400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көрікті көктем Экологиялық онкүндік

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық тобының жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көрікті көктем»

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну, сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.

Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.Жауапкершілік сезімін ояту.

Тәрбиелік:Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,топпен жұмыс, көрнекіліктер,ойын, триз (жақсы-жаман), коллаж.

Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, құс ұялары суреттері, құстардың суреттері

Тәрбиеші:

Балалар бізге қонақтар келіпті алдымен амандасып алайық.

Балалар жылулық шеңберіне тұрады:

Сәлем бердім күнге мен,

Сәлем бердім аспанға,

Сәлем бердім жерге мен,

Сәлем бердім саған да

Сәлем бердік қонақтар

Табиғатқа , құстарға.

Ал енді балалар орнымызға жайғасып алайық

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

Табиғат дегеніміз не балалар ?

-Жер, су, ауа, тау-тас,өсімдіктер , жануарлар, құстар.

Балалар мен сендерге 1-шумақ өлең оқып берейін сендер бұл өлеңде не туралы екенін айтып бересіңдер ме?

Құстар , құстар келеді,

Даланы жырға бөледі,

Көктем келді деп бізге

Жылы хабар әкелді.

- Ал, көктемде не өзгерістер болатынын кім біледі, айтыңдаршы .

-Ия балалар, көктемде жауын –шашын көп болып, жер көгеріп, гүлдер өсіп, құстар жылы жақтан ұшып келіп бау-бақшамызда ән салып, сәнін кіргізеді.


Енді, балалар, біздер табиғатқа саяхат жасайық.

Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т.б.

Балалар біз табиғаттың ,өлі табиғат, тірі табиғат болып бөлінетінін білеміз.

-Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады?

Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)


Суреттермен жұмыс. Табиғат туралы әңгімелесу.

Табиғат туралы тиым сөздер.

Гүлді үзбе.

Көкті жұлма,

Суды төкпе.

Суға түкірме.

Ұяны бұзба.

Құмырсқаның илеуін бұзба.


Гүлдер туралы тақпақтар айту.

Аружан: Түймедақ

Түймедеймін, сары дақ ортасында

Тарала өскен ақ гүлі бар қасында.


Жанель: Қызғалдақ

Қырқалардың төрінен

Лаулап көзге ұрады.

Қызғалдақтар өңірді

Қып-қызыл ғып тұрады.


Айсана: Бәйшешек

Мен дегенім – бәйшешек,

Бірінші гүлі көктемнің

Бәйшешекті оятар

Баяулап түртіп, көктен нұр.


Мақал айту: Гүл – жер көркі, қыз – ел көркі. (хормен)

  • Құстың келуінен біз көктем келгенін білеміз. Ендеше құстар әлеміне саяхат жасайық. Суреттермен жұмыс.

- Балалар, біз құстарға қандай көмек көрсете аламыз?

- Құстардың бізге қандай пайдасы бар?

- Олар немен қоректенеді?

- Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Құстар жайлы қандай тақпақ білесіңдер?


Рустам:

Құстардың ғажап әлемі,

Табиғат берген тамаша.

Құстардың өтер өз тойы

Жылы ұя салған әр көлде.


Аңсар:

Құстар келіп құттықтап.

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.


Жансері:

Сәлем елдің көктемі.

Әлем енді көктеді.

Құрметпен бас иеді,

Құстарыңа көктегі.

Бекзат:

Сәуір келді міне жайнап,

Көктемнің бұл айы.

Құс біткеннен төгілген ән

Бейне көктем жырлары.


Алинұр:

Орман іші солқылдап,

Жаңғырып тұр түнімен

Ұрды ағашты тоқылдақ

Тұмсығының түбімен.


Мадияр:

Бүркітті қолыма аламын,

Құсбегілік құрамын.

Тау мен тасты аралап,

Түлкіні кеп қуамын.


Нұрәлі:

Тазалаймын үй-ішін,

Шыбын деген кеселден

Ел аузында мақтаулы,

Санитармын төселген.


Азамат:

Құс сұлуы – аққуым,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш аңшы.

Атуға көзі қимаған.

Мақал айту: Аққуды атпаймыз, достықты сатпаймыз (хормен)


- Балалар шаршадыңдар ма?

Онда сергіту жаттығуын жасайық:

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық,

Сауысқан боп секіріп,

Бүркіт болып самғайық.

Қане қанат жазайық

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.


Ертегілер еліне саяхат.

Ертегі «Көктемнің сәні»

- Балалар, сендер үшін көктемнің сәні не деп ойлайсыңдар?


Көркем іс-әрекет орталығына саяхат.

Шығармашылық тапсырма. 2-топқа бөлу. Коллаж құрастыру. «Көрікті көктем»


Сандар әлеміне саяхат.

Көгершіндегі сандарды ретімен атап орнына қойып, шыққан сөзді оқу.

«Құс – адал дос».


Ойын әлеміне саяхат.

«Тамаша» ойыны.

- Балалар, болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер.

Қазақстанымыз көркейіп, ауамыз таза, табиғатымыз сұлу болуы үшін сендердей ұландар өсіп келеді.


Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.


Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында ,

Жадырап жас балаша дем алайық!


Қорытындылау, қонақтармен қоштасу.



«Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОНКҮНДІК














КӨРІКТІ КӨКТЕМ












МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ СЫНЫП

«БАЛДӘУРЕН» ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ



Динбаева А.К.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі