400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем әдебиет А.Құнанбаев "Қыс " өлені

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиет А.Құнанбаев "Қыс " өлені Міндеттері: - Өлеңді оқып,мазмұнын түсіндіру - Балалардың сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту. - Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары.



Тәрбиеші: Кеңесбаева А.Б.

Тобы: Ақжелкен

Күні: 19.01.2022

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта. Қатынас»

Бөлім: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қыс » А.Құнанбаев өлеңі

Мақсаты: Балаларға өлеңін оқып, түсіндіру.

Міндеттері:

  • Өлеңді оқып,мазмұнын түсіндіру

  • Балалардың сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  • Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, сөздік дидактикалық ойын арқылы ойын қозғау, еске түсіру, сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, сергіту, жаттығу.

Блингвальды компонент: қыс-зима,-winter суық-холодно-cold қар-снег-snow, қаңтар- январь, ақпан- февраль

Мотивациялық қозғаушылық

«Қыс » өлеңін оқу. Балаларға қызс мезгілі қаңтар, ақпан айлары туралы түсінік беру.

Ұйымдастырушылық- ізденістік:

-Бүгін біз А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. (А. Құнанбаевтың өмір жолына суретін көрсете отырып, шолу жасау)

-Енді, балалар, Абай атамыздың «Қыс» өлеңін бірге жатайық

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
 Қар лақтырып ойнасақ,
 Су өтер қолғаптан.

Д/О: 02-9«Ңенің дыбысы ?» ойыны.

Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлармен таныстыру.

Рефлексивті- түзетушілік: Қорытындылау балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Қыс –жылдың ең суық мезгілі. Қаңтар, ақпан айлары.

Игереді : Ойларын толық жеткізе біледі.

Меңгереді: Қыс мезгілі туралы білімдерін менгерді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі