Материалдар / "Көрікті көктем аруы" сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көрікті көктем аруы" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы» сайысы

Мақсаты: «Көрікті көктем аруы» сайысы арқылы сынып қыздарының өнерлерін тамашалау, оларды биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу; «Ана» жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, аналар мен қыз балалар туралы слайдтар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, т.б

Өту барысы:

Кіріспе сөз

1-жүргізуші: Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл-күй тілей отырып, 8-наурыз халықаралық аналар күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Көрікті көктем аруы» атты сыныбымыздың арулар сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырайық...

2-жүргізуші: Ал енді сайысқа түсетін аруларымыздың реттік нөмірлерін анықтап алайық. Ол үшін реттік сандарды суыруларыңыз сұралады.

(Қоржыннан реттік нөмірлерін суырады)

1-жүргізуші:

Ал халайық, ықыласпен демелік,

Арулардың бүгінгі сайыстарын көрелік.

Ақылы мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік.

2-жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз, біз білейік

«Тобымыздың мақтанышы» деп жүрейік.

Қазылардан — тек қана әділдікті,

Ал қыздарға — сәттілік біз тілейік!

1-жүргізуші: Алдымен сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:


1-кезең: «Мен қазақтың қызымын» деп аталады. Бұл кезеңде сынып арулары өздерін таныстырып өтеді.

2-кезең: «Анама арнаймын».

Бұл кезеңде ана туралы 2 немесе 3 шумақ өлеңді мәнерлеп жатқа айтып береді.

3-кезең: «Білгенге маржан». Сұрақ-жауап сайысы

4-кезең: «Мақал –сөздің мәйегі».

Ана туралы мақалдың жасырын сөзін табады

5-кезең: «Ас – адамның арқауы».

(дайындап келген тағам түрімен таныстырады)

6-кезең: «Өнерлі өрге жүзеді». Өнер көрсету сайысы


2-жүргізуші: Сонымен аруларымыз дайын болса, сайысымызды бастайық.


1-кезең: «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру кезеңі)

1-жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.

(Сынып арулары өздерін таныстырып өтеді)

2-кезең: «Анама арнаймын» (ана туралы өлең оқу)

1-жүргізуші: Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?

2-жүргізуші: Ана дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ шығар сірә. Осы үш қана әріптен тұратын «АНА» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр.

1-жүргізуші: Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 

2-жүргізуші: Ана туралы жырламаған ақын, ән жазбаған сазгер жоқ шығар. Олай болса, келесі кезекті «Ана» туралы жырға берелік...

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ, - дей отырып, «Анама арнаймын» кезеңіне кезек берелік. Бұл кезеңде аруларымыз ана туралы 2 немесе 3 шумақ өлеңді мәнерлеп жатқа айтып берулері тиіс. Олай болса, құлақ сап тыңдалық!



3-кезең: «Білгенге маржан»

1-жүргізуші: Ал, арулар сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар

2-жүргізуші: «Білгенге маржан» кезеңіне де келіп жеттік. Аруларымыз берілген парақшаларды суыра отырып, сұрақтарға жауап береді. Олай болса, аруларымызды кезекпен ортаға шақыралық.


4-кезең: «Мақал –сөздің мәйегі»

1-жүргізуші: Келесі кезең «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл кезеңде сендерге ана туралы мақал оқылады. Сендер мақалдың жасырын бөлігін табуларыңыз керек.


5-кезең: «Ас – адамның арқауы»

1-жүргізуші:

Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл тағам түрін.

2-жүргізуші: «Ас – адамның арқауы» кезеңіне де келіп жеттік. Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Қымбатты арулар, дайындап келген тағамдарыңызды таныстырып өтулеріңіз сұралады.

(Арулар дайындап келген тағамдарымен таныстырып өтеді)

6-кезең: «Өнерлі өрге жүзеді»

1-жүргізуші:

Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән сыйлашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады

«Өнер – ағып жатқан бұлақ» — дейді халқымыз. Келесі кезекте кішкентай аруларымыздың өнерлерін тамашалайық. Қабыл алыңыздар!

(Қыздар өнерлерін ортаға салады)

Мұғалім: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қошақаным»

Би: «Қара жорға»

 Балалар өздері жасаған ашық хаттарын аналарына табыстайды.

Қорытынды

1-жүргізуші: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз (әділқазылар сөзі) 



Жеңімпаздарды марапаттау.

2-жүргізуші: Осымен, 3 ә сынып қыздары арасында оздырылған «Көрікті көктем аруы» сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!