«Айгөлек»
тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің
технологиялық
картасы
Мерзімі:
17.02.2021ж
Білім
беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі:
«Көркем
әдебиет»
Тақырыбы:
«Айна»
(ертегісі)
Мақсаты:
балаларды
«Айна» ертегісімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік:
балаларды
ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі
айтуға үйрету ;
Дамытушылық:
сөздік
қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін
дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік:
адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс: керік
Қостілдік
компоненет: кірпі
- ёж, керік – жираф, қоян – заяц
Керекті
құрал - жабдықтар: кейіпкерлердің
суреттері
Әрекет
Кезеңдері
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Балалардың
әрекеті
|
Мотивациялық-
Қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер:
Еліміз
аман болсын !
Анамыз
аман болсын!
Деніміз
сау болсын!
Бақшамыз
гүлдене берсін!
Ғажайып
сәт:
Жұмбақ
жасырады:
Жылтырақ
бір әйнек,
Қарайсың
сәндене.
Күлсең
бірге күледі,
Қайталап
бәрін де.
Ол
не?
|
Жарты шеңберге
кілем үстіне отырады.
Қызыға, мұқият
тындайды.
Жұмбақты тыңдайды,
ойланып шешуін табуға тырысады.
|
Ұйымдастыру–
іздестіру
|
Кіріспе әңгіме.
Балалар,
менің қолымдағы қорапшаны ашып, қарап
, оған жымияйықшы, ол не істейді екен.
Бүгін
біз «Айна» туралы ертегімен танысатын
боламыз.
Жалпы
мазмұнын айта кетеді.
«Айна»
ертегісі.
Бір
күні орманда кірпі, қоян және керік
келе жатады. Олар ағаштардың арасынан
бір нәрсенің жылтырағанын көріп,
қарамақшы болып барады.
Кірпі
бірінші болып қарап: « Мынау кім?
Өзінің үсті басы тікенек – тікенек
, бойы да, құлақтары да кішкентай,
мұрны үп – үшкір екен», - дейді.
Екінші
боп қоян келеді. Ол қарап: «Жоға!
Қарасашы оның құлақтары ұп – ұзын,
өзі үлпілдеген, көздері қызыл , мойыны
да қысқа ғой », - дейді.
Ең
соңғы боп керік келеді. Ол қарап:
«Қайдағы мойыны қысқа? Мойыны да, бойы
да ұзын, құлақтары кішкентай ғой», -
деген екен.
Ертегіні
қайта оқып береді.
Әңгімелесу.
Сергіту
сәті:
Өн бойымды тік
ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем
Дұрыстап
Сәйгүлікше
жүруді.
Бір! Екі! Бір!
Екі!
(С. Қалиұлы)
Ертегі кейіпкерлері
туралы тақпақтарын сұрайды.
|
Қызыға қарайды,
өздерін айнадан көріп жымияды.
Тыңдайды,
суреттерге қарайды.
.
Иә, ұнады.
Әр баланың дербес
жауабы.
Қимылмен бірге
көрсетеді.
«Қоян»,
«Кірпі» туралы білетін тақпақтарын
айтады.
|
Рефлексивті–
түзетушілік
|
Қорытынды:
Балаларға
әртүрлі қимылдар жасатады:
Ұзын құлақ сұр
қоян,
Естіп қалып
сыбдырды.
Ойлы-қырлы
жерлермен,
Ытқып-ытқып
жүгірді.
Диалогты
сөздермен балаларға ертегіні рөлдер
арқылы ойнатады
Балаларды
мақтап, мадақтайды.
|
Қимылдар жасайды.
Рөлге
бөлініп ойнайды
|
Күтілетін
нәтиже:
Білу
керек:
ертегі
мазмұнын;
Болу
керек:
жануарлардың ерекшеліктері, айнадан
көрінетін бейне туралы түсінік;
Істей
білу керек: сөйлем
құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай
жеткізе білу, рөлге бөлініп ойнауды.
Орындаған
:Тәрбиеші:Б.Берекетова