыздық , түстерді ажыраттық және ағашқа ұшып келген құстарды санадық , тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап бере отырып түрлі тапсырмалар орындадық.

Мұғалім: Жарайсыңдар ! Балалар сендерге үлкен рахмет әрі қарайда осылай сабаққа жақсы қатысыңдар.

Сау болыңыздар!.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13.03.2023
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі