Материалдар / Көрініс. Мың алғыс сізге, Мариям апа!

Көрініс. Мың алғыс сізге, Мариям апа!

Материал туралы қысқаша түсінік
Солақай саясат арқасына қазақ жеріне күшпен қоныс аударылғандар көп болды. Қазақ жерінен мейірім шапағат тауып, нәубет кезеңінде аман қалып, адам қатарына қосылған өзге ұлт өкілінің Мариям апаға деген шексіз алғысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
278
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көрініс. Мың алғыс сізге, Мариям апа!

Автор: Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің 59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ішкі істер халық комиссариатының мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мемлекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» шегаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белгіленіп тұруы тиіс болды.

Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізгендер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлық дүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таситын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразылық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтар-ға, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға ор-наластырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астында өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемиялық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшейіп кетті.

Мария: Жанат. Әне қарашы тағы да бір қора байғұстарды айдап келеді. Бұлардың елінен – жерінен безетіндей не жағдай болды екен?

Жанат: Мариям мұның бәрі саясат қой біз түсіне бермейтін. Әрине бұларға обал, бірақ түсінбейтін нәрсеге неге бас қатырамыз.Одан да байғұстарды тағы да қамқорлығымызға алайық.

Мариям: Дұрыс айтасың. Менде үш отбасы балашағасымен он бес адам бар. Қасқа сиырдың сүті жетпес. Су қосып көбейтіп, байғұстарға талғажау етпесек басқа амалымыз жоқ. Мына суықта аштан да өліп қалмасын.

Жанат: Амалымыз не. Бұларға біз жанашыр болмасақ, өкіметтің жаны ашымас. Жүр барып алайық.

(Мариямның үйі. Жан -жағына алақтап қорқа қараған екі бала алды 13- терде. Төсекте қисайған шешесі. Мариямның сөзін де түсінбейді. Сон да да берген суымен кішкене қатқан нанын алып, басын төмен қарата береді. Рахмет дегені болар.)

Мариям: Е, құдайдың ісіне шараң бар ма? Же байғұс бала. Мен сені, сен мені түсінбей отырмыз әлі осы ортаға бауыр басып, үйренісіп кетесіңдер. Атың кім? Твой зовут

Шешен бала: Меня зовут Махмуд, а братичку Султан. У мамы зовут Тамара, она больная.

Мариям: Не айтқаныңды түсінбесем де, аттарыңды білдім Махмуд, Султан, Тамара мына бергенді жеңдер. Бұл күн де ұмыт болар. Бар жақсылықты алдан күтейік.

Автор: Арада жиырма бес жыл өтті. Махмудтар еліне кеткелі де он жыл болған. Мариям есіне алғаны болмаса оларды да ұмыта бстады, өзінің де жасы келіп қалды.

Мариям: Баяғы мені паналаған балалар аман ба екен? Қандай азаматтар болып өсіпті екен. Мені есіне алар дейсің бе? Қайда болса да аман болсын.

(Сырттан машинаның даусы естілді. Үйге сұңғақ бойлы 40- тар шамасындағы жігіт кірді.)

Бала: Амансыз ба, Мариям апа! Бұл мен ғой баяғы жәутеңдеп дым түсінбей қарап отыратын Махмуд.

Мариям: Жарығым амансың ба? Жаңа ғана есіме алып едім. Анаң аман ба?

Махмуд: Жақсымыз апа, анам жолға жарап келе алмады. Сізге сәлем айтып, сәлемдеме беріп жіберді. «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» деген мақал бар емес пе. Біз сіздің мейіріміңіз бен ықыласыңызды ешқашан ұмытқан емеспіз. Бала – шағаңыздың аузынан жырып, бізді аман алып қалып, адам қатарына қосылуымызға себепші болдыңыз. Үнемі еске алып отырамыз. Сіздің жасаған жақсылығыңызды өлшеуі жоқ, сіз қамқорлығыңыз болмаса біз бүгінде тірі де болмас едік. Сіздің мейіріміңізден шынайы леп еседі. Бүгін сізге амандығымды білдіріп сәлем беріп, өз отбасымның атынан арнайы рахметімді айтып, сіздің дәміңізді татқалы келдім. Мың алғыс сізге, Мариям апа!

Мария: Саған да рахмет балам. Сенің бүгін келетініңді сезгендей еске алған екенмін. Келіндер, менің балам келді, шай дайындаңдар. Жүр ішке кірелік.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ